Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


Жер өңдеу құрал-жабдықтары дөрекі темір кетпен, ағаш, жер тырма  жəне сирек кездесетін темір соқалар болды



Pdf көрінісі
бет41/76
Дата27.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#129183
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

 
Жер өңдеу құрал-жабдықтары дөрекі темір кетпен, ағаш, жер тырма 
жəне сирек кездесетін темір соқалар болды.
 
Сырдария, Торғай жəне 
Ырғыз өзендері жағалауында тұратын қазақтар бау-бақша егумен 
айналысты. Онда қарбыз, қауын, пияз, сəбіз, асқабақ, жүгері жəне 
т.б. көкөніс түрлерін екті.
Қазақтар ертеден балық кəсіпшілігімен, сонымен қатар аң ау-
лаумен де (қасқыр, түлкі, қарсақ т.б) айналысты. Аң терілерін өз 
қажеттеріне жұмсап жəне орыс саудагерлеріне сатып отырды. 
Қазақтардың негізінен кедей бөлігі — жатақтар мен егіншілер балық 
шаруашылығымен айналысатын, олар балықты ау немесе сүзгіш 
арқылы ұстады.
Қазақтардың шаруашылығында түрлі қолөнер де ерекше орын 
алды. Тері өңдеу, оқ-дəрі жасау, ағаш немесе сүйектен, темірден
түрлі заттар жасау дами түсті. Əсіресе, киіз үйдің кереге, уық, 
шаңырағын жасайтын шеберлер ерекше бағаланды. Қазақтар үй 
шаруашылығына керекті шалғы, соқа, орақ сияқты кейбір заттарды 
темірден жасаған. Зергерлер күмістен түрлі əшекей бұйымдар жа-
сап отырған. Суық қарудың барлық түрлерін, мылтықты да жасай 
білген. Қазақ əйелдері текемет, киіз, сырмақ, тұмақтар, тондар, аяқ 
киім т.б. заттарды керемет жасаған.
Ұсталардың күмістен жəне теріден жасалған заттары ішкі базар-
ларда сатылып немесе өздерінің шаруашылығына қажетті заттарды 
көрші елдермен айырбас жасады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысын-
да Ресеймен айырбас сауда қатынасы дамыды. Сауданың негізгі 
тіректері Орынбор, Троицк, Петропавловск бекінісі, Пресногорь-
ковск, Омбы, Семей жəне Орал болды. Ресейдің қазақтармен сауда 
қатынасы орыс тілін білетін саудагерлер немесе татар көпестерінің 
көмегі арқылы жүрді. Ішке тауар əкелу сыртқа тауар шығарудан 
басым болды. Сыртқа: мал жəне сүт өнімдері шығарылса, өздеріне 
қант, темекі, ыдыс-аяқ, шай, дəрі-дəрмек жəне т.б. заттар алып от-
ырды.
Біртіндеп ішкі сауда дами бастады, бірақ ол негізінен айырбас 
түрінде болды. Айырбас саудасы тек қана рулар арасында ғана емес, 
қазақ жүздерінің арасында да жүрді, ал кей жерлерде ақшаға да сау-
да жасалды.
 
Айырбас сауданың дамуы барысында Қазақстанда не-
сие сауда қатынасы кең қанат алды. Көпестер мен Сібір казактары 
заттарды қазақтарға несиеге əкеліп беріп, көп жағдайда оларды ал-
дап кетіп отырды. Қазақтар арасында арнайы сауда серіктестіктерін 
құрып, жоғары өсіммен несиеге ақша беріп отырған арнайы сауда-
герлер де пайда болды. 
Ақша-тауар қатынасының дамуы кедей-батрақтардың пайда 
болуына əкелді. Ақша табуға жұмысқа кеткен көптеген қазақтар 
балық аулаумен айналысты, шеп бойындағы бай тұрғындарға жал-
данып түрлі жұмыстар істеді. Қазақтардың тек аз бөлігі ғана тау-кен 
өндірістерінде (Баянауыл таскөмір өндіру, Қарқаралы қорғасын, т.б.) 
жұмыс істеді. Шеп бойындағы орыс шаруашылығына жалданған 
қазақтардың жағдайы өте нашар болды, олар көп жағдайда еңбек 
ақыларын да дұрыс ала алмай, өз қожайындарының қанауына 
түсті.
Елдің шаруашылық жағдайының өзгеруі қазақтардың əлеуметтік 
қарым-қатынасына əсер етпей қоймады. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. ба-
сында қазақ қоғамында үстемдік құрушы ру старшындары мен би-
лер болды. Олар елге əдет-ғұрып заңдарын сақтаушы əрі түсіндіруші 
болып саналды. Билер хандар жəне сұлтандармен қатар сот істеріне 
араласып, түскен пайданы бөлісуге, қоғамдық жерлерді біріктіру 
үрдісіне қатысып отырды.
ХІХ ғасырдың басында ру басшылары мен сұлтандар рудың жақ-
сы қыстауымен жəне шабындық жерлерін пайдалану құқықтары-
мен ғана шектелмей жеке иеліктерді де басып алуға кірісті. Жақсы 
қауымдық жерлерді тартып алумен патша өкіметі де айналысты. 
Мұның бəрі қазақ руларының дəстүрлі қалыптасқан көшіп-қону 
жолдарының бұзылуына əкелді, бұл дəстүрлі мал шаруашылы-


136
137
ғының дағдарысқа ұшырап, жайылымдық жерлердің құлдырап, 
шаруашылық құрылымының өзгеруіне себеп болды. Қарапайым 
қазақтар салық төлеуге міндеттелді. Егінді жерлерден «үшір» 
(жиналған өнімнің 10-нан бір бөлігі) салығын, «зекет» (жиналған 
малдың 40- бөлігі) ханға берілетін болған. ХІХ ғасырға дейін зекет 
жинау құқығы тек ханда ғана болса, ХІХ ғасырдың 20-жылдарында 
хандық билік жойылған соң сұлтандар мен билер жинайтын бол-
ды. ХІХ ғасырдың І жартысында осы екі салық түрі жиі жиналып 
тұруы жəне олар міндетті болды. Оған кейін мал шаруашылығына 
міндеткерліктер «соғым» жəне «сыбаға» т.б. сипаттағы салықтар 
қосылды.
ХІХ ғасырдың І жартысында бай туыстары мен казак-орыстар-
дан, орыс шаруаларынан жұмыс іздеуге мəжбүр болған кедейлен-
ген қазақтар саны өсті. И.Завалишин: “жатақтар байларға малшы 
болып жалданды, батрақтар шеп бойындағы казак-орыстарға, шеп 
бойындағы қалаларда олар тіптен топтарымен бір жапырақ нан үшін 
жалданып жұмыс істеді”,— деп көрсетеді. Кедей қазақтар атқарған 
істеріне қарай егіншілер, жатақтар жəне бақташыларға бөлінді.
Үстемдік етуші топқа мұсылмандықтың өкілдері қожалар мен 
молдалар да кірді, қожалар өздерін Мұхаммедтен тараған бірінші 
ұрпақтың тұқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның 
өкілдері ретінде салықтан босатылды жəне тек сұлтандар сотына 
тартылатын болды.
Мұндай артықшылықтарды тархандар да иеленді. Бұл атақты 
ХІХ ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін 
Ресей өкіметі мен Ішкі Ордада — хан беретін болды. Алғашқы 
«тархан» атағын билер Ж.Сегирбаев жəне Ж.Саламысовқа «Хиуаға 
жасаған жорықтарда көрсеткен ерекше миссиясы үшін» 1821 əскери 
губернатор граф Эссен берді. 1743 ж. императрица Елизаветаның 
жарлығымен «тархан» атағы Жəнібек батырға берілген болатын. 
«Тархан» атағы жеке жəне мұрагерлікке берілу мүмкіндігі болды. 
ХІХ ғасырда «тархандардың» ерекше артықшылықтары болмады, 
олар тек салықтан босатылды. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында тар-
хандар саны 20-дан аспады, тархандар институты жойылу шегінде 
тұрды. 
Қазақ қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топ-
тың бірі батырлар болды. Алғашқыда батырлар тайпалар мен 
рулардың əскер басшылары болса, кейін жоңғарлармен жəне Орта 
Азиялық жаулаушылармен болған күресте батырлардың əлеумет-
тік рөлі ерекше жоғарылап ру ақсақалдары деңгейіне көтерілді. 
Ш.Уəлиханов: “Батырлар — қазақтарда рубасы сұлтандардан кейін 
атақты əрі маңызды адам ... Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі 
елде əрқашанда салмақты болды”,— деп көрсетеді.
ХІХ ғасырдың ортасында қазақ қоғамында тауар-ақша 
қатынасына байланысты жаңа əлеуметтік топ — байлар пайда 
болды. Қазақтардың арасында ірі сауда қатынастарын жүргізетін 
бірқатар байлар болды. Олар заттарды сатып қана қоймай, басқа 
адамдарға несиеге өсіммен ақша берді. Мысалға, Ахмет Жантөрин 
сауда жасап қана қоймай, белгілі бір табыс үшін қандай да бір ша-
руамен айналысамын деген қазақтарға несиеге ақша беріп отырған. 
Байлар сұлтандар мен рубасылар арасынан да, «қара сүйектер» орта-
сынан да шықты. Байлар белгілі келісім бойынша жұмысшыларды 
жалдап отырды. Байлар керуендік саудамен де айналысқан. Кейде 
байлардың өзі керуенбасы болып қызмет етіп, қазақ даласында сауда 
жасаған, бірақ көбінесе түйелерін қарапайым қазақтарға белгілі бір 
ақыға беріп, олардан ақыны ақшалай, кейде заттай алып отырған. 
ХІХ ғасырдың басында байлардың шығуы қазақ қоғамында жаңа 
экономикалық құбылыс болды.
Егіншілер, жатақтар мен бақташылардың болуы ішкі қазақ 
қоғамында əлеуметтік теңсіздік патшалық Ресейдің Қазақстандағы 
отаршылдық саясатының белсенділігімен де күшейе түскен еді. 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамында құл ретіндегі 
адамдар санаты да болды, бірақ олар маңызды рөл атқармады да, 
жойылып кету шағында тұрды. Құлдар негізінен соғыста қолға 
түскен жəне базарлардан сатып алынып отырған. Олар көбінесе үй 
шаруашылығына пайдаланылды. Кейіннен олар қоғамның толық 
мүшесі болды немесе төлеңгіттерге айналып отырды.
ХVІІІ ғасырда төлеңгіттер хандар немесе сұлтандардың 
əскери қызметшісі болды. Олар кейде жауапты дипломатиялық 
жұмыстарды да орындады. Төлеңгіттердің əлеуметтік жағдайының 
өзгеруі ХІХ ғасырда қазақ мемлекеттігінің жойылуымен байланы-
сты болды. Төлеңгіттер енді өз қожайындарының оққағары неме-
се жасақтары ретінде қызмет етті. Төлеңгіттер сұлтандарды жəне 
олардың мүлкін қорғауға, жол сапарда бірге жүруге, шабармандық 
сияқты т.б. қызметтерді де атқарды. ХVІІІ ғасырда төлеңгіттерді тек 
қана «ақ сүйектердің» тұқымдары сұлтандар ғана иелене алса, ХІХ 
ғасырдың І жартысында сұлтандар бұл құқықтарынан айырылып, 
енді төлеңгіттерді билер мен старшындар да иелене алды.
Осылайша, ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында қазақ қоғамы екі 
қарама-қарсы топ — сұлтан, би, бай, батыр бір жағында болса, 
екіншісі — қарапайым шаруа, оның ішінде кедейленген егіншілер, 
жатақтар мен бақташылар болды.


138
139
Егер бұрын жасы келген, алдына барып ақыл сұрайтын адам 
— ақсақал атанса, енді ХІХ ғ. І жартысында билікке ие болған 
басшы-сұлтандар мен аға сұлтандар да ақсақал атанды. Əйелдердің 
ер адамдармен қатар тең құқылары болмады. ХVІІІ ғ. соңы мен 
ХІХ ғ. басында мемлекеттік маңызды мəселелерді шешуде қазақ 
қоғамында рулық-патриархалдық қатынастардың сақталып қалуы 
қоғамның одан əрі дамуына, бірігуіне, орталықтандырылған мемле-
кет құруына тежеу жасады.
Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саяси жағдайын жете 
білуге тырысқан патша өкіметі хандық билікті сақтай отырып, 
қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уəли 
хан (1781—1819 жж.) болып бекітілді. Ресей əкімшілігі сұлтандар мен 
ру басшыларының өздерінің хандарына, оның ішінде Уəли ханға 
қатысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарастыруға тыры-
сты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, сот жəне рухани өміріне бай-
ланысты шараларды даярлаумен де айналысты. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет