1.Электрлік диссоциация. Электролиттердің өткізгіштігі. Электролиттер үшін Ом заңы 2.Электролиз. Фарадей заңдары. Ионның зарядын анықтау. 3.Электролиздің техникада қолданылуы
Электрлік диссоциация. Электролиттердің өткізгіштігі. Электролиттер үшін Ом заңы. Тұздардың, сілтілердің және қышқылдардың ерітінділерін электролиттер деп атайды. Металдар мен жартылай өткізгіштер арқылы электр тогы өткенде химиялық түрленулер болмайды. Мұндай өткізгіштер бірінші текті өткізгіштер деп аталады. Электролит ерітінділері арқылы электр тогы өткенде химиялық түрленулер болады. Бұлар екінші текті өткізгіштер деп аталады. Бұлардың электр өткізгіштігі иондардың реттелген қозғалысынан туады. Тұздардың судағы ерітіндісі мысалымен иондардың пайда болу механизмін қарастырайық.
NaCl молекуласындағы Na+ мен Cl- иондарының арасында электростатикалық тартылыс күші молекуланы тұтас күйінде ұстап тұрады. Еріткіштің полярлық молекулаларының электр өрісінің ықпалымен еритін заттың иондар арасындағы тартылыс күші есе кемиді. Сол кезде ертіндінің кейбір жерінде жылулық энергияның есебінен ерігіш заттың молекулалары әр аттас иондарға ыдырайды. Осы процесс электролиттік диссоциация деп аталады. Ерітіндіде диссоциация процесімен қатар оған кері процесс рекомбинация да жүреді. Бұл құбылыс-ерітіндідегі әр аттас иондардың кездейсоқ соқтығысуларынан бейтарап молекула құрау процесі. Диссоциация мен рекомбинация динамикалық тепе-теңдікте болатын жағдай жасайды.
Электролиттердегі молекулалардың иондарға ыдырау құбылысы диссоциация коэффициенті -мен сипатталады. Ол ерітіндідегі диссоциацияланған молекула санының (n-нің) молекуланың жалпы санына (n0-ге) қатынасына тең, яғни
(1)
Өріс кернеулігі болған кезде ток тұрақты шама болып табылады. Бұл жайт электролиттердегі иондардың тұрақты жылдамдықпен реттеліп қозғалатынын аңғартады. Сондықтан бұлардың қозғалысы Ньютонның екінші заңымен сипатталады:
(2)
мұндағы - ионның ортадағы қозғалысының кедергі күші.
Стокс заңына сәйкес
(3)
мұндағы -ортаның тұтқырлығы, - ионның реттелген қозғалысының жылдамдығы, - ионның радиусы.(3)-ні ескере отырып (2) өрнегінен мынаны аламыз:
(4)
шамасы ионның қозғалғыштығы деп аталады. Бірліктердің халықаралық жүйесінде мұның өлшемі- Электролиттер үшін Ом заңы орындалады . Оң және теріс иондардың шоғырлары бірдей болған жағдайда n мына өрнекпен анықталады: . Өткізгіштік температураға тәуелді. Т жоғарылаған кезде қозғалғыштығы артады, шоғырлану көбейеді. Токтың тығыздығы күрделі заң бойынша артады.