Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2019 Құрастырған: аға оқытушы Балгимбекова У. Б



бет26/49
Дата06.01.2022
өлшемі256,67 Kb.
#13115
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
ЛЕКЦИЯ 8

Тақырып:Fast стандарттары.
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ

1.Fast Ethernet.

2. 100 Base-FX.

3.100 Base-T4

4.100 Base-TX .

5.100VG-Any LAN.


ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ

1.Fast Ethernet.

Fast Ethernet Fast Ethernet желісі Ethernet желілерінің тактілік жиіліктерін 10 есе көбейту есебінен ары қарай дамуы болып табылады. Бұл кезде Ethernet желісін жасаудың негізгі аспекттері өзгеріссіз қалды. Ең алдымен бұл қолжеткізу әдісіне, кадрдың форматына және т.б. қатысты. Негізгі ерекшеліктері физикалық деңгейге қатысты және қолданылатын беруші ортамен байланысты. ІЕЕЕ802.3 стандартына сәйкес Fast Ethernet технологиясы үшін қолданылатын кабельге байланысты үш келесідей атаулар белгіленген: 100Base-TX және 100Base-T4 - өткізгіштердің есулі қоссымдарына арналған, және 100Base-FX – оптоталшықты кабельге арналған. 100Base-TX жүйесі өткізгіштердің екі жұбын қолданады: біреуін беру үшін, екіншісін – деректерді қабылдау үшін. 100Base-TX-те есулі қоссымды қолдануға негізделген, деректердің берудің физикалық ортасына арналған стандарттың спецификациясы ANSI TP-PMD, экрандалмаған 5 санатты (UTP) және экрандалған есулі қоссымдарды (STP) қолдануға рұқсат етеді. Кең таралған орта болып, экрандалмаған есулі қоссым табылады. Бұл кабельде өткізгіштердің жұптары, кабельдің ажыратқыға қосылатын ұштарынан басқа жерлерінде, барлық өн бойында есілген болуы тиіс. Есілмеген бөлімнің ұзындығы 1-1,5 см-ден аспауы тиіс. 100Base-TX желісіндегі 5 санаттағы толқындық кедергісі 100 Ом UTP кабеліндегі сегменттің ұзындығы. Бұл шектеу беруші ортадағы сигналдың таралуының рұқсат етілген бөгелу уақытымен байланысты және едәуір қатаң болып табылады. Бөгеуілдердің әсерін төмендету мақсатында биополярлық беру қолданылады: өткізгіштердің бірімен оң, ал екіншісімен – теріс потенциал беріледі. 100Base-T4 стандарты сондай-ақ 100 м кабель ұзындығын белгілеген. Бұл кезде 3,4 және 5 санаттағы UTP кабельдерін қолдануға рұқсат етіледі, дегенмен 5 санаттағы кабельдерді қолдануға ұсыныс жасалады. Қолданылатын төрт жұптың ішінен екеуі бірбағытталған беру үшін, ал қалған екеуі – екібағытталған берулер үшін арналған. Жұптар келесі түрде белгіленеді: ТХ – деректерді бірбағытты беру үшін; RX – бірбағытталған қабылдау үшін, BI – екі қалған жұптар екі бағытта да деректерді алмасу үшін. 100Base-FX оптоталшықты интерфейс спефикациясы сегменттің ұзындығын 100 метрге дейін анықтайды, дегенмен желінің рұқсат етілген диаметрі 412 м. 100Base-FX-тің спецификациясы бойынша әрбір қосылу үшін екі желілі көпмодты талшықты-оптикалық кабель керек, онда біреуінің бойымен сигнал беріледі, ал екіншісінің бойымен сигнал қабылданады. Бұл талшықтар жақсы қосылады және сондықтан RX және TX деп белгіленеді. Талшықты-оптикалық кабельдердің көп түрлері бар, қарапайым екі талшықты кабельден бастап арнайы көп талшықты кабельге дейін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет