Сабақ №12 Эволюцияның элементарлы факторлары. Популяция толқынының типтері және олардың эволюциядағы ролі



бет1/2
Дата21.04.2022
өлшемі16,66 Kb.
#31838
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
прак 12

Сабақ №12

Эволюцияның элементарлы факторлары. Популяция толқынының типтері және олардың эволюциядағы ролі


Сабақтің мақсаты мен міндеттері: Эволюцияның элементарлы факторлары туралы мағлұмат беру.Эволюцияның элементарлы факторлары туралы және популяциядағы мутация процесін эволюцияның элементарлы факторлары ретінде талдау.


Сабақ мазмұны:

Дарвин негізін қалаған эвлюциялық теорияның негізгі қағидалары күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, қайта жаңадан қолдау тауып дамытылуда.Мутатциялар мен комбинациялар өзгергіштері туралы ілімді терең талдап олардың пайда болуы механизмдері зерттелуде.Табиғи сұрыпталу әсеріне экспериментті жолмен зерттеулер жүргізілуде. Эволюцияның жаңа факторлары айқындала түсуде, олардың қатарына популяциялық толқындар немесе тіршілік толқындарын жатқызуға болады.
2.Табиғи популяциялар мөлшері үнемі ауытқып тұрады: популяциядағы особьтар саны бірде кеміп бірде артумен болады.Бұл процестер бір-біріне азды-көпті ретпен алмастыра алады,сондықтан оларды тіршілік толқыны немесе популяциялық толқын деп атайды. Олар бір жағдайларда жыл маусымдарына байланысты болады. Енді бір жағдайларында толқындар едәуір ұзақ мерзімінен соң байқалып климат жағдайларының немесе азық молшылығының ауытқуына байланысты болып шығады. Кейде популяциялар мөлшерінің өзгеруінен ормандағы өрт, су тасқыны, өте қатты аяз немесе қуаңшылық себепші болып табылады.
3.Бұл толқындар популяциядағы сирек кездесетін гендер мен генотиптер концентрациясын мүлде кездейсоқ және шұғыл өзгертеді.Толқындар бәсеңсіген кезеңде бір қыдыру гендер мен генотиптер толық жойылып кетуі мүмкін, ол кездесоқ және оларды биологиялық құндылығына тәуелсіз жүзеге асырады.Ал басқалары да кездейсоқ қалып қояды сөйтіп популяцияның мөлшері жаңадан артқан кезде өзінің концентрациясы да шұғыл көтеріледі. Мутациялық процесс тәрізді популяциялық толқындар да кездейсоқ бағытсыз тұқым қуалайтын материалды тірілшілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталуға жүргізіп береді.
4.Оқшаулану да, яғни особьтардың еркін будандасуына түрлі-түрлі кедергілердің пайда болуы эволюциялық факторларға жатады.Ол бір түрдің саналуан популяцияларының гендік құамында маңызды айырмашылықтар пайда болуына яғни популяциялардың үсті -үстіне оқшаулана түсуіне жеткізеді.
Қарастырылған факторлардың барлығы да эволюциялық процесті белгелі бір жаққа бағыттай алмады. Олар популяциялардағы әртүрлі генотиптердің концентрациясын арттырады немесе кемітеді, сөйтіп табиғи сүрыпталудың тиімділігне әсерін тигізеді. Табиғи сұрыпталу бірден-бір бағыттаушы маңызы бар эволюциялық фактор болып табылады, өйткені ол нақтылы жағдайларына байланысты жүретіндіктен, түрлердің тіршілікке бейімдейді.Табиғи сұрыпталудан жаңа популяциялар, сондай-ақ одан әрі түр тармақтары мен түлер пайда болады.


Популяциялардағы генетикалық процестер. Бір түрдің әр түрлі популяцияларында мутантты гендердің жиілігі бірдей емес. Іс жүзінде мутантты белгілердің кездесу жиілігі мүлдем бірдей екі популяция болмайды. Бұл айырмашылықтар популяциялардың сыртқы ортаның әр түрлі жағдайларында тіршілік етуіне байланысты болуы мүмкін. Популяциялардағы гендер жиілігінің бағытталған өзгерісі табиғи сұрыпталу әсерінін нәтижесі болып табылады. Дегенмен жақын орналасқан көршілес популяциялар алыс орналасқан популяциялар сияқты бір-бірінен айтарлықтай қатты ерекшеленуі мүмкін. Бұл популяцияларда процестердің бір қатары гендер жиілігінің немесе басқа сөзбен айтқанда олардың генетикалық құрылысын бағытталмаған кездейсоқ өзгеруіне алып келетіндігімен түсіндіріледі.

Мысалы, жануарлардың немесе өсімдіктердің миграциясы кезінде жаңа жерге бастапқы популяцияның тек кішкене бөлігі ғана қоныстанады. Жаңа пайда болған популяцияның генофонды ата-аналық популяцияның генофондына қарағанда міндетті түрде кішірек болады және ондағы гендер жиілігі бастапқы популяция гендері жиілігінен айтарлықтай өзгеше болады. Алғашында сирек кездесетін гендер, жыныстық көбею нәтижесінде жаңа популяция мүшелері арасында тез тарайды. Сонымен қатар бұрын кең тараған гендер жаңа популяциянын негізін салушылардың генотипіне байланысты кеңтаралмауы мүмкін.

Басқа мысал. Табиғи апаттар - ормандағы немесе дала-дағы өрт, су басу және т.б. тірі организмдердің әсіресе аз қоз-ғалатын формаларының (өсімдіктер, моллюскалар, бауырымен жорғалаушылар қосмекенділер және т.б.) қырылуына алып келеді. Өлімнен аман қалған особьтар тек кездей соқтықтың арқасында тірі қалады. Саны апатты жағдайдың нәтижесінде азайған популяцияларда аллельдердің жиілігі бастапқы популяциядағыдан өзгеше болады. Особьтар санының күрт төмендеуінен кейін қалған саны аз топ жаппай көбеюді бастайды. Бұл топтың генетикалық құрамы бүкіл популяцияның, оның өрлеу кезінде генетикалық құрамын анықтайды. Бұл кезде кейбір мутациялар мүлдем жоғалуы мүмкін, ал басқаларының концентрациясы бірден кездейсоқ артуы мүмкін.

Биоценоздарда «жыртқыш -жемтік"типті қарым-қатынас-тарға байланысты мезгіл-мезгіл ауытқуларды жиі бақылауға болады. Қорек көзінің артуына байланысты жыртқыштар аулайтын объектілердің қарқынды көбеюі өз ретінде жыртқыштардың қарқынды түрде көбеюіне алып келеді. Ал жыртқыштар санының көбеюі, олардың жемтіктері болып келетін жануарлардың жаппай қырылуын туғызады. Қорек ресурстарының жеткіліксіздігі жыртқыштар санының азаюына және жемтіктер популяциялары көлемінің қалпына келуіне себепші болады .





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет