Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009



Pdf көрінісі
бет50/76
Дата27.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#129183
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

Материалдық мəдениеті:
Қазақтардың XVІІІ—XІX ғасырлар-
дағы материалдық мəдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму 
деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар 
экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал 
шаруашылығы əсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-
саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз
болған жоқ. 
Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл 
атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. 
Қазақ көшпенділерінің салт-дəстүрі, діни-наным сенімі, тұрмысы 
көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону 
мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдала-
нып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қону көбінесе меридиан 
(оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың 
бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір аумақта болды. Əрбір рудың 
өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, 
қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау 
жəне күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ 
пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. 
Қыстауда малшылар құйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, 
жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды. 


180
181
Киіз үй — көктем, жаз жəне күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа 
көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы айқыш 
сағанақтардан көктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналма-
лы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары си-
дам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан 
қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайыл-
ған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы (қаламшасы) 
шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ — үй күмбезінің төбесі 
əрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына 
туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында 
ошағы, оң жағында төсек, оның тұсында тұскиіз ұсталып, төсекті 
қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, 
оның үстіне көрпе-жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, 
қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған. 
Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары ке-
рек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, 
қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер 
жасалды, құлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта пайдала-
нылса, мал суғаруға науа мен қауға пайдаланылды. XVІІІ ғасырдың 
аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайындауға арнал-
ған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал, XІX ғасырдың орта 
шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден бо-
лып келген. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдары-
ның қарапайым түрлері болды. Мəселен, тісағаш, егін оратын орақ, 
ағаш күрек, сыпыртқы — егіншілік құралдарына жатқызылды. 
Егісті суғару үшін суды көтеріп шығаратын əртүрлі құралдар — 
атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды. 
Оларды жергілікті ұсталар өздері дайындап отырды.
Салт атқа арналған əбзелдерді қоспағанда қазақтың мал 
шаруашылығына жəне егіншілікке байланысты негізгі еңбек 
құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-бірімен ұқсас болды. 
Қазақтың ат-тұрман əбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дай-
ындау тəсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп 
таралған түрі — қайыңнан шауып жасалған, алдыңғы қанаты кең 
“қазақ ері” болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің “құранды 
ер” дейтін түрі таралған. Ер-тұрман əбзелдерін жасау, негізінен, 
ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге 
бүкіл ат əбзелдерінің бəрін — тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, 
айыл, үзеңгі, таралғы, қамшы жəне т.б жасап, оларды əсемдеп, 
көркемдеп отырған. Сондай-ақ қайыстан ат-тұрман əбзелдерін 
өретін шеберлерді “өрімші” деп атаған.
Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі 
алуан түрлі қолөнерінің — тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, 
металл, тері, сүйек жəне мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. 
Тоқымашылықпен жəне киіз басумен көбіне əйелдер айналысты, 
олар негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың тоқымашылық 
пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, 
киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау-шулар, текеметтер, 
сырмақтар, аяққаптар жəне т.б дайындады.
Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің 
дамуы, үй-жайлар санының көбеюі жəне орыс мəдениетінің ықпалы 
тұрғын үйлердегі керек-жарақтардың едəуір өзгерісіне əкеп соқты. 
Дəстүрлі үй бұйымдарының орнына əйнектелген ыдыс қоятын 
шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын
əртүрлі сандықтар пайда болды. 
Қазақтардың ұлттық киімінде этнографиялық белгілері сақта-
лып қалғанымен, олардың да пішіні мен түрлеріне өзгерістер енді. 
Ер адамдар бітеу пішілген, кеудесінде тік өңір қақпағы бар, жалпақ 
қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Ер 
адамдардың көп таралған сыртқы киімінің түрі шапан болды. Ол 
көбінесе фабрикалық маталардан тігілді. Ауқатты қазақтар түрлі-
түсті бұқара жібегінен, барқыттан қымбат матамен əдіптеп тігілген 
шапан киді. Қазақтар əдемі “мəуіті шапан” мен “мəуіті шекпен” 
де дайындады. Олардың қос шабуынан өрнек салынды. Шабудың 
төменгі жағынан тілік қалдырылып, жұқа түйе жүннің тоқымасынан 
тігілді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтардың кеңінен 
қолданылған қысқы сырт киімінің ежелгі түрлерінің бірі — күпі 
көктемде қырқылған түйе немесе қой жүнінен дайындалды. Сырт 
киетін қысқы киімнің қадірлісі аң жəне үй жануарларының терісінен 
тігілген ішіктер болды. Қазақтардың көбінің қолы жететін жəне 
кең таралған қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне 
қаратып тігілген тон болды. Енді аяқ киім түрлеріне келетін болсақ, 
қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мəсілер болды. 
XVІІІ ғасырда қазақтардың жазда киетін өкшесі биік, тұмсығы қайқы 
етіктері XІX ғасырдың екінші жартысында жоғала бастады. Барлық 
жастағы ер адамдар қыс кезінде негізінен ішінде киіз байпағы бар 
ұзын қонышты саптама етік киді. Неғұрлым ауқаттылары жаз кезінде 
былғары кебісі бар мəсі киіп жүрді. Бұл аяқ киімдердің барлығы 
оң жəне сол аяқ деп бөлінбей бірдей тігілетін. Бас киім түрлеріне 


182
183
келетін болсақ, ересек ер адамдардың барлығы шаштарын алдырып, 
басына тақия, тебетей киді. Бұның сыртынан тігілген терісіне сəйкес 
сусар, пұшпақ жəне елтірі деп аталатын бөріктер киді. Əйелдердің 
киімдері жас ерекшеліктеріне сəйкес бір-бірінен біршама ерекше 
болды. Қазақ əйелдері ерекше сəнді киініп, киімдерінің сырты-
нан тағатын кемер белдіктерін күміспен күптеп, алтынмен аптап, 
қымбат бағалы тастармен əшекейлеп отырды. Əйелдердің жасы мен 
отбасындағы жағдайына байланысты бас киімдері де ерекше бол-
ды. Мəселен, жас қыздар шет-шетіне моншақтан немесе бағалы ме-
талдан шекелік тағылған, бай нақышты үкілі тебетей — “қасаба” 
киді. Ұзатылған қыздың бас киімі сəукеле бір жылдан соң ақ мақта-
матадан дайындалған кимешекпен ауыстырылатын еді.
Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың тұрмысы олар-
дың ішетін тамақтары мен ыдыс-аяқтарынан айқын көрінеді. 
Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері болды. Қазақтар ыдыс пен керек-
жарақтарды көбінесе сынбайтын материалдардан: ағаштан, теріден, 
киізден жəне шұғадан жасаған. Олар: торсық, саба, күбі, қазан, таба, 
ожау, астау, ағаш табақтар, мес, мал саууға арналған көнек жəне т.б. 
Көшкен кездерінде ыдыс-аяқты сыртқы беті түрлі-түсті құрақтар-
мен өрнектелген арнаулы киіз қаптарда (аяққаптарда) сақтаған. Су-
сымалы мал өнімдері үшін тоқыма қаптар дайындаған. Сүр ет пен 
сары майды ағаштан жасалған кебежелерде сақтаған.
Сөйтіп, XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырда қазақтардың 
рухани жəне материалдық мəдениетінде көшпелі жəне жарты-
лай көшпелі тұрмыс-салтына байланысты дəстүрлі ерекшеліктер 
сақталып қалды.
Сонымен, қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы 
əкімшілік реформалар Ресейдің қазақ жеріндегі саяси-əкімшілік, 
əлеуметтік-экономикалық үстемдігін нығайтуға, қоныс аударушы 
орыс шаруаларын өзінің саяси-əлеуметтік тірегіне айналдыра оты-
рып, қазақтарды орыстандыру, шоқындыру негізінде империяның 
тұтастығын күшейтуді көздеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет