Лекция мәтіні: 1.Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбие процесі (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі. Тәрбие процесі - бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиелеушілер, тәрбие іс-әрекеті, тәрбиеші, оның тәрбиеленушілермен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратан біртұтас объектіні дамытады.
Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады. Тәрбие процесінде мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті - бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындағы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет.
Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі - тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупі туады. Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие ерекше орын алады. Бұл процестің орны мен ролі тұлға қалыптастыру процесі құрылымында тез байқалады. Тұлға қалыптастыру басқарушы, бақылаушы сипат алған тұтастығында, яғни адамдар саналы ниетпен, алдын-ала белгіленген жоспар мен міндеттерге сәйкес әрекет жасаған тұтас ортада тәрбие іске кіріседі. Тәрбие - бұл тұлғаны мақсат бағдарлы қалыптастыру процесі.
Тәрбие процесі - бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің нақты пәрменді бірлескен әрекеті. Тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралды. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады.Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әр бір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады. Алғашқы қауымдық қоғамдық құрылыста балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретуге тырысты. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар өндіріс құралдары құл иеленушінің жеке меншігі болды. Тәрбие таптық сипатта болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылды, байлығын молайту, басқаны құл ету үшін, соғыс өнеріне жайлап алу соғыстарын жүргізуге тәрбиеледі.
Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең басты мақсатына айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдеттері қарастырылды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, онсыз ілгері дамымайды. Таптық қоғамда реакциялық және прогрестік күштер арасында таптық тартыс орын алады.