Сеанстық деңгей (Session layer).Бесіншідеңгей әртүрлі компьютерлердегі екі қосымша үшін сеанс деп аталатын қосылысты құрады, пайдаланады және біріктіруді аяқтайды. Бұл деңгейде желідегі еекі қосымша арасында байланысқа қажетті атауларды түсіну және қорғау орындалады. Осы деңгейде қолданушылар тапсырмаларын деректер ағындарының арасына бақылаушы нүктелер деп аталатын нүктелерді қою арқылы синхронизациялау жүзеге асырылады.Сонымен, желілік қателік туған жағдайда , соңғы бақылау нүктесінен кейін орналасқан деректерді ғана қайталап жіберу қажет болады.Бұл деңгейде өзара әсерлесетін процестер арасында диалоогты басқару, яғни, жіберу қай жақтан орындалып жатқандығы, қашан және қанша уақытқа созылатындығын анықтауға жүзеге асырылады.