Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары



бет32/110
Дата19.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#108732
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   110
Байланысты:
Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция-emirsaba.org

Әлеуметтенудің үшінші сферасы – жеке тұлғаның өзіндік сана – сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» - бейнесінің қалыптасуымен байланысты.
Көптеген эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, адамның «мен» бейнесі бірден қалыптаспайды. Өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады.
Бүгінгі жасөспірімдердің әлеуметтену мәселелерінің көздері:
1.Интеллектуалды және физикалық күштің даму сәйкессіздігі және уақыттың шектеулігі, қажеттілікті қанағаттандыруда экономикалық лимиттің шектеулігі.
2.Өмірді қадірлемеу, пессимисттік көңіл - күйдің туындауына әкеледі.
3.Жастыққа табиғи дисгормония тән. Тілек пен талпыныс мінездің күштілігі мен еркінен бұрын дамиды.
4.Абстрактілі идеалдар және өмірлік жоспарлар.
5.Бүгінгі өмірге(ата-ананың қамқорлығынсыз) әлеуметтік және психологиялық бейімделу қиындығы және бұл қамқорлықтан тезірек құтылуға деген тілегі.
6. Ересек ұрпақ құндылықтарына қарама-қарсы және өзгеше «өзінің» идеалын табуға талпыныс.
7.Эгоцентризм және «отарлық сезім», «бір құтыда», оған қоса өзінің бірегейлігін сезіну.
8.Өзі таңдау жасауға талпыну, бірақ оған жауапкершілікті мойынға алмау.
Әлеуметтік-педагогикалық қолдау-тұлғаның әлеуметтенуіне бағытталған. Әлеуметтену түсінігін біздер қоғамдағы өмір сүру нормалары мен ережелерін, қоғамда қарым-қатынасты жасау іскерлігі мен біліктілігін игеру үрдісі деп түсінеміз.






Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.
2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.
3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.
4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С.
5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т.

Лекция №9
Тәрбиенің құралдары мен формалары, әдістері
1.Тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы.

2.Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.


3.Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы.
4.Тәрбие құралдарын, формалары мен әдістерін анықтаудағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет