2. Пәннің қысқаша сипаттамасы. Бүгінгі күн талабы тарихты оқытудың жаңа парадигмасын қалыптастыруда болып табылады. Бүкіл дүние жүзіндегі білім берудің негізгі тенденцияларына сәйкес жоғарғы мектеп оқытушыларының жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту жүйесі олардың білім берудің жаңа технологияларын меңгеруін талап етеді.
Қоғамның дамуы мен демократиялық құндылықтардың қалыптасу жағдайында егеменді мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі ұлттық тарихты өркендету болып табылады. Тарих сабақтарын терең талдамай, ұрпақтар сабақтастығын қалпына келтірмей, еліміздің тәуелсіздігі нығаюы мүмкін емес.
Қазақстанның көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы курсы нақты тарихи материалдарды пайдалана отырып, ғылымилық әрі тарихилық ұстанымдар негізінде қоғамдық-экономикалық құбылыстарды талдау арқылы Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың қалыптасу және даму процестерін объективті түрде ашып көрсетуге бағытталған.
Қазақстан тарихын оқыту барысында тарих ғылымының жаңа жетістіктері мен қазіргі кезеңнің жаһандық өзекті мәселелері негізінде отандық тарихтың негізгі кезеңдерінің басты және жалпы бағыттары көршілес мемлекеттерді мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетімен өзара байланыста және өзара әрекеттестікте ашып көрсетіледі.