2)Инновациялықпедагогикалықтәжірибеніжинақтау,насихаттау,таратужәнепайдалану–мұғалімніңзерттеушілікмәдениетінқалыптастыружолы Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады . Педагогикалық тәжірибе - оқыту мен тәрбиенің практикасын жан -жақты зерттеу объектісі, фактылар мен ғылыми мәселелерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі . Сондықтан, педагогикалық инновациялық тәжірибе оқу -тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады . Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың
жолдарын қарастырады .
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде білім беру мекемелеріне қатысты инновациялық педагогикалық тәжірибені үйрену, зерттеу, пайдалану төмендегідей бағытта
қарастырылып жүр:
-мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру мекемелері қызметкерлерінің кәсіби
біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру жұмыстарының құрамды бөлігі;
-мектепшілік әдістемелік жұмыстың инновациялық бағыты;
-мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру мекемелері қызметкерлерінің
шығармашылық дамыту құралы;
-педагогикалық зерттеу әдісі;
-педагогика ғылымы мен практикасының өзара байланысының нәтижесі;
-мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру мекемелерінің педагогикалық іс -
әрекетінің арнайы түрі .
3)Озаттәжірибенімектептің оқу-тәрбиеүрдісінеендіру-педагогтың зерттеушілікмәдениетінқалыптастыруқұралы. Педагогика ғылымының жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибені практикада пайдалану мәселелері М .А .Данилов, В .Е .Гмурман,Ф .Ф .Королев,Ю .К .Бабанский, Л .В .Занков,
М .И .Махмутов және т . б . ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады .
Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені ендіру, озат мұғалімдер мен мектептің тәжірибесін насихаттау, тарату мәселесін алғаш көтерген М .Н . Скаткин болды . Педагогика ғылымындағы жаңалықтарды мектеп практикасына ендіру мәселелерімен В .Е . Гмурман, Ю .К . Бабанский, П .И . Карташов және т . б . айналысты . Осы мәселенің теориялық аспектісін зерттеген М .Н .Скаткин төмендегілерді ерекше атап көрсетеді: мұғалімнің практикасына жаңаны ендіруге бағытталған жол, ендіру ұғымы, ендіру припциптері, тиімді ендіру шарттары, ендіру іс -әрекетінің тәсілдері, ендіру үрдісі, ендіру түрлері, ендіру жұмысындағы кемшіліктер, ендіру үрдісін басқару, ендіру кезеңдері, педагогикалық зерттеу нәтижесінің түрлері және оны ендіру ерекшеліктері, ғылыми жаңалықты ендіруге және пайдалануға даярлық көрсеткіштері, әдістемелік қызмет, ендіру тиімділігі (бағасы, ендірудің типтік бағдарламалары, педагогикалық ұсыныстарды бағалау
критерийлері).
Педагогика ғылымы мен озат педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін мектеп практикасына ендірудің әдістемелік және практикалық мәселелерін М .Н .Скаткин, Я .С .Турбовской, Н .В .Кузьмина, Н .В .Кухарев, Л .И .Гусев, Г .Л .Лұкпанов, И .В .Баранова және басқа ғалымдар зерттеді: озат педагогикалық тәжірибені ендіру үрдісінің мақсаты мен маңызы; ендіру үрдісінің логикалық, ендіру мақсатқа бағытталған іс -әрекет, ғылым жетістіктерін практикада пайдалануға даярлық деңгейі; ендіру іс -әрекетінің тиімділігін анықтайтын шарттар жүйесі, педагогикалық мақсатты шешуге мұғалім мен тәрбиешінің шығармашылық аспектісі, педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыстық заңдылықтары мен факторлары; ғылыми ұсыныстардың педагогикалық ұжымның
тәжірибесіне айналдыру механизмі, ендіру үрдісінің алгоритмі .