174
175
күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 1897 ж. санақ бойынша 87
%-ке дейін азайды. Келімсек орыс жəне украиндардың саны 532,7
мыңға, татарлар — 55,4 мыңға, өзбектер — 73,5 мыңға, ұйғырлар —
56 мыңға артқан. Бұл сандық көрсеткіштер жаңа ХХ ғасырда ұлғая
түсті.
Патша үкіметі 1901 жылы Жарлық шығарды, онда жеке адамдарға
қазыналық жерлерден үлестік жер бөліп беруге рұқсат етілді.
Қазақтар жері қазыналық деп есептелді жəне 1867—68 жылдар ре-
формасына сəйкес мемлекеттік меншік болып жарияланған бола-
тын. 1904 жылы Қоныс аудару басқармасы құрылып, оған орталық
Ресейден шаруаларды қоныс аударту ісін қадағалау толығымен
жүктелген еді.
1904 жылы 6 маусымда шыққан енді бір заңда «село тұрғындары
мен мещан-егіншілердің өз еркімен қоныс аударуы туралы»
делінген. Бұл аталған заңдық күші бар құжаттардың барлығы қазақ
халқын өз ата-қонысы болған туған жерден ығыстырылуға, тұрмыс
ауыртпалығын бастан кешуге, мəжбүрлікке душар етті.
XІX ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар
ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871—1881
жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды.
1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында «Петербург шар-
тына» қол қойылды. Шарттағы 17 баптың алғашқылары келісімнің
мəнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың 3-бабында:
«Іле аймағының тұрғындарына Қытай қоластындағы мекендерінде
қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау
ұсынылады» — деп қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді
Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген
мақсаты — оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық көтерілісіне
қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бұл мəселе бойын-
ша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды Шелек жəне
Іле өзенінің аралығында орналастыру туралы шешім қабылданды.
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881—1883
жылдар аралығында жүзеге асырылып, 1884 жылдың басында 9572
ұйғыр отбасы қоныс аударды, оның 24628 ер адам болса, ал 20745
əйелдер болды, барлығы 45373 адам еді. Сонымен қатар, Қазақстанға
барлығы 5055 дүнген қоныс аударды.
Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Чарын
(қазіргі Ұйғыр ауданы), Малыбай (Шелек ауданында), Қорам (Ше-
лек ауданы), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында), Кетпен болыстары
құрылды (қазіргі Жаркент ауданында). Жаңа құрылған болыстың
басшысы болып сол бұрынғы Іле аймағында болған басшылар сай-
ланды.
Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды
жолмен суландырылатын егіншіліктің əлдеқашан қалыптасқан
дəстүрлерін əкелді. Ұйғырларда күріш өсіру дүнгендердегі сияқты
негізгі дақылға айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, бақша са-
лумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі). Дүнген
шаруашылықтарының үштен екісінен астамында бау да болды.
Сонымен, қорыта айтқанда, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне
қоныстандыра отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарам-
ды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы əкімшілік
жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан əрі жетіліп, нығая
түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды
орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық
сипат алғандығын байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: