Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы



бет29/109
Дата19.05.2023
өлшемі252,53 Kb.
#94850
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

2.Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы.
«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» - «Жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау» - деп атап көрсетеді. Қай кезде де тәрбие мақсатын жүзеге асыратын орта және жоғары мектеп болып табылады. Оларда жастардың басым көпшілігі оқып, өмірге жолдама алады.Сонымен, оқу орындарының мақсаты - жастарды жан-жақты, жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары адамгершілік позицияларын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу. Бұл мақсаттар мынадай комплекстік міндеттерді талап етеді; дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты пайдалана білу - секілді әлеуметтік функцияларды дұрыс қабылдап пайдалана білуге әзірлеу, кәсіп таңдау, өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, жастардың өзін-өзі тәрбиелеуіне өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасау.Тәрбиенің нақты мақсаты - өз мүддесі мен қоғам мүддесін ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жастарды тәрбиелеу.
- оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялататын ұлттық рухты сініру, тіл мен әдебиетті, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрлерін меңгеру;
- оқушыларды интернационалистік рухта, өзге халықтардың мәдениетін, дәстүрі мен тілін құрметтеуге баулу;
- әрбір оқушының бойына оқып үйренсем деген іздемпаздылық қасиет дарыту, оларға өз білімін толықтыру, тереңдету тәсілдерін үйрету, білуге құштарлығын ояту.
- адам, табиғат, қоғам туралы ең қажетті білімдерін қаруландыру, политехникалық білім берудің қолданбалы бағытын күшейту.
- оқушыларды өздерінің әлеуметтік сұрныстарына сай етіп оқыту, саралап, даралап оқытуды кеңінен пайдалану, қаруларына қарай алғашқы кәсіптік және бастапқы арнаулы даярлықтан өткізу.
-бүгінгі күннің талаптарына сай нарықтық экономикалық элементтерін меңгерту, таланты мен қабілетін жетілдіру, ой-санасы мен еркін ұштап, өз мүмкіндігін барынша аша түсуге жәрдемдесу.
-жаңа экономикалық қатынастар, әлеуметтік сұраныс жас ұрпақты өмірге еркін араластыру үшін, оларға ұлттық, бүкіл адамзаттық рухани байлығымен таныстыру.
Тәрбие жеке басты мақсатқа сәйкес қалыптастыру процесі. Мақсат дегеніміз - бірдемеге ұмтылу, бір нәрсені іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты деп алдын-ала ойластырған жастарды өмірге әзірлеу барысында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесінде олардың жеке басының дамуын қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет