14
15
Қола дəуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола метал-
•
лургиясы);
Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал
•
шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы;
Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы;
•
Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің
•
озық түрі — көшпелі мал шаруашылығына көшті;
Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер
•
құрыла бастады.
Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекенде-
ген. Негізгі қоныстанған ауданы — Орталық Қазақстан. Бұл өңірден
көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-
петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып
зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде жерлеу салтында кремация
(мəйітті өртеу) басым болған. Келесі — Атасу кезеңінде жерді иге-
ру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі.
Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау
кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен
қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен
қорымдарды қазған кезде қола құралдары, қару-жарақтары, сəндік
заттар шықты. Мəйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып
жерлеу жиірек ұшырасады.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мəдениет
— Беғазы-Дəндібай мəдениетінің құрылуымен белгілі. Орталық
Қазақстанда көп жылдар бойы археологиялық зерттеу жұмысын
жүргізген академик Ə.Х.Марғұлан қола дəуірінің соңғы кезінің өзіне
тəн ерекшеліктерін ескере отырып, оны Беғазы-Дəндібай мəдениеті
деп атауға ұйғарды. Бұл мəдениетке ғалым Беғазы, Бұғылы, Саңғыру,
Айбас дарасы, Дəндібай ескерткіштерін жатқызады. Аталған ескерт-
кіштерден алынған материалдар қола дəуірінен темір дəуіріне
өтетін өтпелі кезін көрсететіндігін дəлелдейді. Бұл мəдениетке тəн
бір қасиет, ол бірінші жағынан, андронов дəстүрін сақтайды, екінші
жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік
өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері
пайда болады. Мəйіттерді бүктеп жатқызып қоюмен бірге, оларды
шалқасынан жатқызып қою да кездеседі. Бұл мəдениетке сонымен
қатар Қарағандының оңтүстік бетіндегі Ақсу-Аюлы ІІ қабірі жа-
тады. Осы кезде жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер
салу рəсімі кең жайылады. Тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен
пайдаланылған. Металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған.
Солтүстік жəне Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық
мəдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен
Алексеев қонысы мен Тастыбұтақ қорымы кеңінен мəлім бол-
ды. Ертедегі қола кезеңіне мəйітті өртеп көму рəсімі жатады. Сол
кездері ежелгі қалалардың прототиптері деп есептелетін қоныстар
пайда болды. Соның бірі — Арқайым Челябинск жəне Қостанай
облыстарының шекарасында орналасқан. Кейінгі қола дəуірінің
бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің
Қима мəдениетінің, ал Батыс Қазақстан — Еділ бойының Қима
мəдениетінің қатты ықпалына түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мəдениетінің дамуы да осы
тектес жолмен жүреді. Ертіс пен Бұқтырманың, Күршімнің
көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандары-
нан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дəуірінің ондаған
қоныстары мен қорымдары табылды. Қанай қорымы жəне онымен
қатар орналасқан қоныс қабірлерінің дені кейінгі қола кезеңіне жа-
тады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дəуірінде халық тығыз
қоныстанған аймақ болды. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы
суреттердің аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазақстанның
оңтүстігінен ғана табылды. Жетісуға федоров пен алакөл
тайпаларының мəдениеттері элементтерінің араласып-құраласып
жататыны тəн болып келеді. Федоров дəстүрінде қоршаулары
тікбұрышты жəне дөңгелек болып келетін қабірлер көбірек кездеседі.
Жетісудың орта қола дəуіріне Таңбалы, Қарақұдық қорымдары жа-
тады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы
қазылып аршылды. Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан
қола дəуірінің бірегей ескерткіші — Түгіскен кесенесі ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: