Лекциялар жинағы шымкент 2019


-лекция. Тақырыбы: Сүтқоректілер класы (Mammalia)



бет37/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#107294
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

12-лекция. Тақырыбы: Сүтқоректілер класы (Mammalia)
Түйінді сұрақтар
1. Морфологиялық және биологиялық сипаттамасы.
2. Қазіргі сүтқоректілердің географиялық таралуы және систематикасы.
3. Алғашқы аңдар кластармағы.


Лекция мәтіні: Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың ерекшеліктері мынадай.
1. Оларда орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Оның ішіндегі жоғарғы нерв әрекетінің орталығы – үлкен ми жарты шарлары жақсы дамыған (сұр қыртысы). Соның нәтижесінде орта жағдайына байланысты бейімделуі жақсы жетілген.
2. Сүтқоректілер тірі туады. Баласын үтімен қоректендіреді. Бұл сүтқоректілердің әртүрлі жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді және төлдерінің өніп-өсуіне қолайлы жағдайлар туады.
3. Дене температурасыныяң тұрақтылығына байланысты, жылу реттелуі жоғары дамыған. Сүтқоректілердің денесінің температурасы шамамен 37-480С дененің температурасының бұлай болуы, бір жағынан химиялық терморегуляцияның дамуы болса (организмнің жылу бөлуі), екінші жағынан физикалық терморегуляцияның жылуды реттеудің күшінің (терлеу, терінің қан айналысының өзгеру сипатында) дамуына байланысты. Денедегі жылуды реттеуде тері астындағы майдың, қаптап тұрған түктердің маңызы өте зор[1].
Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері:
Сүтқоректілердің терісінде түрлі бездері бар. Мысалы, тері бездері – тер шығарады, суды сыртқа шығарады, жылуды реттейді, терморегуляция қызметін атқарады, май безі – одан бөлінген шырын жүндерін, терінің үстін майлап, олардың сынбауына, кеуіп кетпеуіне ұзақ уақыт қызмет жасауына мүмкіндік береді. Иіс безі бір-бірімен қатынас үшін, қорқыту үшін. Сүт безі – (аналық) балаларын сүтпен асырау үшін қажет.
Сүтқоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қаптап тұратын түк болады (волос). Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т.б.) түк тіпті болмайды, болса рудимент түрінде сақталған (екінші рет жойылған). Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Оның негізгілеріне: Малдың түк (түбіт), қылшық, сезгіш түк (вибрис) т.б. жатады.
Осындай ерекшеліктері әр түрлі жағдайларға қарамастан сүтқоректілердің кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Сол таралу жағдайына қарай оларды бірнеше экологиялық топтарға бөледі: көпшілік ссүтқорктілер жер бетінде тіршілік етеді (үй малдары, қасқыр, марал, елік т.б.), суда (кит тәрізділер – дельфиндер мен кашалоттар), сирендер, - Стеллер жартылай суда – ескек аяқтылар – тюленьдер, морждар; камшат, құндыз, ондатр, нутра т.б.; ағаш басында (маймылдар, тиіндер т.б.), аулада, (жарқанаттар), жер астында – (көртышқан, бұзаубас, соқыртышқан т.б.) [2]
Бұл класқа омыртқалылармен салыстырып қарағанда көптеген өзіндік белгісі бар жануарлар жатады. Терінің үсті азды-көпті жүнмен жабылған. Жүнмен терінің негізгі маңызы организмді сыртқы ортаның зиянды әсерінен сақтаумен қатар, дененің температурасын тұрақты мөлшерде сақтау.
Терінің астында, қалыңдығы әр түрлі болатын май қабаты бар. Бұл май суық жаққа немесе теңізде тіршілік ететін сүтқоректілерде қалың, мысалы, көк киттің тірі майының қалыңдығы 30 см дейін. Май қорек жеткіліксіз болғанда жұмсалатын денедегі қоректік заттың қоры да болып есептеледі. Сондықтан қыста ұйықтап жатқан кейбір жануарлардың (күзде) майы көп болады.
Сүтқоректілердің терісінде түрлі бездер көп болады. Ол бездердің клеткалары бөліп шығаратын заттар шырын деген ортақ атпен аталады. Бездердің өздері бірнеше топқа бөлінеді және секреттерін белгілі түтік арқылы шығарады. Секреттің химиялық құрамы әр түрлі болады. Мысалы, тер бездері – тер шығарады, ал сүт бездері – сүт шығарады т.б. Сүт безі тек сүтқоректілерде ғана болады. Кейбір бездер түтіксіз болғандықтан секреттері ғана қосылады.
Сүтқоректілерде денені қозғалысқа келтіретін әртүрлі бұлшық еттер болады, олар үйектерге бекиді. Басқа омыртқалылардан сүтқоректілердің тағы бір ерекшелігі дене кеуде және құрсақ қуысына өлінген, ол екеуінің расынан көкірек құрсақ ердесі емесе диафрагма бөліп ұрады. Сүтқоректілердің денесін құрайтын әртрлі мүшелер өздерінің атқаратын қызметіне байланысты бірнеше жүйеге бөлінеді: сүйек, ет, ас қорыту, зәр шығару, қан айналу, нерв жүйесі және ағы басқалар.
Қазір дүние жүзінде үтқоректілердің 4500 түрі белгілі. Соның 332 түрі ТМД жерінде мекендейді. Ал Қазақстанда сүтқоректілердің 178 түрі кездеседі.
Қаңқасы. Ересек сүтқоректілерде сүйекті болады. Хорда тек эмбриондық даму кезеңінде айқын білінеді. Омыртқа жотасы – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан құралады.
Мойын омыртқаларының саны әрқашан тұрақты болады. Алдыңғы екі мойын омыртқасын – ауыз омыртқа (атлант) және эпистрофей деп аталады. Мойын омыртқасы жеті омыртқадан тұрады. Бірақ сүтқоректілердің мойнының ұзындығы бірдей емес. Мысалы, тұяқтылардың мойыны ұзын, кемірушілердің мойыны қысқа болады. Демек, олардың ойнының ұзындығының түрліше болуы сүтқоректілердің мойын омыртқаларының санына байланысты емес, жеке омыртқалылардың денесінің ұзын және қысқа болуына байланысты. Арқа омыртқалары көпшілігінде 12-15 болады, ал кейбіреуінде 24 арқа омыртқасы болады. Бел омыртқаларының саны 2-ден 9-ға дейін болады. Сегізкөз көпшілігінде бір-бірімен бірігіп өсіп кеткен 3-4 омыртқадан тұрады. Құйрық омыртқаларының саны тұрақты болмайды. Мысалы, Гиббонда – 3 болса, кесірткеде 49-ға жетеді[3].
Ми сауыты. Миының үлкен болуына байланысты, сүтқоректілердің ми сауыты да үлкен болады. Жоғарғы жақ, 2 жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Төменгі жақ сүйегі бір жұп тіс сүйегінен қалыптасады. Буындасу сүйегі, есту сүйекшесі – балғаға айналады, шаршы сүйек есту сүйекшесінің екінші бір түрі төске айналады. Бұл екі есту сүйекшелері және үшінші есту сүйекшесі – үзеңгі ортаңғы құлақ қуысының ішіне орналасады. Ортаңғы құлақтың сыртқы бөлімі және есіту жолы – дабыл сүйегінен тұрады.
Сүтқоректілердің иық белдеуі негізінен жаырын мен бұғанадан тұрады. Каракоидты сүйектер барлық сүтқоректілерде рудиментті түрде кездеседі. Жамбасбелдеуі жер бетінде тіршілік ететін жануарларға тән шонданай (седалищными), шап (ловковыми) және мықын (подвздошными)үш сүйектен тұрады. Осы үш сүйек тұтасып барып – жамбас сүйегін құрайды. Барлық жер бетіндегі қозғалатын сүтқоректілердің аяқтары бес сауақтан болып келеді. Мысалы, жер бетінде жүретін түрлерінде аяқтары ұзын болса, ал суда тіршілік ететіндерінде керісінше қысқа болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет