Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi


Өрнектi онымен теңбе-тең, берілгеніне қарағанда қарапайым өрнекпен алмастыру өрнектi ықшамдау делiнедi. Ықшамдағанға дейiнгi өрнек ықшамдағаннан кейiнгi өрнекпен теңбе-тең өрнек болды



бет25/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128
Байланысты:
Лекциялар жинағы -11

Өрнектi онымен теңбе-тең, берілгеніне қарағанда қарапайым өрнекпен алмастыру өрнектi ықшамдау делiнедi. Ықшамдағанға дейiнгi өрнек ықшамдағаннан кейiнгi өрнекпен теңбе-тең өрнек болды.

I. (4х+5)-3х+2=(4x-3x)+5+2=x+7. Сонда (4х+5)-3х+2 өрнегi мен х+7 өрнегi теңбе-тең өрнектер себебi, мысалы‚ егер х=1,3 болса, (4х+5)-3х+2=(41,3+5)-31,3+2=(5,2+5)-3,9+2=8,3 және х+7=1,3+7=8,3.

II. 5,2х23=(5,223)х=31,2х. Көбейту амалының ауыстырымдылық, терiмдiлiк қасиетiн пайдаланып ықшамдалды.

III. Көбейту амалының үлестiрмелiк қасиетiн пайдаланып ықшамдауға мысал келтiрейiк.



IV. Қосындыны бөлiмiндегi санға бөлудi пайдаланып ықшамдау.
.
V. Әрiп өрнегi бар бөлшектi қысқарту арқылы ықшамдау.

Келесi сабақта әрiптi өрнектердегi жақшаны ашып, ортақ көбейткiштi жақша сыртына шығарып, жақшаға алып түрлендiру қарастырылады. Бұл жерде оқушылар мына мәселелердi бiлуi тиiс:
1. Жақшаны ашып әрiптi өрнектердi түрлендiруде:
а) Егер жақшаның алдында «+» таңбасы болса, онда жақшаны ашқанда жақша iшiндегi өрнектер өз таңбасымен жазылады.
Мысал.
4а+(2+6а-5b)=4a+2+6a-5b=10a+2-5b.
ә) егер жақшаның алдында «-» таңбасы болса, онда жақшаны ашқанда жақша iшiндегi өрнектердiң таңбалары қарама-қарсы таңбаға өзгертiледi.
Мысал.
3а-(4b-a+9)=3a-4b+a-9=4a-4b-9.
2. Әрiптi өрнектердiң құрамында ортақ көбейткiштер болса, ортақ көбейткiш жақша сыртына шығарылады:
Мысал.
3ab-6ac=3a(b-2c).
а) жақша алдына «+» таңбасы бар ортақ көбейткiш шығарылса, жақша iшiндегi өрнектер өз таңбасымен қалады.
ә) ортақ көбейткiш «-» таңбасымен шығарылса, жақша iшiндегi өрнектердiң таңбасы қарама-қарсы таңбаға аустырылады.
Мысалдар.
5+3a-7b-4c=5+(3a-7b-4c); 6a+7b-49c=6a+7(b-7c);
5+3a-7b-4c=5-(-3a+7b+4c); x-2xy+3x=-x(-1+2y-3).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет