Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2021 мазмұНЫ



бет18/38
Дата29.03.2023
өлшемі1,55 Mb.
#77175
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
Лекциялар жинағы 2020-2021

    Бұл бет үшін навигация:
  • Сурет
Құрылымдық сызба деп құрамын көрсететін және бағдарламалық қамтамамен өңделетін бөліктерді басқару бойынша өзара әрекеттесуді айтады. Бағдарламалық жүйенің құрылымдық компоненттері ретінде бағдарламалар, ішкі жүйелер, ресурстар кітапханасы және т.б. бола алады. Бағдарламалық камтаманың құрылымдық сызбасы бағдарламаға сәйкес бағдарламалық-диспетчердан басқаруды тапсырудан көрінеді. (5.1. сурет).



Сурет 5.1. Бағдарламалық кешеннің құрылымдық сызбасы

Бағдарламалық жүйенің құрылымдық сызбасы ішкі жүйелер немесе басқа құрылымдық компоненттердің бар-жоғын көрсетеді және олардың арасындағы мәліметтердің алмасуын көрсетпейді. (5.2 сурет).



Сурет 5.2. Бағдарламалық жүйенің құрылымдық сызбасы
Функциональдық сызба (ГОСТ 19.701-90) – ақпараттар ағынын сипаттайтын бағдарламалық қамтама компоненттерінің өзара әрекеттесу сызбасы, ағындағы мәліметтер құрамы мен қолданатын файлдар мен құрылымдар көрсетілімі. Функциональдық сызбаларды көрсету үшін стандартпен белгіленген арнайы белгілерді пайдаланды. ГОСТ бойынша мәліметтер сызбасының негізгі белгілері 5.1 кестеде көрсетілген.
Кесте 5.1

Функциональды кестелерде құрылымдық сызбаларға қарағанда ақпараттар көп. 5.3 суретте бағдарламалық комплекстер мен жүйелердің функциональды сызбасы салыстырмалы түрде көрсетілген.


Құрылымдық және функциональдық сызбалардың барлық компоненттері суреттелуі керек. Құрылымдық тұрғыда оларды сипаттау сапасы ең қымбат қателіктер санына байланысты болғандықтан бағдарлама аралық интерфейстер ерекшеліктерін анықтау керек.

а – бағдарламалар кешені; 6 – бағдарламалық жүйе
Сурет 5.3. Функционалды сызба мысалдары:


1.2. БҚ құрылымын жобалау үшін қадамдық нақтылау әдісін қолдан
Бағдарламалауға құрылымдық тұрғыдан қарау бағдарламаларды декомпозициялауды қадамдық нақтылау әдісімен жүзеге асыруды ұсынды. Аталған әдіс алгоритмнің қадамдық өңделуін болатындығын айтады. Бұл ретте әр қадам функцияларды ішкі жүйелерге ыдырата бастайды. Сонымен бірінші кезеңде жалпы ішкі міндеттерді анықтап, қойылған тапсырмалардың шешімін суреттейді, келесі кезеңде келесі деңгейлердің ішкі тапсырмаларын қалыптастырып ішкі тапсырмалардың шешімін суреттейді. Осылайша, әр қадамда жобаланып жатқан бағдарламалық қамтаманың функцияларын анықтайды. Бұл үрдісті шешімі белгілі алгоритмдер мен ішкі жүйелерге жеткенше жалғастырады.
Бағдарламаны қадамдық нақтылау әдісімен декомпозициялау арқылы құрылымдық декомпозизицияның негізгі ережесін бағытқа алу керек: мәліметтермен операцияларды анықтауды кейінге қалдырып, ең алдымен декомпозицияланушы компоненттің басқарушы үрдістерін нақтылау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет