Лекция№2 Тақырыбы: Ж. Б. Ламарктің эволюциялық концепциясы



бет1/3
Дата21.09.2022
өлшемі75,5 Kb.
#39783
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
лекция 2 эволюция


Лекция№2
Тақырыбы: Ж.Б. Ламарктің эволюциялық концепциясы
Жоспары:
1.Ж.Б.Ламарктің дүниеге көзқарастарының философияның негізі.
2.Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы.
3.Эволюция себептерін баяндау.
Лекция мәтіні:
Ж.Б.Ламарк өзінің эвалюциялық теориясын “Зоология философиясы” деген еңбегінде баяндады. Бұл трактат 1830 жылы айтыстан жиырма жыл бұрын жарияланған болатын.
Ламарктың эвалюциялық ілімін талдауға кірісерде, ең алдымен оның философиялық және жалпы биологиялық концепцияларымен танысуға тиістіміз. Көптеген басқа деистер сияқты, Ламарк та материяны және табиғатты, яғни оның қозғалыс заңдарын құдай жаратты деп түсінеді. Құдіреттің жарату ісі осымен тынады. Табиғаттың барлық келешектегі дамуы, оның өз заңдары арқылы жүзеге асырылып отырылды.
Ламарк ақырғы мақсат (себеп) принципі жайындағы теология ұғымына қарсы шығып, табиғатта мақсат бар, ондағы әрекеттер санамен орындалып отырылады деп түсінуші табиғат зерттеушілері адасып жүр дейді. Ол рухты материяға қарама - қарсы қою дұрыс емес, себебі, бұл материяның функциясы деп қарайды. Материя белгілі мөлшерде жаралды, бірақ ол өзгерісте болатындықтан , онда үнемі жаңа түзіліс болып отырады.
Сыртқы жағдайлар органикалық және анорганикалық табиғатқа әр түрлі ықпал етеді: өлі денеге әсер етіп, оны бұзады: ал олар тірі денеге әсер етіп тіршілігін сақтайды. Өлі заттардың ұлғаюы , мысалы; кристалдың ұлғаюы сыртынан үстеп қосылу жолымен, яғни сол дененің сыртына жаңа бөліктердің қосылу жолымен жүреді, организмдегі ұлғаю, оның денесіне заттардың ену нәтижесінде болады, ол заттар тірі дененің заттарына ұқсас болып, денеге қосылып соның мүшесіне айналып отырады. Анорганикалық табиғат қоректі керек етпейді, органикалық табиғатқа қоректену процесі қажет, себебі, бұл денедегі ыдырау мен жаңару санымен байланысты. Өлі зат ұрықтан басталады. Ең ақырында, ешбір анорганикалық дене өлмейді, себебі онда тіршілік қабілеті жоқ, ал әрбір тірі дене сөзсіз өлуге тиіс.
“Сөйтіп өлі немесе анорганикалық денелер мен тірі денелердің үлкен айырмашылық , терең үзіліс (hyatus) бар; екінші сөзбен осы екі түрлі денелердің бір – бірінен алшақтығы сонша , ешбір анорганикалық дене ең қарапайым деген тірі денеге жақындаса алмайды. Тіршілік және денеде оны құрап тұрғандардың бәрі , тірі денелердің , барлық тіршілігі жоқ денелердей елеулі айырмашылығы бар көрсетеді”. Егер тірі денелердің осындай ерекшеліктері болса, онда олар тіршілік жайындағы өзінше ілім – биология пәнінің обьектісі болуы тиіс.

2.Ламарк жануарлар дүниесінің табиғи системасын дамыта отырып, К. Линней жасаған класты қосып алып, жануарларды он төрт класқа топтастырды. Ол өзінің системасында ең қарапайымдар (инфузория класы) мен ең күрделі құрылыстылар (сүтқоректілер класы) арасына құрылыс дәрежелерінің біртіндеп күрделенуіне қарай басқа барлық кластарды орналастырады. Алғашқы эволюциялық теория ХІХ ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы француз ғалымы Ж.Б.Ламарк 1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегі эволюция теориясы бағытындағы жолда ең маңызды баспалдақ болды. К.Линней сияқты Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едәуір жетілдірді. Ол Парижде «Жаратылыс тарихы» мұражайында омыртқасыз жануарлар кафедрасын 24 жыл бойы басқарғандықтан, оның зоология саласындағы ізденістері Линней еңбектерінен анағұрлым нақтырақ болды. Негізгі еңбектерінің бірі «Жәндіктердің табиғи тарихы» кітабында сол кезде белгілі омыртқасыздардың туыстары мен түрлерінің барлығы сипаттап жазылған. Ол омыртқасыздарды 10 класқа бөліп, қомекенділер мен жорғалаушыларды жеке кластарға бөлді. Ламарк өз жіктеуіне жүйке және қан айналу жүйелерінің құрылысын негіз етіп алды. Ол түрлердің құрылысын сараптай келе, тірі ағзалардың құрылымдары сатылап күрделенетіндігін байқады. Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалылардан – кірпікшелі кебісшеден басталып, сүтқоректілермен аяқталған. Мұнда барлық жануарлар 6-сатыға, 14 класқа жіктелу арқылы орналастырылған (1кесте).


Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарлауын (градация) көруге болады. Ламарк біртіндеп тірі ағзалар деңгейінің жоғарылауын және олардың күрделенуін сатылы көтерілу – градация деп түсінді. Демек, тірі табиғат әлемі өзгереді және күрделенеді деп тұжырымдады. Тірі ағзалардың өзгеруі ішкі ұмтылыс пен сыртқы орта жағдайларының әсерінен болатынын түсіндірді. Ол түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді.
Оның ілімі тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай тарихи даму болып табылатын эволюцияның бар екенін тұжырымдады. Бірінші болып ғылымға «биология» деген терминді енгізіп, жануарлар дүниесін омыртқалылар және омыртқасыздар деп екі топқа бөлді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет