Лекциялар жинағы алматы ерте және орта ғасырлардағЫ Қазақстан


ХІХ Ғ. ІІ-ЖАРТЫСЫ – ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН



бет31/40
Дата10.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#91604
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
Kazahstan taryihy -2022-2023 (1)

ХІХ Ғ. ІІ-ЖАРТЫСЫ – ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН


1. Қазақстан­ның XX ғ. ба­сын­дағы әле­уметтік-эко­номи­калық жағдайы.
Отар­лық қоныс­танды­ру са­яса­тының күшеюі. Сто­лыпин аг­рарлық ре­фор­ма­сы.
2.Бірінші орыс революциясы жəне оның Қазақстанға əсері. Алаш қай­рат­керлері.
3.Қазақстан Бірінші дүни­ежүзілік соғыс ке­зеңінде (1914–1918) Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азат­тық көтерілісі.
ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің əлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, əсіресе, олардың ірі əкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген халықтың шаруашылығында жəне мəдени, қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқаруымен сипатталды. XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көпұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы - Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары - Дала генерал-губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының аумағы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды. Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нəтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дəлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917 жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай цифрларды аңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша 1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3%, ал 1907-1916 жылдарда - 15,3%; Ақмола облысы бойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылы 33,0% 1917 жылы 55,7% дейін өскен де, осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Ал, қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едəуір төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда - 25,7%, Сырдарияда - 25,6%, Оралда - 20%, Семейде -15,6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың жəне басқа да ұлт өкілдерінің, империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты əсер еткендігін аңғаруға болады.Ал, жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар бүкіл өлке халқының 87%-ынан 95%-ына дейін құрады да, өлкеде бұлардан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер, мордвалар жəне басқа да ұлт өкілдері қоныстанды. Ерекше назар аударатын тағы бір жайт - ол өлке тұрғындарының 90%-ынан астамының ауылдық жерлерде қоныстануы еді. Олардың негізгі кəсібі ежелден келе жатқан мал шаруашылығы болатын.
Сонымен қатар, XX ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі кəсібіне айналды. Қоныс аударған орыс шаруаларынан басқа, егіншілікпен жергілікті қазақтар да айналысты. 1897 жылғы санақ бойынша, өлке халқының 55,4%-ы егіншілікпен шұғылданған. Сонымен, XX ғ. басындағы Қазақстандағы əлеуметтік-демографиялық ахуалға талдау жасаған кезде, жалпы өлкедегі патшаның отарлау саясатының кең белең алғандығын еркін аңғаруға болады: біріншіден, өлкедегі халықтың көпұлтты құрамының қалыптасу үрдісі күшейе түсті; екіншіден, байырғы халықтың үлес салмағы кеміді де, келімсек халықтың, негізінен алғанда, орыстар мен украиндардың үлесі өсті; үшіншіден, қалалар мен олардағы халықтың біршама өсуі байқалып, оның құрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген қоныс аударушылар мен отаршылдық-əкімшілік пен кəсіпкерлікке байланысты əлеуметтік жіктер мен топтардың басымдылығы толық аңғарылады.
П. А. Сто­лыпин 1906–1911 жыл­да­ры Ми­нист­рлер Кеңесінің төрағасы болған кез­де өзінің аг­рарлық ре­фор­ма­ларын әзірледі. Оның бірінші шар­ты ша­ру­аны жердің иесі етіп бекіту бо­латын. П. А. Сто­лыпиннің аг­рарлық са­яса­тының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл Се­нат­тың қара­уына берілген 1906 жылғы 9-қара­шадағы «Ша­ру­алар­дың жер иеле­нуіне және жер пай­да­лану­ына қатыс­ты қол­да­нылып жүрген заңның кейбір қаулы­ларын то­лықты­ру ту­ралы» жар­лық. Ол III-Мем­ле­кеттік Ду­мада 1910 жы­лы 14 ма­усым­дағы «Ша­ру­алар­дың жер иеле­нуі жай­лы кейбір қаулы­лар­ды өзгер­ту мен то­лықты­рулар ту­ралы» заң етіп қай­та қара­лып то­лықты­рыл­ды.
1911 жылғы 29-ма­мыр­да «Жер­ге ор­на­лас­ты­ру ту­ралы» заң қабыл­данды. Аг­рарлық ре­фор­ма­лар бойын­ша ша­ралар­ды жүргізу оның ба­рысын­да ша­ру­алар­дың көшіп-қону­ына еркіндік берілді, нәти­жесінде олар­дың шет ай­мақтарға, со­ның ішінде Қазақстанға жап­пай көшуі кеңінен өрістеді. 1910–1911 жж. жаңа эко­номи­калық өрле­уге бай­ла­ныс­ты Қазақстан­да ереуілдік қозғалыс­тар жан­да­на түсті. 1911 жы­лы ма­мыр айын­да Пе­ровск және Түркістан стан­ци­яла­ры теміржол ше­бер­ха­нала­рының жұмыс­шы­лары, «Ат­ба­сар мыс ру­дала­ры» ак­ци­онерлік қоғамы руд­никтеріндегі кеншілер ереуілге шықты.
1912 жы­лы Ре­сейдің жұмыс­шы қозғалы­сын­да жаңа ре­волю­ци­ялық өрлеу бас­талды. Сол жылғы ма­мыр­да Қазақстан­да Спасск мыс қоры­ту за­уытын­да бас­талған ереуіл 1913 жыл­дың ма­усым айына дейін со­зыл­ды. 1913 жылғы қыркүйек­те Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кен­дерінде болған жұмыс­шы­лар­дың толқуы 1914 жыл­дың бірінші жар­ты­сын­да Ембі мұнай­шы­лары­ның ереуілдерімен ұлас­ты. Жаңа ре­волю­ци­ялық өрлеу кезінде Қазақстан­ның жұмыс­шы та­бы жа­лақыны арт­ты­руға, қожайын­дардың айып­тарды көбей­ту­ден бас тар­ту­ына қол жеткізді. Өлке жұмыс­шы­лары­ның ереуілдері пат­ша өкіметіне қар­сы ша­ру­алар толқула­рының ар­ту­ына, ұлт-азат­тық қозғалы­сының да­му­ына ықпал етті.
Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жыл­дардағы ереуілдері орыс халқының ре­волю­ци­ялық күресімен тығыз бай­ла­ныс­ты еді.
1905 жы­лы ақпан­да Орал, Пе­ровск, Түркістан, Шалқар теміржол­шы­лары өздерінің эко­номи­калық жағдай­ла­рын жақсар­ту та­лабын қойған ереуіл жа­сады. 1904 жы­лы пай­да болған Сібір со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық одағы, оның Ом­бы, Орын­бор, Са­ратов ко­митет­тері Қазақстан жерінде ре­волю­ци­ялық жұмыс­ты күшей­те түсті.
1905 жыл Қазан айын­дағы Бүкілре­сейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан­ның бар­лық қала­ларын­да ше­рулер, ми­тингілер мен жи­налыс­тар бо­лып өтті. Пе­ровскідегі, Орал­дағы, Қарқара­лыдағы, Пав­ло­дар­дағы ма­нифес­та­ци­ялар неғұрлым ірі бол­ды. Олар­ды орыс­тар ара­сынан және қазақтар­дан шыққан жергілікті зи­ялы­лар ұйым­дастыр­ды. Қарқара­лыдағы 1905 жылғы 15 қара­шадағы үлкен са­яси ми­тинг­ке қазақтар­дан, та­тар­лардан, орыс­тардан және басқала­рынан тұра­тын 400-дей адам қатыс­ты. Олар пат­ша өкіметіне қар­сы бірқатар та­лап­тар қой­ды, отар­шы­лық әкімшілікке қар­сы күре­суге шақыр­ды. Кейіннен Қарқара­лы оқиғасы­ның бас­шы­лары қуғынға ұшы­рады. А. Байтұрсы­нов Орын­борға, Ж. Ақба­ев Яку­тияға жер ауда­рыл­ды.
Пат­ша өкіметі 1905 жы­лы 17 қазан­да ел­дегі ре­волю­ци­ялық қозғалыс­ты ба­су мақса­тын­да ар­найы ма­нифест қабыл­да­ды. Бірақ бұл жоғары мәрте­белі ма­нифест жұмыс­шы қозғалы­сын бәсеңдет­кен жоқ, қай­та кейбір жер­лерде күшей­те түсті.
Қазақ жұмыс­шы­лары мен ша­ру­ала­ры пат­ша өкіметіне орыс жұмыс­шы­лары­мен және қоныс­танған ша­ру­алар­мен қол ұста­са оты­рып қар­сы шықты. Қазақ ша­ру­ала­ры ең ал­ды­мен жер, су үшін, теңдік, бос­тандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жы­лы жаз­да Се­мей, Торғай және Орал об­лыста­рын­да жер үшін толқулар бол­ды.
Мәске­удегі жел­тоқсан қару­лы көтерілісінің әсерімен 1905 жыл 11 жел­тоқсан­да Ус­пен руд­нигіндегі жұмыс­шы­лар­дың ірі ереуілі өтті. Ереуіл ба­рысын­да орыс жұмыс­кері Петр То­пор­нин мен қазақ жұмыс­шы­сы Әлімжан Бай­шағыров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрыл­ды. Жұмыс­шы­лар өздерінің жал­пы жи­налы­сын­да қабыл­даған та­лап­та­рын «Пе­тиция» ретінде руд­ник бас­шы­сы Н. Фелль­ге тап­сырды. Оның бірде-бір пункті қабыл­данбаған­дықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыру­ымен руд­никте ереуіл бас­талды. Руд­ник кеңсесі үстіне қызыл жа­лау көтерілді. Ус­пен руд­нигі жұмыс­шы­лары­ның ереуілі 1905–1907 жыл­да­ры Қазақстан­да болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс та­рихын­да көрнекті орын ала­ды. Яғни, ол өлке­де ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тың ең жоғарғы ша­рықтаған кезі деп са­нала­ды. 1906 жы­лы 6 қаңтар­да пат­ша­ның ар­на­улы жар­лығымен Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­рының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Мел­лер-За­комель­скийдің жа­залау экс­пе­дици­ясы әкелінді.
1905–1907 жж. болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тармен бай­ла­ныс­ты Қазақстан жұмыс­шы­лары­ның кәсіпо­дақ ұйым­да­ры бой көтерді. Алғашқылар­дың бірі бо­лып Орал­дағы теміржол­шы­лар­дың кәсіпо­дағы (1905 ж. қара­ша) құрыл­ды, оған Н. Сму­ров, Н. А. По­кати­лов және Н. И. Ульянов бас­шы­лық жа­сады. 1905–1906 жж. Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның кәсіпо­дағы ең ірі ұйым бо­лып са­нал­ды. Оның 6 мың мүшесі болған.
1905 жы­лы жел­тоқсан айын­да I Мем­ле­кеттік Ду­маны шақыру ту­ралы пат­ша үкіметінің жар­лығы шығып, оған Қазақстан­нан 9 де­путат, оның ішінде 4 қазақ сай­лан­ды. Олар: Ә. Бөкей­ха­нов, А. Бірімжа­нов, А. Қал­ме­нов, Б. Құлма­нов. 1906 жы­лы та­мыз айын­да II Мем­ле­кеттік Ду­ма шақырыл­ды. Оған Қазақстан­нан 14 де­путат сай­лан­ды, оның ал­та­уы қазақ ха­лық өкілдері бол­ды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмо­ла об­лы­сынан, Х. Нұре­кенов – Се­мей об­лы­сынан, Б. Қара­та­ев – Орал об­лы­сынан, А. Бірімжа­нов – Торғай об­лы­сынан, Т. Ал­ла­бер­ге­нов – Сыр­да­рия об­лы­сынан, М. Ты­ныш­ба­ев – Жетісу об­лы­сынан.
Ұлттық қозғалыс­тың Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов бас­таған же­текшілері ха­лықтың азат­тық қозғалы­сын конс­ти­туци­ялық мо­нар­хия, ли­берал –де­мок­ра­ти­ялық ре­фор­ма­лар жүргізу үшін күрес­ке бағыт­тағысы келді. 1905 жы­лы қазан­да ұлттық ин­телли­ген­ция өкілдері Орал­да бес об­лыстағы қазақтар­дың де­легат­та­рының съезін өткізіп, он­да олар­дың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ре­сейдің конс­ти­туци­ялық-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы­ның фи­ли­алын құрмақшы бол­ды. 1906 жы­лы сәуір-ма­мыр ай­ла­рын­да Се­мей­де қазақтар­дың екінші съезі бо­лып өтті. Қазақ еңбекші бұқара­сының 1905–1907 жыл­дардағы ұлт-азат­тық қозғалы­сы көп жағдай­да ұйым­даспаған түрде өтті.
XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркəсіптің екі саласы, яғни тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркəсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркəсіп жатқызылды. Əсіресе, тау-кен өнеркəсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір жəне басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің тау-кен кəсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті.
Мысалы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спаск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спаск-Успенск мыс кені мен зауытын, Саран-Қарағанды тас көмір кенін жəне рудниктерін түгелдей сатып алып, пайдаланды.Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркəсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Сонымен қатар, Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары мол пайдаланылды. Өндірілген көмір темір жолмен жəне су жолдарымен Ресейдің Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондай-ақ, өлкенің Павлодар, Қызылжар жəне басқа да қалаларына жеткізіліп отырды.
Осы кезеңде Батыс Қазақстан өңірі мен Орал-Ембі аймағында мұнай шығару өнеркəсібі де біршама дамыды. Бірақ, ол кəсіпорындар толығымен шетел капиталистерінің билігінде қала берді. Тек, 1912-1914 жылдардың өзінде ғана ағылшын капиталистеріне қарасты «Батыс-Орал мұнай қоғамы», «Орал-Ембі қоғамы», «Солтүстік Каспий мұнай компаниясы» өлкенің арзан жұмысшы күшін пайдаланып, бəсекелестіктің болмауына байланысты мұнайдың мол бай кен орындарын жыртқыштықпен пайдалана отыра, өздеріне өлшеусіз, ұшантеңіз пайда əкеліп жатты. Осындай себептерге байланысты, Қазақстанның кен өнеркəсібі бұл кезеңде жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ. Оны сырттан келген орыс жəне шетел капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге əкетілді, ал пайда XX ғасырдың басынан бастап шетелге кетіп жатты. Осының бəрі кен өнеркəсібінің Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті. Өлке өнеркəсібінің біршама өсу жолын тұтас алып қарастырар болсақ, мұнда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кəсіпорындарды атап айтсақ, теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, арақ, спирт шығаратын, май шайқайтын жəне т.б. кəсіпорындардың белгілі дəрежеде рөл атқарғандығы байқалды.
XX ғасырдың басында да Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік өнеркəсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуында темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды. Өйткені, олар бір мезгілде артта қалған отар аудандарына, ең алдымен Орта Азия мен Сібірге Ресей капитализмінің ену құралына айналған болатын. Ал, шын мəнінде, Орта Азия мен Қазақстанды Ресейдің экономикалық игеруі осы аумақтардың терең түкпіріне темір жолдар салудан басталған еді. Темір жол желілері Қазақстан аумағында XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басынан ірі темір жолының салынуына байланысты тартыла басталды. Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір темір жол желісі 1901-1905 жылдары салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Сонымен қатар, ғасыр басында Троицк, Алтай жəне Жетісу темір жолдарын салу жұмыстары дами түсті. Əрине, өлкенің əлеуметтік-экономикалық өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл
атқарды. Əсіресе, олар сауданың өркендеуіне өз ықпалын тигізді. Бұл темір жолдар өлкені Ресейдің өнеркəсіп орталықтарымен байланыстырып, оны жалпыресейлік экономикалық нарыққа тартты. Қазақстанның əртүрлі өнеркəсіп шикізаттары, мал шаруашылығы өнімдері, мал, астық сыртқа шығарылып, өлкеге фабрика-зауыт бұйымдары, тағы да басқа қажетті тауарлар əкелінді. Сонымен қатар, қазақ даласында пайда болған темір жол станцияларына сол кезеңде халықтың біршама көп шоғырлануына байланысты олар өлкенің əлеуметтік-экономикалық жəне саяси-мəдени өмірінің ошақтарына айнала бастағанын көреміз. Осы кезеңде ірі темір жол станцияларындағы халықтың саны бірнеше мың адамға жетті.
Мысалы, 1916 жылы Орынбор станциясында - 9720, Ақтөбеде - 3263, Шалқарда - 5300, Қазалыда - 3600, Перовскіде - 1852, Түркістанда - 2984 адам тұрды. 1906-07 жылдары Петропавл (Қызылжар) станциясындағы тұрғындардың саны 3 мыңнан асқан. Сөйтіп, осы кезеңде өлкедегі өнеркəсіптің біршама дамуы, темір жолдардың салынуы, су жолдарының пайдалана бастауы - Қазақстанда жалпы жұмысшы табын қалыптастырудың бірден-бір əлеуметтік-экономикалық негіздерін қалауға себеп болды. Өлкедегі мұндай өзгерістер ғасыр басында одан əрі дами түсті. Мысалы, 1913 жылғы өлкедегі жұмысшылар саны 75 мың адамға дейін жетті. Сонымен қатар, Қазақстанда 51 мың жұмысшы еңбек еткен 675 фабрика-зауыт кəсіпорындары болды да, ол жұмысшылардың 28 мыңға жуығы ірі өнеркəсіп орындарында істеді. Тек теміржол мен су жолдарында 25 мыңнан астам жұмысшы еңбекпен қамтылды. Ал, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жұмысшылар саны ірі өнеркəсіп орындары мен транспортта өсе түсті. Сөйтіп, 1917 жылғы Қазан төңкерісі тұсында Қазақстандағы жұмысшылардың жалпы саны 90 мыңға жетті.Бірақ, жергілікті қазақ жұмысшылары көбінесе маусымдық жұмыстарға ғана тартылып, кəсіби мамандықтарының болмауынан тұрақты жұмыстармен қамтылмады. Тұрақты жұмыспен тек темір жол желілері мен тау-кен өндіріс орындары ғана біршама қамтамасыз ете алды. Сөйтіп, өлкедегі тау-кен өндірісі, зауыт кəсіпорындары мен транспортта ғана жұмысшылардың шоғырлануы жоғары болды.Соған қарамастан, əлеуметтік тұрғыдан өлкенің өнеркəсіп жұмысшыларының жағдайы Ресейдің өнеркəсібі дамыған аудандарымен салыстырғанда əлдеқайда ауыр болды. Оған кəсіпорын қожайындарының өктемдігімен белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы себеп болды. Мысалы, Ембінің мұнай кəсіпорындарында 12 сағатқа дейін, алтын өндірілетін кен орындарда 10-12 сағат, тұз өндірілетін кəсіпшіліктерде 14-16 сағатқа дейін созылды. Міне, осындай əлеуметтік теңсіздіктердің басымдылығын көрген жəне кəсіп иелерінің өздеріне алалаушылық жасап, құқықтарынан айыру шараларын басынан өткізген қазақ жұмысшылары ерекше ауыр жағдайда болды. Осының бəрі күрделеніп келіп, қазақ жұмысшыларын өздерінің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси жағдайларын жақсарту мақсатындағы күреске итермеледі. Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, əлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, əрине, патшалық Ресейдегі 1905-07 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық жəне саяси дамуы дəрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркəсіп пен қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-əрекеттерінен көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.
Сөйтіп, 1905- 1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси жəне экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай жəне басқа да қалалардың кəсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады. Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ə. Бөкейханов атап көрсеткендей, «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді». Сол кезеңдегі əкімшілік орындарына түскен мəліметтердің бірінде: «Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай қырғыз
жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды болмаған құбылыстар байқалуда» - делінген. Қазақ даласында байқалған мұндай құбылыстардың бірі өлкенің барлық елді мекендерінде қазақтардың үлкенді-кішілі жиылыстарының өткізіле бастауы еді. Мұндай жиылыстарда қазақ жұртының көкейтесті мұқтаждықтары
талқыланып, ол жөнінде орталық үкімет орындарына тапсыруға петициялар əзірленді. Осылайша қазақ даласындағы саяси күрес патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрініс ала бастады. Қазақтардың орталық билік орындарына тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновниктерінің тарапынан
озбырлық, қиянат, қоқанлоқы жасалуына наразылық білдірілді. Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру жəне өлкеге земство енгізу сұралды.Отарлық тəуелдіктегі қазақ елінің мұң-мұқтажын білдірген петицияларды жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ісі 1905 ж. көктем айларында-ақ қолға алынған болатын.
Мəселен, 1905 ж. сəуірдің 2-інде Ақмола қаласындағы Халфин деген қазақ саудагерінің үйінде жиылыс өтіп, Петерборға барып петиция тапсыру үшін арнайы делегация сайлап жіберу мəселесі қарастырылған. Ақмола қаласында
өткен осы жиылысқа əкімшілік орындарында тілмаштық қызмет атқарған Серкебаев, Кенжебаев жəне Сатыбалдиндер басшылық жасаған. Қазақ даласынан петициялар арнайы делегация жіберу арқылы да, сонымен бірге жеделхатпен де жолданған. Петицияларды жазып дайындау ісінің басында негізінен сан жағынан аз болғанымен, саяси күрес қазанында қайнап, жаңадан қалыптасып, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция өкілдері тұрды. Ол жөнінде М. Дулатов: «1905 жылдан бері қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары cенімсіз болып қалды”,- деп жазды.
1905 жылы Семей облысы Қарқаралы уезінің Қоянды жəрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясына Ə.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы жəне оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Əуезов 1923 жылы жазған “Ахаңның елу жылдық тойы” деген мақаласында: “1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер: бірінші - жер мəселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші - қазақ жұртына земство беруді сұраған. Үшінші - отаршылардан орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петицияларды тілек қылған ірі мəселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мəселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған”,- деді. Қазақстандағы революциялық қозғалыстың біршама өрлеуі 1905 жылдың қазан-қараша айларында өткендігі тарихтан белгілі. Өйткені, бұл кезде 17 қазандағы патша Манифесінің жариялануы Қазақстанның көптеген қалаларында көп адам қатысқан жиылыстарға, демонстрацияларға жəне халықтың қалың тобының бой көрсетулеріне ұштасқан болатын. Бұл туралы Əлихан Бөкейханов былай деп жазды: «Қазақтардың жүріп-тұруы арқасында Манифест қысқа уақытта бүкіл даланың қолына тиді. Жер-жерде қазақтар үлкенді-кішілі съездерге жиналды… Манифесті оқыды, оны түсіндірді, болашақтағы Мемлекеттік Дума сайлауы туралы мəселелерді талқылады. Облыстың ең алыс түкпірлерінен қазақтар топ-топ болып қалаларға барды, онда қала тұрғындары ұйымдастырған қалалық митингілерге қатысты. Орыстар, татарлар, сарттар мен қазақтар бір туысқан от басына қосылып кетті». Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын - Ресей конституциялық-демократиялық (кадет) партиясының бөлімшесін құруға əрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат - 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді. Осыған байланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі өткізілді. Ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады. Сонымен қатар, оған өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, тағы басқа да талаптар енгізілді. Олардың басында Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев жəне қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ, олар дін ұстану бостандығын жақтап, əсіресе, үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді. Ұлттық мəдениетті дамытуды, сонымен қатар, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды талап етті. Міне, осыған орай мұсылман дінбасыларының ықпалы күшті болған Семейде, Петропавлда,
Ақмолада, Верныйда жəне т.б. қалаларда діни ұйымдар пайда болды. Өлке мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейе түсті.
Жалпы, мұсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы құрамындағы автономиясы жəне мəдени-автономиялық дамуы туралы мəселе көтерді.Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстан халқының саяси ой-өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді. Мысалы, 1905 жылдың 6 тамызында Мемлекеттік Дума жөніндегі патша Манифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығын берген болатын. Бірақ, бұл құқықтың жартыкештігі байқалды. Өйткені, депутаттарды сайлау барысында ұлттардың ара салмағы есепке алынбады. Сондықтан, қазақ зиялылары мұндай
əділетсіздікті түзетуге біршама əрекет жасап көрді. Нəтижесінде, қазақ халқы Мемлекеттік Думаға əр облыстан бір депутаттан ғана сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ə.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов жəне Б.Құлманов сайланды. Олар Дума жұмысына мұсылман депу-
таттары фракциясы құрамында қатынасты. Бұл фракцияның заң жобасы ретінде дайындаған ең басты құжаты аграрлық мəселеге байланысты еді. Мұсылмандар фракциясы жер мəселесіндегі аграрлық тұжырымдаманы мұсылмандар партиясының бағдарламасы негізінде ұсынды. Ал барлығы 72 күн ғана жұмыс жасаған бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9-шілде күні үкімет шешімімен таратылды. Дəл сол күннің кешінде Думадағы оппозицияның 182 өкілі (меньшевиктер) Выборг қаласында (Финляндия) жиналып, Манифест дайындап, оған өздерінің қолдарын қойды. Олардың арасында Ə.Бөкейханов та бар еді. Сол үшін ол келесі Думаға сайлану құқығынан айрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа тартылып, абақтыда отырып шығады. Сөйтіп, халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырылған бірінші Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына
пайдаланды. Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905
жылдың 6 тамызындағы жəне 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов - Ақмола облысынан, би Х.Нұрекенов - Семей облысынан, адвокат Б.Қаратаев - Орал облысынан, сот тергеушісі А.Бірімжанов - Торғай облысынан, Т.Алдабергенов - Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев - Жетісу облысынан сайланды. Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан болсын, күн тəртібіне қойылған мəселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болғанды. Негізгі пікір тартысын тудырған мəселелердің бастысы аграрлық жəне қоныс аудару мəселесі болды. Əсіресе, депутаттар Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Ш.Қосшығұлов, Х.Нұрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал етуге тырысты. Мəселен, 1907 жылы 17 мамырда депутаттық сауалға байланысты жарыссөзде депутат Б.Қаратаев сөйледі. Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мəселесіне арнады: «Үкімет, біріншіден, Ресей ішіндегі помещиктер мүддесін, яғни, 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін» жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып əперіп отыр. Екіншіден, үкіметтің
бұл саясаты ашықтан-ашық ұлы державалық, шовинистік негізде жүргізілуде. Соның нəтижесінде жерге орналастыру мекемелері қазақтарды «орныққан орындарынан, поселке, деревня құрап отырған үйлерінен жаппай қуып шығумен айналысып отыр». Əрине, бұл сөз іс жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатын жергілікті халықтың атынан əшкерелеу еді. Б.Қаратаев орыс халқының еңбекші бұқарасы мен зиялы қауымын қазақ елінің осындай ауыр жағдайына көңіл аударуға шақырды.Патша үкіметі 1907 жылдың 3 маусымында шығарған заңымен екінші Мемлекеттік Думаны да таратып жіберді. Бұл құжат, сонымен бірге, сайлау Заңына өзгерістер енгізді. Патша үкіметі Қазақстан мен Түркістанда пəрменді отарлау саясатын жүргізе отырып, Думада бұл аймақтардан депутаттардың болмағанын өзіне қолайлы деп тапты. Сонымен, қазақ депутаттары қатынасқан бірінші жəне екінші Думалар қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындай ешқандай заңдар қабылдаған жоқ. «3 маусым Заңының» өмірге келуімен бірге, қазақ зиялыларының Думаға артқан үміті де біржола сөнген еді. Дегенмен, «3 маусым Заңы» қазақ зиялыларын Дума арқылы жүргізуді көздеген саяси күрестен біржола ығыстыра алған жоқ. Олар Думадан тыс қала отырып, құрамы жағынан алғашқы екі Думадан анағұрлым консервативті, ұлыдержавалық бағыттағы үшінші Дума шеңберінде де мұсылман фракциясы, сібірлік депутаттар, солшыл кадеттер жəне басқа да одақтастары арқылы патшалықтың қазақ жеріндегі отарлау саясатына, «3-маусым Заңына» қарсы əрекеттерін тоқтатпады. Ал, жалпы алғанда, сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бұрын таратылған патша үкіметінің бірінші жəне екінші Дума жұмысына жəне оларға қатысты саяси шараларға қатысуы, əрине, олар үшін үлкен өмір мектебіне айналып, белгілі деңгейде өзіндік із қалдырды. Олар, біріншіден, им-
перия жағдайында Дума сияқты «өкілетті» орынның, ең алдымен, орыс помещиктерінің мүддесіне, империялық мүдделерге қызмет жасайтындығына көздерін жеткізді. Ал, екіншіден, қазақ зиялылары Думаға қатысты шараларға араласа отырып, негізгі мақсатқа жету үшін жалпы халықтың саяси белсенділігін арттыру мен батыл қимыл-əрекеттердің қажет екендігіне де көздері жетті. Сондықтан да бұл ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін, ендігі жерде қазақ зиялылары саяси күрестің басты құралдары ретінде «Айқап» сияқты жур-
нал мен «Қазақ» сияқты бұқаралық газет шығарып, өздерінің ғасыр басындағы белсенді басталған қоғамдық-саяси қызметін одан əрі жалғастыра түсті.«Айқап» журналы қазақ елінде 1911-1915 жылдары шығып тұрды. Оның шығарушысы жəне редакторы Мұхамеджан Сералин (1871-1929) болды. Журнал Қазақстандағы сол кезеңнің идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді. Оған Б.Қаратаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ж.Сейдалин жəне басқалар қатысып тұрды. Журнал беттерінде
негізгі мəселелер қатарында оқу-ағарту ісі мен аграрлық мəселе, яғни жер қатынастары, көшпенділердің дəстүрлі мал шаруашылығы жəне олардың отырықшылыққа көшуі туралы мақалалар көптеп жазылды. Сондай-ақ, журналда патша өкіметінің отаршылдық саясаты əшкереленіп отырды.Сонымен қатар, Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары А.Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған ресми «Қазақ» газеті болды. Ол либерал-демократиялық бағыт идеяларын ұстанды. Газет редакциясында сол кездегі қазақ конституциялық-демократиялық партиясының жəне қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жəне басқалар қызмет істеді. Олар ең күрделі аграрлық мəселеде жерге Ресей патшалығының тарапынан мемлекеттік меншіктің күшін жою жəне оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды. Тұтас алғанда, қазақ өлкесінің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы əртүрлі көзқарастарда болғанына қарамастан, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде шығып
тұрған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде ұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін ақиқат жолымен жан-жақты көрсете білді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркəсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркəсіп орындары ел экономикасы ның дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркəсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Əйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, əскери-өнеркəсіптік əлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия əскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына əкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мəселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай - 8,4%-ға, тары - 22,1%-ға, картоп - 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс жəне батыс облыстары бойынша дəнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін əр десятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтқа дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің жəне тұқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мəселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына əкеліп соқты. Оған сан жəне сапа жағынан үлкен зардап келтірді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Мəселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,3 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болып, үлес салмағы жөнінен 48,5%-ға кеміп кетті. Маңғыстау уезінде, Сырдария мен Жетісу облыстарында да осындай көріністер байқалды.
Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті. 1913-1917 жылға дейін қазақ халқынан жалпы көлемі 764,4 мың десятина жайылымдық алқаптың жылқы - ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартылып алынды жəне жалға алуға даярланды. Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мəжбүрлеу тəртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да əсер етті. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен
300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе əкетілді. 1914 жылдың ішінде Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы мен мал өнімдері тасылып əкетілді. Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялау жəне жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізуге кері əсер етті. Жылқы малы, əсіресе солтүстік облыстарда азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін мол мөлшерде азық-түлік даярлау, мал жəне ет өнімдері бағасының өсуіне əкеліп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде анағұрлым арзан ет беретін сала - шошқа шаруашылығы жедел дами бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркəсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркəсібінің маңызды салаларының бірі Успен жəне Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті. Бұл кеніштерден 1914 жылы - 246 пұт, ал 1916 жылы - 1551 пұт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Салықтардың жоғарылығынан, қатынас жолдарының қашықтығынан, құрал-жабдықтардың жетіспеуі салдарынан жəне басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды. Түсті металдарға деген қажеттіліктердің артуы жəне олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, əсіресе, Риддер жəне Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды. Түсті рудалар өндіру
1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 25,3 есе өсе түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын, негізінен “Спасск мыс рудалары” акционерлік қоғамы мен “Атбасар мыс кендері” акционерлік қоғамы өндірді. Бірақа, мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Жер қойнауын жыртқыштықпен пайдалану “Спасск мыс кені” акционерлік қоғамының Успен кенішіндегі барлық бай кенді (құрамындағы мыс 25%) алып қоюына əкеп соқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыту фабрикасы салынды. Ол революцияға дейін құрамында 25-30% мыс бар 128 мың пұт шикізат өндірді.
Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргізілді. Соғыс жылдарында Екібастұз кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастұз қорғасын-мырыш зауытын, Ертістегі жекеше кеме қатынасын, Оралдағы Боголовск жəне Қышым зауыттарын көмірмен жабдықтап отырды.Өңдеуші өнеркəсіп соғыс мұқтаждығына ет-сүт өнімдерін, былғары тауарлар жəне басқа да тұтыну заттарын беріп отырды. Əсіресе, былғары тауарларын өндіру өсті, бұл кезеңде өлкеде 139 былғары кəсіпорны жұмыс істеді. Олар негізінен Семей жəне Ақмола облыстарында орналасты жəне бүкіл ауыл шаруашылық өнімінің 64,3% -ын өңдеді. Шынына келгенде, былғары, тері жəне ішек-қарын өндірісінің майдагерлік кəсіпорындары одан əрі ұқсату үшін Ресейдің ірі өнеркəсіп орталықтары - Пермь, Вятка, Рига қалаларына өнім жеткізіп берді. Соғыс жылдарында интенданттық армия тарапынан былғары аяқ киімге жəне тері тондарға сұраным ерекше өсті. Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраныс ұлғайып, өлкеде шұға өндіретін тұңғыш Қарғалы фабрикасы əскери тапсырыс орындап, шинельге арнап шұға дайындай бастады, сол сияқты соғыс сұранымына ет өнімін дайындауда Петропавлда ет-консерві комбинаты ашылса, Оралда мал соятын арнайы орын ашылды. Өлкеге дайын өнім, киім-кешек пен аяқ киім əкелудің қысқаруына байланысты соғыс жылдарында осы қажетті бұйымдарды тігетін шеберлердің саны көбейді. Мəселен, 1916 жылы Верный қаласында 140 адам жұмыс істеген ірі шеберхана болды. Өнеркəсіп орындарындағы жұмысшылардың, қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады. Кəсіпорындарда жас балалардың, жасөспірімдердің, əйелдер мен соғыс тұтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Жұмысшылар тəулігіне 10-12 сағат, ал кейде 16 сағаттан жұмыс істеді. Жұмысшылардың нақты жалақысы
үнемі төмендей берді. Мəселен, Спасск зауытында 1914 жылы күндік жұмыс үшін - 1 сом 04 тиын, 1915 жылы - 94 тиын төленді. Мұндай жағдай өнеркəсіп орындарында барлығында дерлік болып жатты.Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Ташкент жəне Транссібір теміржолдары жұмысшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Тіпті, соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көтеруінің бірі “əйелдер бүлігі” дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсылық деп қарады.
Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. Мəселен, 1916 жылы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ селосында 30 адам болатын солдат əйелдерінің тобыры көпестер - Незвановтың, Пряткиннің дүкендерін қиратады. Халық бұқарасының мұндай бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа да аймақтарында орын алды. 1916 жылдың орта шеніне қарай жұмысшылардың үкіметке ашынуы үдей түсті.
Нəтижесінде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына зор ықпал жасады. 1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары жəне патша əкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақор-
лық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село жəне ауыл басқарушыларын, байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдəристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді, жоғары жəне орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян жəне құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды əскерге алудан босатты. Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық жəне саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тəуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе
жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды. Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты. Қазақстанның əртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Əшекеев, Ұзақ Саурықов, Жəмеңке Мəмбетов, Тоқаш Бокин, Əубəкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай жəне Мұқан Ұзақбаевтар жəне т.б.) жəне Торғайда (басшылары - Əбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Əліби Жангелдин жəне басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды. Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы жəне 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бəсеңдеуі жəне жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады. М.Тынышбаевтың мəліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан бұрын, 2 жəне 3 шілдеде келіп түскен. Шілде айының бас
кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс жəне оңтүстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Əшекеев, Тоқаш Бокин, Аққоз Қосанұлы жəне басқалар басшылық етті. Соғыс ошағы ұлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды ұйғарды. Нəтижесінде 17 шілдеде Жетісуда жəне Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мұнда ірі əскери күштер
алып келді. Əскери гарнизондарды нығайтып, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ жəне қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында жəне басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстар болады.Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Əшекеев Жетісудың
бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде əртүрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Əшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл əрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей Б.Əшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный əскери гарнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б.Əшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың əскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады. Сотсыз жəне тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға қашуға мəжбүр болды. Дəл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Бұл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ жəне арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаюы барысында Əбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланса, Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланады. Кейіннен 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында халық арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Əбдіғаппар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады. Құрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады. Орталық Ресейден келген жəне көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы жерлерде туып-өскен Əліби Жангелдин көтерілісшілердің “рухани көсемі” болды. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден Ə.Жанбосынов, А.Иманов жəне олардың ең жақын серіктері ондықтарға, жүздіктерге жəне мыңдықтарға бөлінген тəртіпті жасақ құрды. Əрбір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Сардарбек жанында əскери кеңес жұмыс істеді. 22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалаға қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасайды. Көтерілістің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау
үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Батпаққара ауданына шоғырланады. Осы жерден 1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. Семей жəне Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты əскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу əскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты əскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет жəне басқаларды əкеп төкті. Осыған қарамастан, Торғай облысында көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы
мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодалдық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті əкімшіліктің белгілі бөлігі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ə.Жангелдин, С.Меңдешев, Б.Алманов, Ə.Жүнісов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты.
Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты либерал-демократиялық зиялылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп санады жəне осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді. Осынау алмағайып кезеңде «Алаш» қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да олар қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жарлығын орындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бұдан сырт қалуға болмайды,- деп есептеді. Екіншіден,іс жүзінде қарусыз қазақтардың тұрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды. Қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия құрылатынына үміт артты. Империямен ақылға қонымды келісім тактикасын ұстанып, халқының аман
болуын бірінші кезекке қойған «Алаш» көсемдері тыл жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыра тұрып, тиісті əзірлік жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Көтеріліс барысында орын алған қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дəлелдеді. Жеке-жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен жанышталып, жұмысшыларды реквизициялаумен майданға жөнелту басталды. Сол кезде “Қазақ” газетінің редакциясы тыл жұмыстарына жөнелтілген қазақтардың мұқтаждықтарына қызмет көрсетуді ұйғарды жəне осы мақсатпен барлық қазақ зиялыларына реквизицияланғандар жұмыс істейтін майдандарға өз еркімен барып, оларда бұратаналар бөлімін құруға шақырды. Зиялылар (көпшілік бөлігі мұғалімдер) бұған үн қосты жəне көп кешікпей Минскіде земство одағының жанынан бұратаналар бөлімі құрылды. Қазақ зиялылары майдан тылында еңбек еткен қазақ жігіттерінің сөзін сөйлеп, мұңын жоқтады. Ə.Бөкейханов, М.Дулатов т.б.
бастаған қазақ зиялылары Минскіде, тағы басқа тыл жұмысына шақырылғандар көптеп шоғырланған қалалар мен елді мекендерде болып, оларға қолдан келген көмектерінің бəрін көрсетті. Олар шақырылғандардың құқықтарын қорғау жəне олардың майдан өңірі аудандарындағы тұруы мен жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жасады. Ал мұның өзі кеңес зама-
нында көп жылдар бойы айтылып та, жазылып та келген Алашорда 1916 жылғы көтеріліс кезінде ұлттық мүддеге сатқындық жасады деген пікірдің сыңаржақ тұжырым екендігін көрсетеді. Алаш көсемдері көтерілісшілерге де, майданның қара жұмысына шақырылғандарға да ешқандай сатқындық жасаған жоқ. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ə.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мəмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Əшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, С.Қанаев көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, Ə.Жангелдин, Б.Алманов жəне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары Қасымов жəне басқалар жүргізген тəуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. К.Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын əртүрлі дəрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде жəне оңтүстік-шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек жəне басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды. Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан əрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі əскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік
езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет