Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Лекция №30 Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру



бет107/109
Дата19.05.2023
өлшемі252,53 Kb.
#94850
түріЛекция
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

Лекция №30
Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру


Лекция жоспары:
1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімділігінің шарты.
2.Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинактап қорытындылау.
3.Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, талдап қорыту және ендіру кезеңдері.


1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімділігінің шарты.

Сынып жетекшісі оқу орнының тәрбие жүйесінде ерекше орын алады және сөз жоқ, өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі заманғы сынып жетекшісі - нәзік психолог және кәсіби шебер педагог. Оның тәрбиелік жұмыстары көп қырлы. Тәрбие мәселелеріне қатысты қолданылатын тәсілдер көптеген факторларға байланысты таңдалады. Ол және педагогикалық қызметтің өзіндік дербес стилімен де үйлесуі тиіс. Сынып жетекшісі бұларды теориялық таным-түсініктері мен педагогикалық интуициясына қарай реттейді. Ол мұғалімдермен де, оқушылармен де тез тіл табысады, мектепте де, одан тыс жерлерде де бірлесіп атқарылатын жұмыстарды іскерлікпен ұйымдастыра біледі.


Бәрінен бұрын, сынып жетекшісі – педагог маман. Оған тән лауазымдық міндеттер қатарында: оқушының тұлға ретінде өздігінен дамуы мен өзін өзі көрсете білуіне қолайлы жағдай жасау, сынып оқушыларының тәрбие жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу; оқушылардың әлеуметтену процесінде туындайтын проблемаларын, яғни құрбы-құрдастарымен, мұғалімдермен, ата-аналарымен қарым-қатынасына байланысты мәселелерін реттеуіне, кәсіби тұрғыдан өз бағдарын табуына, жоғары оқу орындарға тусуіне көмек пен қолдау көрсету секілді міндеттер де бар. Осыған байланысты сынып жетекшісі қай қырынан алып қарағанда да әділ, адал, ойы да, іс-әрекеті де таза адам болуы тиіс. Тек осындай ұстаз ғана өз шәкірттерінің ішкі жан-дүниесін түсінеді. Олармен бірге сүйініп, бірге күйінеді. Тек осындай ұстаз ғана тәрбиеленушілерінің сенімін бағалай алады, олармен қарым-қатынаста әрқашан сыпайы, әдепті қалпын сақтайды.
Тәрбиешінің шеберлігі оның оқушыларға дұрыс әрекет үлгілерін дер кезінде көрсетіп, дер кезінде жөн-жоба сілтей білуінен, олардың өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенімін арттыруынан, ынталандыра, көздерін жеткізе білуінен аңғарылады. Оқушыларға тәрбиелік тұрғыдан ықпал ету тиімділігі жоғары болуы үшін сыныппен байланыс та жоғары деңгейде болуы тиіс. Бұл оңай шаруа емес. Әдетте, сыныппен ортақ тіл табысу үшін едәуір уақыт қажет болады. Кейде жұмыс процесінде қайшылықты жағдайлар да туындайды. Сынып жетекшісі жүргізетін тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыруға қажетті шарттардың бірі педагогикалық әдептілікті сақтау болып табылады. Бұл тәрбиешінің ішкі және сыртқы педагогикалық мәдениетін көрсетеді. Педагогтың өз тәрбиеленушісімен қарым-қатынасындағы парадигмалық «педагог-оқушы» көзқарасы бұл күнде ескірді. Енді ол жаңа вариантта: «адам-адам» вариантында көрінеді. Бұл формула балаға адам ретінде «қалтқысыз құрметпен қарау» принципінен өз көрінісін тапты. Ол жаңа көзқарастың бастауына айналды. Мектеп мұғалімі оқушымен өзара қарым-қатынас барысында педагогикалық әдептілік аясынан шықпайды, оған қысым көрсетпейді, күлкі-мазақ етпейді. Өйткені бала жаны дөрекілікке, психологиялық қыспаққа шыдамайды, одан өте тез жараланады. Ал физикалық тұрғыдан дәрменсіз екендігін сезіну бала дамуында үлкен кедергі болып табылады. Педагогикалық әдептілік, ең алдымен, тәрбиеленушіні тұлға ретінде құрметтеуден, оған тиісті дәрежеде көңіл бөліп, сенім артудан, сонымен бірге оның мінез-құлық, іс-әрекетін қазымырлықсыз бақылай білуден көрінеді. Педагогикалық әдеп шектен тыс қамқорлыққа да, әкімшілдікке де жол бермейді. Ол бар жерде педагогикалық ықпал етудің дұрыс жолын тауып, неғұрлым тиімді шаралар қолдану да жеңіл болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет