Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар



бет19/110
Дата19.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#108732
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   110
Байланысты:
Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция-emirsaba.org

3.Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар.
Білім алушылардың дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы əсерлер екi топқа бөлiнедi: iшкi жəне сыртқы. Қоршаған орта жəне тəрбие - сыртқы əсерлер: табиғи икемдiлiк пен құмарлықтар. Сыртқы тəрбие орта əсерлерiнен пайда болатын сезiмдер мен толғаныстардың жиынтығы - iшкi əсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екi фактордың байланысынан болады. Тəрбие адамның iшкi жан дүниесiне ұнамды қозғау салып, (өзiне бағдарланған) өзiндiк өңдеу белсендiлiгiн арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметiн орындай алғаны.
Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін төрт факторлардың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Тұқым қуалаушылық ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.
Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттіктер нышанының берілуін айтамыз:
  • дене бітімінің ерекшеліктері;


  • шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;


  • қан тобы, резус-фактор;


  • бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық процестердің өту ерекшеліктері;


  • қан аурулары, қант диабеті, кейбір эндокриндік бұзылушылықтар;


  • кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет