Зәр шығару мүшелері. Сүтқоректілердің бүйрегі мықын бүйрегі деп аталады. Қосмекенділерге, балықтарға тән дене бүйрегі эмбриондық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. Сүтқоректілердің метанефридиалық бүйрегі пішінді болады. Ол бел маңайындағы омыртқалар жотасының екі қапталында орналасқан. Бүйректің ішкі жақтарынан несеп ағарлар шығып, қуыққа ашылады. Қуықтан несеп түтігі арқылы сыртқа шыығады. Клоакалы сүтқоректілердің несеп түтігі несеп – жыныс қуысына барып, одан қуыққа келеді. Қуықтың несеп арнаулы несеп каналы арқылы сыртқа шығады. Зәр шығару қызметін аздап та болса тер безі атқарады.
Көбеюі. Сүтқоректілердің көбеюі басқа жануарлардың көбею мүшелерінен ерекше болады. Ең негізгі бір сипаты артқы ішектен жыныс жолдарының толық бөлінуі.
Аталық жыныс мүшелері. Сүтқоректілердің аталық жыныс бездері алғаш дене қуысында болады да, есейген шағында төмен түсіп, шап бөлімінде сыртқа шығып тұрған ен (мошонка) қалтасының ішіне орналасады.
Аталық жыныс безіне беттесе орналасқан – ен сабағы болады. Ен сабағы аталық жыныс безінің өнімін сыртқа шығаратын көптеген аналдардан тұрады. Ол шағылыс мүшесінің түп жағынан келіп несеп шығаратын немесе тұқым шығаратын каналмен жалғасады.
Шағылыс мүшесінің түп жағында бір жұп бездері болады. Бұны предстательдік без деп атайды. Бұл бездің де жолы тұқым – несеп каналының ұшына ашылады. Аталық жыныс бездерінің сперматозоидтары жүзіп жүретін сұйықтарды осы без бөліп шығарады. Предстательдік және тұқым көпіршік бездерінен бөлінген секреттер сперматозоидтардың қозғалысын шапшаңдатады.
Аналық жыныс мүшелері. Дене қуысына орналасқан жұп аналық жыныс безінен, бір жұп жұмыртқа жолынан, жұмыртқа жолының жоғарғы иіліп жатқан бөлімі фаллопиев түтігінен, жатын мен қынаптан тұрады. Сүтқоректілердің жатындары бәрінде бірдей болмайды. Кейбір сүтқоректілерде жатын жұп болып, оның оң және сол бөлімі жатын қынабына ербес тесік арқылы ашылады. Мұндай жатынды – қос жатын деп атайды.
Кейбір кемірушілердің, жарқанаттардың және жыртқыштардың жатыны төменгі жағынан қысылып – екі айыр жатын құрайды. Кит тәрізділердің, тұяқтылардың және кейбір жыртқыштардың жандарының оң және сол жағының көпшілік бөлімінің қосылып кетуінің салдарынан – екі мүйізді жатын пайда болады.
Приматтардың, жарқанаттардың, адамдардың екі жатыны да қосылып дара қарапайым болады.
Сүтқоректілердің кейбіреулері – полигамды болады, демек бір еркегі табынның қожасы болып, сол тобындағы барлық ұрғашы жануарларды ұрықтандырады (мысалы, ақбөкендер, жылқылар т.б.).Екінші біреулері – моногамды болады, демек олар жұптасып тіршілік етеді (мысалы түлкілер, қасқырлар т.б.). Әрине,олар бір маусымда ғана жұптасуы немесе өмірінің ұзақ жылдарында жұптасып тіршілік етуі ықтимал.
Ұрық орны. Барлық сүтқоректілер қағанақтыларға (амниотаға) жатады. Өйткені ұрықтың даму барысында оларды ұрық қабығы пайда болады. Қазіргі сүтқоректілер балаларын тірі туып, сүтпен асырайды. Төменгі сатыдағы (ехидна, үйрек тұмсық), қалталылар, нашар дамыған, әлі жетілмеген балаларын туады.
Плацентарлы сүтқоректілерде сероздың бет жағында өсінділер пайда болады да, ол борпылдақ дене хорионға айналады. Хорионның бір бөлігі жатынның жұмсақ ұлпаларымен жабыса өсіп күрделі мүше ұрық орны немесе плацента пайда болады. Хорионда да, жатынның жұмсақ ұлпаларында да қан тамырлары өте жақсы дамыған. Осы арада ана мен ұрықтың қан тамырлары өзара ұштасады, бірақ әрқайсысы жеке-жеке жатады. Соның нәтижесінде ұрықтың мүшелеріндегі газ алмасуы, қоректенуі және ыдырау өнімдерінің бөлініп шығуы орындалады. Осы ананың денесінен ұрықтың мүшелеріне жету осмос қысымы арқылы орындалады.
Дамуы. Ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның нәтижесінде ұрықтың мүшелеріндегі газ алмасуы, қоректенуі және ыдырау өнімдерінің бөлініп шығуы орындалады. Осы ананың денесінен ұрықтың мүшелеріне жету осмос қысымы арқылы орындалады.Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықты ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбіреулерінікі соқыр және дәрменсіз болып туады. Барлық жануарларда анасы сүтпен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Нерв жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың өкілдері балықтар мен қосмекенділермен салыстырғанда, сан жағынан аз бала табады.
Қазір дүние жүзінде 4500 сүтқоректілердің түрі бар. Соның 3320 түрі ТМД-да болса, Қазақстанда 178 түрі қолайлы орын тапқан.