Лекцияға керекті көрнекіліктер : " Биосфера және оның эволюциясы туралы ілім" пәнінің міндеттерін көрсететін сызба. Жоспары


Биосфераға антропогендік ықпалдар және әлемдік экологиялық проблемалар



бет3/4
Дата31.03.2023
өлшемі166 Kb.
#77996
түріЛекция
1   2   3   4
Биосфераға антропогендік ықпалдар және әлемдік экологиялық проблемалар

Адамзаттың тарихы - адамдардың табиғатпен өзара қарым-қатынастарының тарихы болып табылады. Әр түрлі дәуірлер бір-бірінен табиғатқа адамның қатынасымен, оны меңгеру ерекшеліктерімен сипатталады.


Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезеңді палеолит дәуірі деп атайды (ұзақтығы 2 млн. жылдан астам). Бұл кезде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Адамның табиғатқа, биосфераға әсері осы кезеңнің өзінен көріне бастады. Ол негізінен өсімдіктер жабынының өзгеруімен және жануарлардың жекеленген түрлерінің жойылуымен сипатталады. Палеолит дәуірінде адамдардың жекелеген ірі шөпқоректі жануарларды (мамонт, алып бұғылар, және т.б.) толық жойып жібергені дәлелденген. Аңшылық өнімдері адамдар үшін негізгі азық және шаруашылық қызметінде негізгі шикізат көзі болған.
Екінші аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады (б.э.д. VIII—VII ғасырлар). Бұл дәуір өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуына дейінгі кезеңді, яғни б.э. XVII ғасырына дейінгі уақытты алып жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағынан алғанда бұл кезең құл иеленушілік және феодалдық қоғамдар кезеңі болып табылады.
Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жырту, үй жануарларын жою нәтижесінде ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады. Археологиялық және палеоботаникалық зерттеулер қазіргі кездегі шөлдер Гоби, Қарақұм, Қызылқұм, Сахара шөлдерінің территориясын бір кездерде гүлденген өркениетті елдер алып жатқанын көрсетеді.
Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы техногенді дәуір басталады, яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады
Кеме қатынасының дамуы теңіз кәсіпшілігінің кеңеюіне, ең алдымен киттер мен басқа да теңіз жануарларын аулауға алып келді. Нәтижеде теңіз сүтқоректілерінің саны айтарлықтай кеми бастады.
Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Ол XVII ғасырдан бастан XX ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.
Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи ортаға әсері жаңа сипатқа ие болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы қуат өндіру бірнеше есе артты. Жаңа заттарды жасау, ластаушы заттардың үлкен территорияларда таралуына және ауыл шаруашылығының химияландырылуы-на байланысты адамның биосфераға химиялық әсерінің сапасы өзгерді.
XX ғасырдың ортасына қарай өндірістің қоршаған табиғатқа әсері кеңейіп, ғаламдық сипатқа ие болды. Нәтижеде табиғи ортаның сарқылуына байланысты өндірістің одан әрі дамуы мүмкін болмайтын жағдай қалыптасты, яғни экологиялық дағдарыс байқалып отыр.
Ноосфера - сана, ақыл-ой қабаты. Ғылымға ақыл-ой сферасы — ноосфера (грекше: "noos- ақыл-ой + sphaira - шар") терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, палеонтолог және антрополог Эдуард Леруа және палеонтолог Пьер Тейяр Шарден (1927 ж.) болды. Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. П. Тейяр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.
В.И.Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке» айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады. Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И. Вернадский мынадай қорытындылар жасады: ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады; биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар; биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді;тіршілік ортасы - биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы - адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге — ноосфераға өтуі табиғи процесс. В.И. Вернадскийдіц «Ноосфера туралы бірер сөз» деген мақаласы 1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.
Қазіргі кездегі туындап отырған әлемдік экологиялық проблемалар қатарына - климаттың өзгеруі,озон қабатының бұзылуы, биоалуантүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі,тозуы және т.б. жатады. Климатқа әсер жер шарының кейбір аудандарында соңғы жылдары биосфера үшін және адамның өзінің өмір сүруі үшін қауіпті болуға
айналды. Бүкіл дүние жүзінде адамның шаруашылық қарекетінің нәтижесінде жыл сайын атмосфераға ластағыш заттектердің түсу көрсеткіштері мынадай болды: күкіртдиоксиді — 190 млн т, азот оксидтері - 65 млн т, көміртек оксидтері — 25 млрд т, хлорфторкөміртектер (фреондар) — 1,4млн т. Жыл сайын отын жағу кезінде бұған қоса 700 млн тоннадан астам шаңды және газ тәріздес қосылыстар шығарылады. Осының бәрі атмосфералық ауада антропогендік ластағыштардың концентрацияларының артуына апарып соғып отыр. Бұл ластағыштар қатарында көміртек монооксиді мен диоксиді, метан, азот оксидтері, күкірт диоксиді, озон, фреондар және т.б. ластағыш заттектерді атауға болады. Олар "көшетхана эффектісі","озон қабатының" жұқаруы, қышқыл жағымсыз жаңбырлар, фотохимиялық у түтін секілді
зардаптарға себеп болып, ғаламдық климатқа елеулі әсер етеді. Атмосферада көшетхана газдары концентрациясының артуы климаттың ғаламдық жылынуына апарып соғып отыр: ауаның орташа температурасы индустриялыққа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 0,5—0,6°С- қа көтерілді, 2000 жылдан бастап бұл көтерілу 1—2° болып, 2025 жылға қарай 2,2-2,5°С-қа жетуі мүмкін. Жер биосферасы үшін климаттың бұлай өзгеруінің әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі (сулардың көтерілуінің қазіргі жылдамдығы жүз жылда шамамен 25 см), "мәңгі тоң" тұрақтылығының бұзылуы (грунт еруінің артуы, термокарстың активтенуі жоне т.б.) секілді экологиялық зардаптары болуы мүмкін.
«Климаттың өзгеруі» дегеніміз адамдардың тікелей немесе жана түрдегі іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған климаттағы өзгерістер;бұлар орасан зор атмосферадағы өзгерістер,оны салыстыруға болатын уақыт аралығындағы табиғи және антропогендік өзгерістерден байқаймыз.
Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының ең маңызды көрінісі - табиғи экожүйелердің кедейленуі ,яғни биоалуантүрліліктің кемуі болып табылады.Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
Қышқыл жауындардың пайда болуының негізгі себебі күкірттің қос оксидімен ластану болып табылады. Су буының қатысуында күкіртті ангидрид күкірт қышқылының ерітіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінен көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі. Оларға органикалық қышқылдар мен басқа да қосылыстар араласьп, қышқыл реакциясы бар ерітіндіні береді. Қышқыл жауынның түзілуіндегі күкірт қос оксидінің үлесі 70%. Қышқыл жауынның жаууына көмірқышқыл газы да үлесін қосады. Оның үнемі болуына байланысты жауын-шашынның атмосферадағы рН 5,6-ға тең болады. Алғашқы қышқылдық жауындар 1907- 1908 жылы Англияда байқалған. Қазіргі уақытқа дейін рН 2,2-2,3 болатын жауын-шашындар тіркелген.
Қышқыл жауын-шашын топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға және т.б. зиянды әсер етеді. Топыраққа келіп түскен қышқыл жауьш-шашындар катиондардың қозғалғыштығы мен шайылып кетуін арттырады, редуценттердің, азотфиксаторлардың және басқа да топырақ ортасының ағзаларының белсенділігін төмендетеді.
Озонның жұқаруы. XIX ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған(1987 жылы Антарктида,1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында).Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып "озонның жұқару" себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі - хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып,космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Шөлдену - бұл адамның шаруашылық қарекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сирек, шөлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы. Шөлдену кезінде биологиялық өнім мен түр молдығы азайып, топырақтың құнарлылығы кемиді.
Қазақстанда туындап отырған Ұлттық экологиялық проблемалар: экологиялық апат аймақтары (Арал,Семей ), Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игеруге байланысты проблемалар, су ресурстарының сарқылуы және ластануы , байырғы ластанулар, трансшекаралық сипаттағы мәселелер ,әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет