Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет90/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

2.Педагогикалық технологияларды жобалау, технологиялардың өзіндік ерекшелігі.
Сонымен тәрбие технологиясы дегеніміз - белгілі тәртіппен, арнайы уақытта жүргізілетін, алдына қойған мақсаты бар жүйеленген педагогикалық іс -әрекеттердің жиынтығын басқару үрдісі болып табылады. Тәрбие технологиясы нысанының ізденушілік танымдық мотивациялық шеберлігіне, әрекетіне немесе ниетіне байланысты тез іске асу ықтималдығы бар .
Сондықтан тәрбие технологиясы көп нұсқалы (вариант) әрі шығармашылық ізденістің жемісі болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеудің базалық негізінің идеялары етіп мына көрсеткіштерді ұсынамыз .
1. Қазіргі заманға лайықты еркін ойлайтын азаматты тәрбиелеу.
2. Адамгершілігі мол адам тұлғасын тәрбиелеу.
3. Рухани байлығы мол адамды тәрбиелеу.
4. Шығармашылық қаблеті мол адам тәрбиелеу;
5. Практикалық іс-әрекеті бар (Прагматик) тұлғаны тәрбиелеу яғни, қазіргі таңдағы актуалды проблемалар
6. Өмір, қоғам, саясат, дүниетаным туралы тұрақты өзіндік пікір қалыптастыру.
7. Ұлтжандылық, ұлтшылдыққа өз елін жерін, тілін халқын сүюге тәрбиелеу де тәрбиенің негізгі идеясы.


Тәрбие жұмысының құрылымы
(В.А. Кан-Калик)
4 кезеңнен тұрады
1. Болжамдық кезең тәрбие нысанының жалпы үлгісін жобалау.
2. Коммуникативті кезең яғни тәрбие ісіне қатысы бар адамдардың бір -бірімен пікір алмасуы . Тәрбие жоспары, мазмұны тағы басқа.
3. Педагогикалық үрдісті басқару және жүргізу кезеңі.
4. Талдау кезең. Жүргізілген тәрбие жұмысының барысын талдау.


3. Тәрбие технологияларының тиімділігінің педагогикалық шарттары.


Тәрбие технологиясын басқарудың субьектісі мен обьектісі
Тәрбие үрдісі көп салалы әрі көп векторлы болғандықтан оның субьектісіне:
– тәрбиешінің, оқушының ата-ананың т.б. басқалардың педагогикалық үрдісіндегі жеке іс - әрекеті жатады.
Тәрбие үрдісінің обьектісіне:
- Тәрбие жүргізілетін ортаның мәдени денгейі ,
- Тәрбие үрдісін жүргізуге қажетті техникалық материалдық және мәдени құндылықтар мен қамтамасыз етілуі.
- Тәрбие үрдісті жүргізуге жұмсалынатын уақыт мөлшері.
- Тәрбие ісін жүргізуге қажетті әдіс-тәсілдер ұстанымдар т.б.жатады.

Тәрбие үрдісін жаңа үлгіде жүргізу үшін тиянақты жан-жақты даярлық қажет яғни бұрынғы тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы іске асады. Тәрбие үрдісін модернизациялау жаңа заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеу ісін жан -жақты белгілі мақсатқа негіздеп, тұлғаның құнды қасиетін, қаблетін дамыта отырып жаңа қоғамда өмір сүру іс-әрекетін сәтті өткізіп, тіршілікте табысқа жетуіне негізделуі қажетті.


Сондықтан тәрбие үрдісін басқару технологиясын іске асыру мынадай алгоритмнен тұрады.
1. Мектептегі тәрбие жүйесінің диагностикалық жағдайын анықтап, талдау жасау .
2. Тәрбие жүйесін үлгілеу бойынша ынталы белсені жұмысшы тобын құру .
3. Тәрбие жұмысы үлгісінің (модель) негізгі идеясы мен тақырыбын анықтау
4. Тәрбие жұмысы үлгісін және бағдарламасын кезеңдерін жасау.
5. Тәрбие модельнің негізгі параметрлерін, критериилерін жасау.
6. Үлгінің теориялық-әдіснамалық негізін жасау.
7. Тәрбие үрдісінің негізгі идеялары (құндылығы, мақсаты, мәдениеті ұстанымдары т.б.).
8. Тәрбие жүйесін іске асыру тетігі.
9. Тәрбие жүйесі үлгісін іске асыру кезеңдері бойынша жұмыс барысын анықтау (тест бақылау).
10. Істелінген жұмыс бойынша қорытынды жасау .
11. Нәтежесін баспаға беру .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет