242
243
дегі механикалық өсуі 1,8 млн адамнан асты. Үшіншіден, көші-
қонымның нəтижесінде демографиялық өзгерістер болды, яғни
Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Большевиктер өлкеге
жұмысқа басқа ұлттардың алдыңғы қатарлы өкілдерін əкелді
деуге болмайды. Себебі, кеңес үкіметі əртүрлі қылмысы үшін
сотталып, түрмеде отырғандардың еңбегін арзан жұмыс күші
ретінде пайдаланды. Сонымен қатар индустрияландыру саяса-
ты республикада жергілікті ұлт өкілдерінің санының азаюына да
əсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нəтижесінде
өлкедегі ұлтаралық қарым-қатынас шиеленісті. Оның себебі,
Орталықтан əкелінген еуропалық ұлт өкілдерінен шыққан пар-
тия, кеңес қызметкерлері мен жұмысшылар қазақ қызметкерлері
мен жұмысшыларына менмендікпен жоғарыдан қарады. Мұндай
көзқарас туралы фактілерді құжаттардан көруге болады. Больше-
виктер, сонымен қатар ірі өндіріс орындарының басшылығына
жергілікті ұлт өкілдерін жібермеуге тырысты. Орталық үкіметтің
нұсқауын бұлжытпай орындайтын адамдарды орталықтан жіберіп
отырды.
Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын
жүзеге асыру нəтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне
толық өзгеріс əкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл
шаруашылығы, əсіресе, көшпелі мал шаруашылығы жəне оның
өнімдері əрі қарай дамытылмай, дағдарысқа ұшырады. Оның себебі,
большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық даму-
ының бағытын өзгертті, яғни халық шаруашылығының жетекші
саласы етіп өнеркəсіп өндірісін белгіледі жəне оның қарқынын
жеделдетті. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті
заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының
барлық саласы əкімшіл-əміршіл большевиктік басқару əдісіне
бағынышты болды. Өлкенің бұл кездегі өнеркəсіп өндірісінің да-
муы шын мəніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді.
Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды.
Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық
тұрғыдан отарлау саясатын одан əрі жалғастырды.
Достарыңызбен бөлісу: