Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2021 мазмұНЫ



бет33/38
Дата29.03.2023
өлшемі1,55 Mb.
#77175
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Лекциялар жинағы 2020-2021

Дәріс 12 (2 сағат)
1.5 Бағдарламалық компоненттерің құрастыру
1.6 Таратылған бағдарламалық жүйелер үшін бағдарламалық компоненттерін орналастыруын жобалау
1.7 Өңдеудің серіппелі моделінің ерекшелігі. Жобаны қайта ұйымдастыру.


1.5. Бағдарламалық компоненттердің құрастырылуы
Компоненттер диаграммаларын өңделетін бағдарламалық қамтаманың физикалық жай-күйін жобалау кезінде қолданады. Бұл диаграммалар бағдарламалық қамтаманың физикалық деңгейде қалай көрінетіндігін, яғни олар қандай бөліктерден тұрады және бұл бөліктер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсетеді.
Компоненттер диаграммалары компонент және тәуелділік түсініктерімен операция жасайды. Бұл ретте компонент деп өңделетін бағдарламалық қамтаманы құратын әр түрлі жеке файлдардың: атқарушы (.ехе), мәтіндік, мәліметтер базасының кестесі болып келетін бағдарламалық қамтаманың ауыстырылатын физикалық бөліктерін атайды. Әр түрлі компоненттердің шартты графикалық белгілері 7.22 суретте көрсетілген.

а - бағдарламалық компонент; б - файл; в- мәліметтер базасы; г- мәліметтер базасы кестесі
7.22 сурет. UML-дегі компоненттердің шартты белгілері

Компоненттер арасындағы тәуелділік, егер бір компонент кейбір ресурстарға (модуль, объекті, класс және т.б.) ие болса, ал басқасы оны пайдаланатынын білдіреді. Құрастыру сапасын компоненттер арасындағы байланыстың түрі мен санына бойынша бағалайды. Компоненттер диаграммасында тәуелділікті басында нұсқау тілі бар үзбелі сызықпен белгілейді.




1.6. Таратылған бағдарламалық жүйелер үшін бағдарламалық компоненттерді орналастыруды жобалау
Таратылған бағдарламалық жүйелерді физикалық жобалау кезінде жергілікті немесе ғаламдық желілерде нақты жабдықтарда бағдарламалық компоненттерді орналастырудың үйлесімді нұсқасын анықтау керек. Ол үшін орналастыру диаграммасы - арнайы UML моделін қолданады.
Орналастыру диаграммасы жүйенің бағдарламалық және аппараттық компоненттері арасындағы физикалық байланысты көрсетеді. Жүйенің аппараттық құралдарының әр бөлігіне, компьютерге немесе көрсеткіш, орналастыру диаграммасына торап сәйкес келеді. Тораптардың қосылуы жүйеде сәйкес келетін коммуникациялық арналардың бар-жоғын білдіреді. Торап ішінде осы жабдықтарда тәуелділік компоненті диаграммасында көрсетілгендерді сақтай отырып, өңделетін бағдарламалық жүйенің бағдарламалық компоненттерін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет