ЛЕКЦИЯ 6
Тақырып: Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары.
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1.Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі. 2.Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар.
3.Коммуникациялық құралдардың OSI модель деңгейіне функциональды сай келуі.
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
1.Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі.
Модульдік – есептегіш желілердің табиғи және бөлінбес қасиеттерінің бірі. Модульдік желінің шеткі түйіндеріндегі коммуникациялық протоколдың көп деңгейлі көрсетімінде ғана көрінбейді, ол желілік архитектураның маңызды және принципиалды ерекшелігі. Желі әр түрлі модульдің үлкен санынан тұрады: компьютерлер, маршрутизаторлар, модемдер, операциялық жүйелер және қосымшалар модулі.
2.Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар.
Адаптерлер.
Пайдаланатын кабельге қарамастан әрбір жұмысшы станциясы үшін желілік адаптер болуы қажетт.
Желілік адаптер – бұл компьютердің аналық платасына қойылатын плата болып табылады. Оны желілік кабельге аралған 2 разъемі бар.
Желілік адаптерлер ISA/EISA немесе Micro Channel архитектуралары үшін қарастырылады. Бірінші архитетура IBM AT компьютерлер сериясында және олармен үлесімді компьютерлер үшін, екіншісі IBM сериясы ps/2 компьютерлерінде пайдаланылады. Бұл адаптерлер констуктивті түрде бір – біріне ерекшеленеді. Жұмысты жылдамдату үшін желілік адаптер платасында буфер болуы мүмкін. Бұл буфердің өлшемі адаптерлердің әр түрлі типі үшін әр түрлі болады 8-биттік адаптерлер үшін – 8 кб, ал 16-32 – биттік адаптерлер үшін 16 кб және одан көп болуы мүмкін.
Ethernet желілік адаптерлерді енгізу / шығару порттарын және бір үзілу каналын пайдаланады. Кейбір адаптерлер жадқа тікелей қол жеткізу каналдарымен (ДМА) жұмыс істеуі мүмкін.
Адаптер платасында Дискісіз жұмыс станцияларын құру үшін (ТЕСҚ)туралы есте сақтау құрылғысының микросхемасы орналасуы мүмкін.
Бұл не винчестері, не флоппидискісі жоқ компьютерлер. Операциялық жүйені жүктеу желі арқылы орындалады, және оны қашықтықтан жүктеу микросхемасында жазылған бағдарлама орындайды.
Желілік адаптерді копьютердің аналық платасына орнатпас бұрын ауыстырып – қосқышта (адаптер платасында орналасқан) көмегімен енгізу (шығару порттары, үзілу командалары, дискісіз стансиялыққашықтықтан жүктеудіғң ТЕСҚ базалық адресі мәндері дұрыс басу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |