Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


 Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау



Pdf көрінісі
бет39/76
Дата27.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#129183
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

3. Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау 
шараларына қарсы күресі
ХVІІІ ғасырдың 30- жылдары Кіші жүзді өзіне тəуелді еткен 
соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саяса-
тын тереңдете бастады. Оның барысында елдің шаруашылығы 
күйзеліске ұшырап, саяси жағдайлар шиеленісе түсті. Мұның 
барлығы Қазақстанның əр өңірінде халықтың наразылығын ту-
дырып, көтеріліске шығуға итермеледі. Ал, Кіші жүз өңірінде 
қалыптасқан жағдайлар қазақтардың Е. Пугачев бастаған көтері-
ліске қатысуына себеп болды. Өзін “ІІІ Петрмін” деп жариялап, 
лақап ат жамылған Е. Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақ дала-
сында болып жатқан мəселелерден біршама хабардар еді жəне олар 
қазақтардың көтерілісті қолдайтынын түсінген болатын. Сондық-
тан, ол жағдайларды өз мүддесіне пайдалануға тырысып, 1773 
жылдың 6 кыркүйегінде қазақтарға “қамқор” болатынын білдіріп 
манифест жазып, 200 адамнан тұратын қазақ жасақтарын жіберуді 
сұрайды. Пугачевтың жазған мұндай үндеулері қазақтар арасынан 
біршама қолдау тапты.
Осыдан кейін, кыркүйектің 20-сына қарай Нұралы хан 1000-ға 
жуық қазақ жасағымен Жайық қалашығының жанына келеді, бірақ, 


126
127
Пугачевқа көмек көрсетуден тартынып, көп ұзамай кері қайтып 
кетеді. Пугачев 1773 жылдың 20 қыркүйегінде қазақтарға арнап 
тағы да манифест жазады. Одан соң, Пугачев Жайық қалашығына 
шабуыл жасап оны ала алмайды да, онда аз ғана отрядын қалдырып, 
негізгі күшін алып Орынборға қарай кетеді. Жол бойында Черноре-
ченск, Татищев бекіністерін басып алады.
Қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная, Ко-
жехаров, Красногор дистанциялық бекіністеріне шабуылдар жа-
сайды. 1773 жылдың 5 қазанында Пугачевтың көтерілісшілері 
Орынборды қоршауға алған тұста Досалы сұлтан бастаған қазақ 
жасақтары Пугачевтың өтініші бойынша Орынборды қоршауға 
алуға қатысады. Досалы сұлтанның үш баласы Пугачевты қолдап 
көтеріліске қатысқан болатын. Орынборды қоршау 5 айға созылып, 
оның барысында 2000-дай қазақ жасағы қолдау көрсетті.
1774 жылдың тамыз айында старшын Дайыр сұлтан бастаған 
50 қазақ жасағы Пресногорьков бекінісін шабуылдады. Құлсары 
батыр бастаған қазақтар редутке шабуыл жасап, оған старшындар 
Алғабай, Итек жəне Дəуітбай тархан қатысты.
Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, 
т.б., қатысқан еді. Бұл көтерілісті басуға патша əкімшілігі жақсы 
қаруланған жазалаушы əскер жіберді. Жазалаушы əскер Қазан 
маңында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев бастаған 
көтеріліс жеңіліс тапты. 1775 жылдың көктемінде жазалаушы əскер 
көтеріліске қолдау көрсеткен қазақ ауылдарына шапқыншылықтар 
жасады. Бұған шыдамаған қазақтар далаға ішкерілей көшіп кетіп, 
бас сауғалайды.
Ал, 1775 жылдың жазына қарай Кіші жүз өңірінде “Көрінбейтін 
адам” немесе Көктемір туралы аңыз тарайды. Бұл аңыздың тара-
луы барысында күйеуі Сейдалы сұлтанның қолдауына сүйенген 
Сапура Мəтенқызы “Көрінбейтін адам” атынан үндеу таратып, жа-
нына жасақ жинап, күзге қарай көтеріліске шықты. 1776 жылдың 
көктемінде Сейдалы сұлтан бастаған көтерілісшілер отряды жа-
залаушы əскердің құрамында болған башқұрттарға шабуыл жа-
сады. Сапура Мəтенқызы бастаған көтерілістің өрістеуі барысын-
да оған қатысушылардың саны 10 мыңға дейін жеткен болатын. 
Көтерілісшілер Гурьев пен Кулагин бекінісінің аралығындағы 
жерлерге топтасып Ресейге қарсы күресуді ойластырады. Жоғарғы 
Орал, Ор, Елек, Орынбор бекіністеріне шабуылдар жасайды. Бірақ, 
уақыт өте келе көтерілісшілер арасында өзара келіспеушіліктер ту-
ындап, Досалы сұлтан Ресейді қолдап кетеді. 1776 жылдың жазын-
да жазалаушы əскердің күшімен көтеріліс аяусыз басып тасталды. 
Сапура Мəтенқызы бір топ жақтастарымен далаға ішкерілей ене 
отырып, жасырынуға мəжбүр болады.
Бұл көтерілістерден кейін, патша өкіметі 1775 жылы жергілікті 
басқару ісіне қайта ұйымдастыру жүргізді. Орынбор губерниясы 
таратылды. Кіші жүз жəне Орта жүз аумағының бір бөлігін Сим-
бирск жəне Уфа генерал-губернаторлықтарының құрамына берді. 
Орынбордың обер-комендантына Кіші жүздегі патша əкімшілігінің 
жергілікті мекемелерінің іс-шараларын тікелей жүргізу тапсы-
рылып, ол үшін Шекара істері комиссиясы құрылды. Патшалық 
үкімет орындары қазақ сұлтандарын өзінің сенімді тірегіне айнал-
дырып, олардың көмегімен қазақтардың толқуларын болғызбауға 
ұмтылды. Өз тарапынан Нұралы хан мен сұлтандар патша үкіметіне 
адалдығын дəлелдеуге бар күшін салды. Патшалық үкімет орында-
ры сыйлықтар үлестіру, айлық тағайындау, шен беру жолымен дала 
аристократиясымен одақты нығайтуға ұмтылды. 
Кіші жүз жерлеріне салынған бекіністердегі казак-орыс əскер-
леріне жергілікті халық есебінен жер бөлініп беріле бастады. Бұл 
жағдай жайылымдық жерлердің тарылып, мал шаруашылығының 
күйзеліске ұшырауына алып келді. Сонымен қатар, бекіністерге 
орналасқан казак-орыстар қазақ ауылдарына шабуылдар жасап, мал-
дарын айдап, адамдарын байлап əкетіп отыратын болды. Орынбордың 
əскери губернаторы Н.Вахметьев патшаға жазған мəлімдемесінде: 
“Шеп бойындағы барлық бастықтардың қолдауымен рұқсат етілген 
жазалау шаралары қазақтарды аздырып-тоздырып, талан-таражға 
ұшыратуы сондай, барымта деп алынған малдың мыңынан жүзі 
иесінің қолына қайтып тимейді. “Шекараға жете алмай өлді” де-
ген сылтаумен мал барымта басшысының т.б. қолында қалып от-
ырды. Сөйтіп осы жаман əдет арқылы дүние-мүлік жинап, байып 
алғандар көп»,— деп көрсетеді. “Шекара барымтасы” деген шабу-
ылдар бүкіл бекініс линияларының бойында қолданылып тұрған. 
Мұндай шабуылдар кейде тіпті ойдан шығарылған сылтаулар 
арқылы да жасалған, оның ұйымдастырушылары Жайықтағы казак-
орыс əскерінің атамандары. Бұл шабуылдардың көп болатын себебі, 
шабуылға қатысқандар олжа түсіріп, ауқаттанып отырғандығын 
Орынбор əкімшілігінің өзі де мойындайды. 
Бұл келеңсіз құбылыстарға қоса хан мен патша үкіметінің салған 
түрлі салықтары, көрсеткен зорлық-зомбылықтары халықты əбден 
титықтатқан еді. Патшалық Ресейдің жергілікті əкімшілік орын-
дарына арқа сүйеген Нұралы хан мен оның туысқан сұлтандары 


128
129
70-жылдардың екінші жартысында халықты қанауды күшейтті. 
Нұралы хан Кердері руынан бір жылда — 100 жылқы, Тама руынан 
— 60 жылқы, Табын руынан — 50 жылқы тартып алған.
1782 жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдарының Жайықтан 
өтуіне хан шекаралық үкімет органдарынан рұқсат алғаннан 
кейін ғана жол берілді. Нұралы мен оның ең жақын туыстары 
қоныстарға билік ету құқығын пайдаланып, қиянат жасады, Орал 
казак əскерлерінің старшиналарымен сөз байласты. Əскери стар-
шиналар өзеннен өткені үшін ақы төлемеген ауылдарды тонады, ал 
қазақтарды тұтқынға алып, айдап əкетті. Сол кезде хан мен оның 
жақындастары тұтқындарды сатып алу үшін халықтан қаражат 
жинады. Бұл қаражат Орал əскерінің старшиналарымен бөлісілді. 
Сөйтіп, “тұтқын іздеу” қаржысы ханның, шекаралық əкімшілік пен 
казактардың үстем топтарының тұрақты табыс көзіне айналды.
Осындай əлеуметтік-саяси себептер С.Датұлы бастаған Кіші 
жүз қазақтарының көтеріліске шығуына негіз болды, Яғни, 1783 
жылдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан 
аса жылқысын айдап əкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан əрі 
шиеленістіріп, көтерілістің басталуына əкеп соғады. Көтеріліс 
алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен 
Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. 
Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен та-
нымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы 
күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады.
1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған 
казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап,
оның өзін тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына құлдыққа са-
тып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал 
қаласынан əскер шығып, 1783 жылдың желтоқсанында күтпеген 
жерден С.Датұлын қолға түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырған Сы-
рымды құдасы Нұралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350 
рубль ақша төлеп босатып алады. 1784 жылдың мамырында елге 
оралған Сырым өз жасағымен Орал əскерлеріне қайта шабуыл 
бастайды. Бірақ, оның бұл əрекеті Нұралы хан тарапынан қолдау 
таппайды. Нұралы оған керісінше қарсы болып, көтерілісті басуға 
əкімшіліктен қосымша əскер жіберуді сұрайды. Нұралы ханның бұл 
ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді көтеріліс тек 
Жайық казактарына ғана емес, Əбілқайыр əулетінен шыққан хан 
мен сұлтандарға да қарсы бағытталады. 
1784 жылы көтеріліске Байбақты, Табын, Шекті, Шеркес 
руларының адамдары да қатысты, кейін көтеріліс одан əрі қанат 
жайып — Барақ, Тіленші, Оразбай, Айшуақтың баласы Жантөренің 
иеліктерін, Жоғарғы Орал бекінісі мен Елек қалашығына дейінгі 
аралықты қамтыды. 1784 жылдың күзінде көтерілісшілердің саны 
1000 адам болса, 1785 жылы Сырым батырдың жасағында — 2700, 
Барақ батырда — 2000, Тіленші батырда — 15000 адамға жеткен. 
1785 жылдың көктемінде Сырымның жасағы Антоновск форпосты-
на, Сахарная қалашығына, Орал бекіністеріне шабуылдар жасап, 
оларға көп шығын келтіреді. 
1785 жылдың наурызында көтерілісті басуға Орынбор қаласынан 
Елек өзенінің жоғарғы ағысын бойлай генерал-майор Смирновтың 
отряды, Сарайшық бекінісінен Пономарев пен Колпаков басқарған 
Жайық казактары аттанады. Бұл отрядтар көтеріліске қатысушы 
ауылдарға ойран салып, тонап, Қаракөл маңындағы ауылдардан 
112 адамды тұтқындап алып кетеді. Майор Назаровтың отрядына 
Сырымға көмекке келе жатқан Айшуақтың баласы Аппақ бастаған 
сарбаздар қарсылық көрсетіп, осы шайқаста Аппақтың өзі де 
ерлікпен қаза табады. Назаровтың отряды Табын руының ауылда-
рына шабуыл жасаған кезде Айшуақтың екінші баласы Жантөрені 
соққыға жығып, балалары көтеріліске белсенді қатысқаны үшін 
Айшуақ сұлтанды тұтқындап, 2124 жылқысын қоса айдап кетеді. 
Осыдан Айшуақ 1787 жылға дейін түрмеде отырады.
Айшуақ сұлтанның тұтқындалып, балаларының біреуі өліп, 
біреуінің соққыға жығылуы, старшындардың патша əкімшілігіне 
бағынбауы, Кіші жүз руларының көпшілігі Нұралы ханды мойын-
дамай көтерілісшілер жағына шығуы, хан билігінің дəрменсіздігін, 
дағдарысқа ұшырағандығын байқатты. Бұл жағдай Ресей өкіметін 
де қатты ойландырды. Енді олар Кіші жүз старшындарымен тікелей 
байланыс жасау жағын ойластырады да, генерал-губернатор 
О.А.Игельстром Орынбор шекаралық комиссиясында қызмет 
істейтін ахун (ахун — мұсылмандық діни лауазым) М.Құсайыновты 
елшілікке жібереді. Елшіліктің алдына: көтеріліс жасаушы рулардың 
старшындарымен тікелей байланыс орнату, көтерілістің себептерін 
анықтау, көтерілісшілердің қоятын талаптарын білу, көтеріліс 
тоқтатылса берілетін жеңілдіктерді түсіндіру сияқты т.б. міндеттер 
жүктеледі. Кіші жүздегі жағдаймен танысқан Құсайынов, 1785 
жылдың жазында көтерілісшілер мен старшындардың қатысуымен 
өткен жиналыста патша əкімшілігінің қоятын талаптарынан хабар-
дар етеді. 
Ал көтерілісшілер өз тарапынан патша əкімшілігіне мынадай та-
лаптар қояды: 1) Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарды қайтару; 


130
131
2) Орал казак-орыс əскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді 
тоқтату; 3) Нұралы ханды тақтан түсіру. Елшіліктен қайтып кел-
ген М.Құсайынов патша ІІ Екатеринаға көтерілісшілердің та-
лаптарын ескертіп, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде 
тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс 
өтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі 
шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде 
мойындамайтындықтарын білдіреді.
Орынбор генерал-губернаторы арқылы осы жағдайлармен 
танысқан патша ІІ Екатеринадан “кіші жүз үш бөлікке бөлініп, билер 
мен сұлтандар арқылы басқарылсын” деген нұсқау келеді. Осыдан 
кейін генерал-губернатор О.А.Игельстром Кіші жүзді басқарудың 
империялық басқару жүйесіне жақын жобасын жасайды. Оның жо-
басы бойынша Кіші жүздегі хандық билік жойылып, елді басқару 
Орынбор шекаралық сотына беріледі, ол генерал-губернаторға 
бағындырылады. Тарихта “Игельстром реформасы” деген атпен 
қалған бұл реформа, жалпы империядағы саяси жағдайға байланы-
сты жəне жергілікті жерде түрлі қарсылықтарға ұшырап, толықтай 
іске аспайды. 
Билер мен сұлтандардың Сырым бастаған бөлігі болмаса, 
барлығы бірдей хандық биліктің жойылуын қолдамаған еді. Хандық 
билік жойылғанмен, патша əкімшілігі Кіші жүзде өздеріне тұтастай 
тəуелді басқару жүйесін құра алмады. Бұл реформаның бір пайда-
лы жағы, оны жүргізу барысында Жайық казак-орыс əскерлерінің 
қазақ ауылдарына шабуыл жасауына тыйым салынды. Қазақтарға 
Еділ мен Жайық аралығындағы жерлерге көшіп-қонуға мүмкіндік 
беріліп, Жайықтан өтуге 45 мыңнан аса шаруашылығы бар 17 ру 
басы рұқсат алады. 
“Игельстром реформасы” толық нəтиже бермеген соң, патша 
үкіметі хандық билікті қалпына келтіру мақсатында енді сұлтан-
дармен арадағы одақты нығайтуды көздеді. О.А.Игельстромның 
орнына жаңа тағайындалған генерал-губернатор А.Пеутлинг 
Нұралының інісі Ералымен байланыс жасап, қазақ қоғамына 
қатысты қатал саясат ұстанды. Губернатордың саясатына сəйкес 
Жайық казак-орыс əскерлері қазақ ауылдарына шабуылдарын қайта 
үдетті. Старшындарға қарсы саясат жүргізіп, олардың билігіне шек 
қоя бастады. 1790 жылы Орынборға барған билер мен старшындар 
қамауға алынады. Осы жылы Уфа қаласында Нұралы хан қайтыс 
болып, орнына билер мен ру басылары жиналып Есім сұлтанды 
Кіші жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ патша əкімшілігі бұл сай-
лауды мойындамай, хандыққа Ералыны ұсынды. 1791 жылы күзіне 
қарай генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында 
өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан 
Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық 
тудырып, стихиялық бас көтерулер байқалды. С.Датұлы Кердері 
жəне Табын руларының старшындарына хат жазып, ауылдар-
ды Мұғаджар тауларына көшіру керек екенін жəне өзінің патша 
үкіметіне қарсы күреске шығатынын хабарлайды. Бірақ оның пікірі 
старшындар арасынан қолдау таппайды. Оған қарамастан азаттық 
күресі жалғасып, негізінен шекара өңіріндегі руларды қамтиды. 
1792 жылы қыркүйекте Сырым бастаған көтерілісшілердің Елек 
қаласына жасаған шабуылы сəтсіз аяқталады. 
1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі 
жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нұралының 
баласы Есім хандыққа сайланады. 1795—1796 жылдардағы ауа 
райының қолайсыздығы Кіші жүз халқының шаруашылығын 
күйзелтіп кетеді. Оған қарамастан Есім хан түрлі салық жинау-
ды тоқтатпайды. 1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал-
губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның 
Есім ханға қарсы қозғалысы басталады. 1797 жылы наурыздың
26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер Краснояр бекінісінен 
5 шақырым жерде Есім ханды өлтіріп, ауылдарын тонап кетеді. 
Бірақ, ханды өлтіруге Сырым өзі қатыспайды. Хан өлімінен кейін 
патша үкіметі көтерілісшілермен күресудің дұрыс əдісі Сырым-
ды тұтқындау деп есептейді. Онымен ғана шектелмей амалдар 
іздестіріп, Кіші жүзде хан кеңесін ұйымдастырады. Ол кеңестің 
басшылығына Айшуақ сұлтан, кеңес мүшелігіне алты старшын 
жəне патша үкіметінің өкілі Құсайынов сайланады. 1797 жылы та-
мыз айында хан кеңесі шақырылып оған 1000-ға жуық адамы бар 
Сырым Датұлы да келеді. Осы кеңесте Сырым: “Кіші жүз халқының 
жағдайының ауырлығына жəне хан кеңесінің құрылуына байланы-
сты күресті тоқтатамын”,— деп мəлімдеме жасайды. Одан соң ол 
хан кеңесінің құрамына сайланады. 
77 жастағы Айшуақ сұлтанды 1797 жылы қазан айында патша 
үкіметі хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға 
дейін 14 жылға созылған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық 
көтеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау 
мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің қозғаушы күші — халық 
болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да, 
қарапайым шаруалар да қатысты. 


132
133
Ресей отаршыларының жүргізген құйтырқы саясатының нəти-
жесінде хандық билік дағдарысқа ұшырады. Сонымен қатар патша-
лықтың отарлау саясатының одан əрі тереңдей түсуі, орыс-казак 
əскерлерінің қазақ жерлерін тартып алуы дəстүрлі шаруашылыққа 
үлкен нұқсан келтірді, қоныстар мен жайылымдық жерлерді тарылт-
ты. Сондықтан, көтерілісшілер негізінен екі үлкен мəселені қойды: 
бірі дербес саяси хандық билікті, екіншісі қазақ жерінің аумақтық 
тұтастығын қамтамасыз ету.
Қорыта айтқанда, Е. Пугачев бастаған көтеріліске қазақтардың 
қатысуы, Сапура Мəтенқызы мен Сырым Датұлы бастаған көтеріліс 
қазақ тарихында Ресей империясының отаршылдық саясаты мен
жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған 
маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет