Лекцияжоспары: 1.Педагогикалық менеджмент ұғымы.
2.Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері.
3.Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес).
4.Мұғалімдерді аттестациялау - олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.
5.Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының ролі .
Лекциямәтіні: 1.Педагогикалықменеджментұғымы. Қазіргі заман мектебі – күрделі жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс -әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз - мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы мен социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез келген оқу -білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының тікелей басқару іс - әрекетінде көріну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.
Басқарудың тиімділігін арттырудың ең басты белгісі мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін -өзі басқару органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір уақыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.
Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік -педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарттары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалпы шарттарға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шартарды жатқызуға болады. Ал арнайы шарттар – оқушылардың әлеуметтік - демографиядық құрамы; мектептің орналасқан жері (қалалық, аудандық); мектептің материалдық мүмкіндігі; қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі сияқты компоненттерден құралады. Педагогикалық процестің тиімділігің маңызды көрсеткіші педагогикалық және
оқушылар ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың сипаты, оқушылар ата - аналарының педагогикалық деңгейі болмақ .