Мектеп оқулықтарында функция ұғымы.Мектеп математикадағы негізгі ұғымның бірі функция болып саналады. Мектеп бағдарламасында бұл мәселеге көп көңіл бөлінген. Оқушылардың бұл ұғымды неғұрлым терең меңгеруі олардың математикалық білімдері деңгейінің көрсеткіші.
5-сынып математикасындағы айнымалысы бар өрнектерді оқып үйрену функцияны оқып үйренуге дайындық болып табылады. Мұнда «функция» термині енгізілмейді, алайда осы ұғымды қалыптастыру жөнінде жыл бойы жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі. Функция ұғымының қалыптасуына айнымалы шамалары бар арифметикалық есептерді шығару көмектеседі. 5 сыныптағы функционалдық түсініктерді қалыптастыру жөнінде басталған жұмыс 6-сыныпта функция ұғымын енгізуге мүмкіндік береді, функция ұғымының мазмұны айқындалып, тиісті анықтама беріледі. Функцияның берілу тәсілдері (таблицалық, графиктік, аналитикалық) қарастырылады. у=kx және y=k/x функцияларын оқып–үйренеді. Олардың графиктері салынады.
7-сыныпта у=ах пен у=ах функцияларының графиктерімен танысады.
8-сыныпта функциялық түсініктер дамытылады. Мысалы, бүтін теріс көрсеткіші бар дәрежелерді оқығанда у=ах, у=ах түріндегі функциялардың графиктері, квадрат түбірлерді оқығанда у= функциясының графигі, квадрат теңдеулерді оқығанда квадрат үшмүшеліктердің графиктері қарастырылады.
9-сыныпта оқылатын алгебра курсында функцияларды оқып-үйрену әрі қарай жалғастырылады. Берілген функцияға кері функция ұғымы енгізіледі,
8-сынып геометриясында sinx пен cosx функцияларының қарапайым қасиеттері оқылады. tgx функциясы sinx/cosx қатынасы ретінде енгізіледі. Тригонометриялық функциялар негізінен 10-сыныпта оқылады.
10-11-сыныптарда «Алгебра және анализ бастамалары» курсында функция ұғымын және оның қасиеттерін, түрлерін, берілу тәсілдерін, графиктерін кеңінен қарастырады. Оқушылар жалпы функция ұғымымен, өспелi және кемiмелi функциялар, жұп және тақ функция, жалпы түрде берiлген функция, функцияның таңба-тұрақтылық қасиетi, функцияның нөлдерi, функцияның ең үлкен және ең кiшi мәндерi және т.б. танысады. Қарапайым түрлендірулерді қолданып, функцияның графиктерін салуды үйренеді.
Функцияның нүктедегі шегі, функцияның нүктедегі және кесіндідегі үзіліссіздігі, олардың қасиеттері, функцияның туындысы ұғымымен танысады, туындыны функцияларды зерттеу кезінде қолдануды үйренеді. Алғашқы функция, анықталмаған және анықталған интеграл, қисық сызықты трапеция, n-ші дәрежелі түбір, рационал көрсеткішті дәреже, логарифм, көрсеткіштік және логарифмдік функциялар ұғымдары және осы ұғымның қасиеттерімен танысады. Иррационал теңдеулерді, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешуді, сонымен қатар жазық фигуралардың ауданын интеграл арқылы табуды үйренеді.