4.Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формалары. Тесттік және рейтингтік бақылау. Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға көптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ, тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау.
Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға көп уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады.
Тестілердің түрлері:
Ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу.
Арнайы қабілетті тестілеу.
Үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталган тестілер.
Жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер.
Үлгерім тестілерінің қорытындысы оқушылардың даму деңгейін толық сипаттамайды.
Тест құрастыруға қойылатын талаптар:
білім стандартына сәйкестігі;
қате жауаптарды енгізу;
дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек;
дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру;
бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі.
Алдын ала тексеру.Тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу материалдарын білуге байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды жасайды.
Ағымдағы бақылау.Тестілік бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қателері талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін білуге аударылады.