Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, талдап қорыту және ендіру кезеңдері



бет109/109
Дата19.05.2023
өлшемі252,53 Kb.
#94850
түріЛекция
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

3.Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, талдап қорыту және ендіру кезеңдері.

Жалпы қорытынды педагогикалық процесті білдіретін барлық мәліметтерді салыстыру негізінде жасалады. Әрбір оқушының даму және қалыптасу динамикасын бақылау, оқу-тәрбие процесі мониторингін құрастыру сынып жетекшісінің өз жұмыс күнделігін жүргізуіне көмектеседі. Сынып жетекшісі күнделігіне мыналар қамтылады: – әріптестер өткізетін сабақтарға қатысу; – оқушылардың үйлерінде болу; –психологиялық-педагогикалық карталар жасау; – оқушылардың жеке жұмыстары; – ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру. Жұмыс күнделігінің формасын еркін түрде таңдап алуыңызға болады. Тек оны міндетті түрде үш бөлікке (тарауға) бөлу қажет. Бірінші тарауға сынып бойынша жүргізілетін жұмыстардың апталық жоспарлары енгізіліп, оларға әр апта сайын тиісті түзетулер ендіріліп отыруы қажет. Белгіленген жұмыстардың орындалу нәтижесі немесе олардың орындалмау себебі, туындаған проблемалар жөнінде мәліметтер келтіріледі. Екінші тарауға сынып оқушыларының фамилиялары алфавиттік ретпен беріліп, әрқайсысына кем дегенде алты парақтан қалдырылады: бірінші параққа оқушының мінездемесі, анкеталық мәліметтері, ата-анасы туралы деректер келтіріледі.


Екінші параққа баланың денсаулығына қатысты жәйттердің бәрін жазуға болады; үшіншісіне – оқу үлгіріміне байланысты (жетістіктері, проблемалары, педагогтарға, ата-анасына және оқушының өзіне арналған ұсынымдар); төртіншісіне – демалыс уақытын қалай өткізетіндігі туралы; бесіншісіне – оушының дос-жарандар аясы, адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктер жайлы жазбалар түсіріліп; соңғы, алтыншысына – отбасының бала тәрбиесіне қатысуы жөнінде сипаттама беріледі. Бұл парақтардың әрқайсысына мынадай ақпараттар жазылады: – бала қандай жолмен зерттелді; – ол үшін бірінші кезекте тұрған қандай проблемалар бар; – анықталған проблемаларды шешу жолдары және оларды қолдану тиімділігі. Үшінші тарауда сынып бойынша жүргізілетін жұмыстарды жазыңыз: 1. Сынып ұжымын зерттеу тәсілдері. 2. Сынып ұжымы дамуындағы проблемаларды айқындау. 3. Бұл проблемаларды шешу жоспары. Жұмыс күнделіктерінің жүргізілуін бақылау мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан жүзеге асырылады. Сынып жетекшісінің жұмыс нәтижесіне оңды ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады: тәрбиешілердің педагогикалық қызметіндегі ұжымдық сипат; мектеп педагогтарының тәрбие проблемасын мектеп шешуі қажеттігіне позитивті көзқарасы; сынып басқару ісін ұйымдастырудағы өзіндік ерекшеліктер. Бұл сынып жетекшісі жұмысында белгілі бір тәрбие технологияларының айрықша орын алуынан көрініс береді; мектептегі психологиялық қолайлы атмосфера; сынып жетекшісінің тәрбие жүйесін жетілдіруге саналы түрде атсалысуы; мектепте сынып жетекшілерін әдістемелік оқытып-үйрету жүйесінің болуы.
Қандай педагог сынып жетекшісі бола алады? Кәдуілгі кәсіби деңгейде оқытып, тәрбие беретін қатардағы сынып жетекшісі (тәрбиеші) бар. Сонымен бірге өз жұмысында педагогикалық шеберлік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатын сынып жетекшісі де болады.Көптеген сынып жетекшілері өзінің кәсіби шеберлігімен оқыту, тәрбие беру әдістемесін байыта түседі. Ал кейбір сынып жетекшілері нағыз педагогикалық жаңалықтар ашып, оқу-тәрбие ісіне соны жол салады, педагогикалық теорияларды толықтырады. Ресми критерийлермен қатар бейресми критерийлер де болады. Бұл өз балалық шағын эмоциональдық сезімдер деңгейінде есінде сақтаған педагог. Ол өзіне әділетсіз баға қойылған, КВН командасына қабылдамаған немесе керісінше, сынып алдында алғыс жариялаған, ата-аналар жиналысында мақтаған сәттерді ұмытпайды. Сөз жоқ, сынып жетекшісі көп нәрсені есінде сақтауы және көп нәрсені сезіне білуі тиіс.
Білім беру ісін жетілдіру жағдайында мектептің тәрбиелік функциясы айрықша мәнге ие болып отыр. Ол тәрбие ісіндегі басты мақсат – өскелең жастың заман талабына сәйкес өзін өзі тұлғалық тұрғыдан жетілдіруіне жағдай жасау. Педагогикалық процестің мазмұндық және ұйымдық жаңаруы кезінде басты бағыт тәрбие болып отыр. Тәрбие процесі пікірлестердің (балалардың, ата-аналардың, педагогтардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері) әр түрлі деңгейдегі: сынып-мектеп-отбасы-ықшам аудан-қала – өңір ынтымақтастығы, бірлескен әрекеті нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет