Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Лекция №24 Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті



бет90/109
Дата16.10.2022
өлшемі344,98 Kb.
#43446
түріЛекция
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция (1)

Лекция №24
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті


Лекция жоспары:
1.Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары.
2.Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық технологиясы.
3.Еңбек күн тәртібі мен демалысты ұйымдастыру әдістемесі.


1.Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты және осы жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу табылады. Педагогикалық әдебиетті талдау барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінде тиісті шарттарды сақтауды қажет ететінін анықтауға мүмкіндік берді.
Денсаулықты сақтайтын білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере отырып ұйымдастыру, психологиялық жағдай жасау; оқушының денсаулығын рационалды сақтау; жүйелі білім процесін ұйымдастыру. Бұл үшін құрылымдық бөлімдер құрылуы мүмкін. Олар: оқушылар денсаулығын сақтау бойынша мектеп орталығы, әлеуметтік-психологиялық адаптация қызметтері, экология, дене тәрбиесі орындары, спорт залдар, білім гуманизациясы, творчестволық лабораториялар, пән оқытушыларының әдістемелік ассоциациялары және т.б.
Денсаулықты сақтауда және қалыптастыруда максималды нәтижеге жету үшін психологиялық жақсы жағдайлар болу керек. Ол дегеніміз - мектептегі балалар және үлкендердің ара-қатынасы, достық атмосфера бойынша балалардың достығы, әр түрлі творчестволық әрекетте тұлғаны қалыптастыру, өзінің психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай оқу және даму мүмкіндігі, творчество және әдемілік атмосферасы. Мектептегі балалардың негізгі әрекеті болып оқу табылғандықтан, дәл оқудағы табыстылық мектептегі оқушылардың жақсы жағдайына ықпал етеді, ал бұл әрқайсысы үшін өзінің жеке ерекшеліктеріне сай дамуға мүмкіндік беру арқылы іске асады. Осыған байланысты бүгінгі мектеп алдында балаларды дамыту және сақтау проблемасын тиімді шешуге мүмкіндік беретін формалар, әдістер және технологияларды табу мәселелері тұр. Мұндай мақсатты іске асыру барлық мектеп пәндерінің оқу потенциалын есепке алу кезінде ғана тиімді болады.
Жас өспірімдер әрекеті түрлерінің әртүрлілігі оқу және оқудан тыс уақытта іске асады. Оқудан тыс уақытта оқушылардың әрекеті әдетте сыныптан тыс жұмыста қарастырылады. Сонымен қатар, педагогикалық әрекетте сыныптан тыс жұмыс болып оқу процесінен тыс оқушылар және оқытушылардың мақсатты ұйымдастырылған әрекеті табылады. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту, оларға мамандық таңдау кезінде көмек көрсету, бос уақытын мәдени ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар оқудан тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым басшылығы көмегімен ұйымдастырылады. Осыған байланысты, педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылу және іске асуының маңызды принциптерін көрсетуге болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет