Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет45/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

4. Болон процесі -еуропалықжоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталғанБолондық декларациямен(1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 48 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық -ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон процесінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый -құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресми заңдық тұрғыда Болон процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр- магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.[1]
Болон процесі (Болондық қайтақұрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).
Болон процесі – жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.
Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға:
. Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;
. ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;
. жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу;
. академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;
. білім сапасын бақылау;
. студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;
. нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу -жатады.
Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттік орталықтандырылған
оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.
Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы ЖООлардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар .
Болон процесі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет