Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру



бет45/110
Дата19.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#108732
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   110
Байланысты:
Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция-emirsaba.org

4.Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері, т.б.).
4. Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі.
Мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?
-баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында;
- баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
-баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;
-баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;
- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;
- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әр түрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;
- сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет