5.100VG-Any LAN.
100VG-Any LAN желісі тармақты топологиядағы жергілікті компьютерлік желі болып табылады. Желінің аралық түйіндері ретінде концентраторлар қолданылады, ал аяқталған түйіндер болып, жұмысшы станциялар мен серверлер табылады. Көпдеңгейлі құрылымдарды қолдау үшін концентраторлар екі түрдегі порттармен жабдықталады: - кейіндеуші байланыстың порттары, аяқталған түйіндер де, концентраторлар да қосыла алатын деңгейлерден төмен жатқан құрылғылардың қосылуы үшін қолданылады; - өрлеуші байланыс порты, жоғарырақ деңгейдегі концентраторға қосылуға арналған. Орналасқан жерне байланысты концентратор тамырлық немесе өзі орналасқан деңгейдің концентраторы болуы мүмкін. Физикалық деңгейде 100VG-Any LAN желі технологиясы Ethernet 10Base-T және Token Ring желілерінде қабылданған стандарттарды қолдайды, бұл желінің қазіргі кезде бар кабельдік инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оның ішінде, беруші орта ретінде қолданылады: - 3,4 және 5 санаттағы экрандалмаған кабель (төрт есулі қоссымдар); - экрандалған кабель (екі есулі қоссымдар); - оптоталшықты кабель. Арналық деңгей келесі ішкі деңгейлерден тұрады: - логикалық арнаны басқару; - ортаға қолжеткізуді басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |