Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.
2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.
3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.
4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С.
5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т.
6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ.
7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н.
Лекция№7 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі Лекция жоспары: 1.Тәрбиенің мақсаты – тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы.
2.Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер.
3.Әлемдік және ұлттық мәдениет – тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі.
1.Тәрбиенің мақсаты - тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие - материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді коғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Мақсат дегеніміз ֊бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты - жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.