Инновация
дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни әдіс - тәсілдерді,
амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсіндіреді:
1) жаңалық,
жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі
2) өзгеріс
3) құрал, әдіс
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация» дегеніміз - жаңа
мазмұнды
ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісін
мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптасуды анықтайды, ал «жаңаша»
деп жаңаның мазмұны, оны еңгізудің әдіс -тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.
Ал А.И.Кочетов «инновация» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогиялық іс - әрекеттің бір тұтас бағдарламасы». В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша «инновация» - бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады. Педагогикалық ғылымының тарихын саралап талдау көптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі - «Қуаныш үйі», К.Д.Ушинский мен Л.Н.Толстойдың ғылыми идеялары және т.б .