Лекция№2 Тақырыбы: Ж. Б. Ламарктің эволюциялық концепциясы


Ламарктың эволюциялық заңдылықтары



бет2/3
Дата21.09.2022
өлшемі75,5 Kb.
#39783
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
лекция 2 эволюция

Ламарктың эволюциялық заңдылықтары. Ламарк органикалық формалардың эволюциялық қозғаушы күшін өзі ұсынған заңдылықтарымен түсіндіреді.
«Мүшелердің жаттығу және жаттықпау» заңы
- Орта жағдайлардың өзгерісі өсімдіктерге немесе жануарларға тікелей әсер етіп, оларды өзгертеді. Өзгеріске ұшыраған кейбір мүшелер жақсы жұмыс істеп, жаттыға келе дамып жетіледі, ал басқалары көп қолданылмағандықтан, керісінше жаттықпайды да, біртіндеп жойылады. Мысалы, Ламарк пікірі бойынша тіссіз (кит, құмырсқа жегіштің) сүтқоректілердің тістерінің жойылып кетуі, олардың ата тектілерінің коректік заттарды шайнамай жұтуының салдарынан болса, жер астында тіршілік ететін жануарлардың көздері пайдаланбағандықтан қажетсіз мүше ретінде жойылуы.
Суда жүзетін құстарда саусақтарының арасында терісінің керілу салдарынан саусақ аралық жүзу жарғақтары пайда болған. Шөбі жоқ құрғақ жерде мекендейтін жираф үнемі бойын созып ағаш жапырақтарын үзіп жеп қоректенді. Осылай биіктегі жапырақтарға ұмтылып дағдыланғандықтан біртіндеп олардың алдыңғы аяқтары мен мойны ұзарған.
«Тікелей бейімделу» заңы
- Тіршілік барысында пайда болып, қажетті бағытқа толық сәйкестелген белгілер міндетті түрде тұқым қуалайды. Мысалы, су сарғалдағы (Ranunculus agvafilis) терең суда өссе, жапырақтарының бәрі су ішінде дамиды да жапырақ алақандары жіңішке тілімді болады. Егер су сарғалдағы таяз суда өссе, сабағы ұзарып, үстіңгі жапырақтары судағыға қарағанда өзгеше болып өседі. Бұл жағдайда төменгі жапырақтары жіңішке тілімді, жоғарғы жапырақтары жалпақ дөңгелек, ойық жиекті болады. Тағы бір өсімдік түріндегі тікелей бейімделуді айтуға болады. Жебежапырақ (Sagittaria sagittifolia) өсімдігінің су ішіндегі жапырағы таспа тәріздес болса, су бетіндегі жапырағы дөңгелек, су үстіндегі жапырағы жебе тәрізді болады.


14.Сүтқоректілер
13. Құстар

Жүйкелері бас миында жиналған, жүректері екі қарыншалы, жылы қанды.


12.Жорғалаушылар
11.Балықтар

Жүйкелері бас миында, бірақ ми қаңқасын түгел толтырмайды, жүрек-бір қарыншалы, суыққандылар.


10.Былқылдақденелілер
9.Мұртша аяқтар
8.Буылтықтылар
7.Шаянтәрізділер

Жүйкелері бас миында жиналған, тыныс алу үшін желбезектері бар, қан айналу үшін салатамыр, көктамырлары бар.


6.Өрмекші тәрізділер
5.Жәндіктер

Басында жүйке түйіндері бар, тыныс түтіктері бар, қан айналымы дамымаған.


4.Құрттар
3.Сәулелілер

Жүйке түйіндері жоқ, тамырлары жоқ, ас қорыту және ішкі мүшелері бар.

2.Полиптер
1.Кебісшелілер

Жүйкелері жоқ, тамырлары жоқ, арнайы ішкі мүшелері жоқ, ас қорыту мүшелері бар.

Ламарк адамның шығу тегі жайында өз ойын қорыта келе адам дене құрылысы жағынан басқалардан гөрі маймылға жақын деген пікір айтты.
Линней кезінен бері жануарлар кластарын орналастыру тәртібі айтылғандарға мүлде қарама – қарсы болатын; яғни сүтқоректілерден басталып қарапайым құрлысты құрттпен аяқталып келеді. Ламарк егер кластарды осылай (Линнейше) орналастырсақ, жануарлар систематикасына шолу жасағанда, олардың құрылысы деградациялағаны және қарапайымдалғаны байқалар еді деген пікір көрсетеді. Бұған керісінше, Ламарктың он төрт класты орналастыру бағытын алсақ, жануарлардың құрылысы баспалдақ сипатында біртіндеп күрделеніп отыратындығын – гродацияны көреміз. Мұнда он төрт клас алты сатыға орналастырлып, Ламарк ойынша бұлардың әрқайсысы келесіне органдарының негізгі системалары жөнінде нерв және қан тамырлар системаларының құрылысы күрделенуі жөнінен айырмашылықтары бар, мұнда да өсімдік топтарының құрылысының күрделігіне қарай орналасады ондай қатарлар (градация) жануарлар дүнйесінде де қарапйымнан басталып күрделі құрылысты денені организмдермен аяқталады. Бұл тәртіп органикалық формалардың қарапайымнан күрделіге, қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай тарихи даму процесі жүріп тұратындығын көрсетеді. Ламарктың пікірінше, орта факторлары өсімдік органдарына тікелей әсер етіп өзгертіп отырады. Ақырында, бұл бір мүшелердің пайда болуына және дамуына, басқа бір мүшелердің әлсіреуіне немесе жойылуына себеп болады. Егер бір түрге жататын особьтардың біреулері жақсы қоректенетін болса және өсуіне қолайлы жағдай болса, ал екіншілеріне қорек жеткіліксіз болса, бұлардың арасында елеулі айырмашылық байқалады. Жауынсыз құрғақ көктемде шалғындық шөптер нашар өседі, әлсірейді, аласа күйінде гүлдеп , жеміс береді. Көктемгі жауында болатын кездерде сол шөптер қарқындап өсіп кетеді.
Ламарк жануар организміне орта жағдайларының тигізетін ықпалын айта келіп, мұнда орта жағдайы өсімдіктердегідей тікелей әсер қана қоймай, жануарлардың нерв системасы арқылы жанама әсер етуі мүмкін деп қарайды. Ламарк орта мен бүкіл ішкі органдарды өз ара үйлестіру міндетін атқаратын механизм- нерв системасы екенін түсіндірмекші болады. Нақтылы материалдың тым аздығымен қорытындығын көлемділігі жөніндегі сәйкесіздік сол сияқты нервтік процестерді механикалық формада ұғыну XVIII ғасырдың табиғат зерттеушілеріне тән сипат болатын. Ламарктың ой өрісі де осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет