Лекциялар мазмұны



бет14/58
Дата16.10.2023
өлшемі366,58 Kb.
#115692
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Байланысты:
Электростатика-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары

  1. Жылжымайтын нүктелі зарядтар жүйесінің энергиясының өрнегін жазыңдар.


  2. Зарядталған өткізгіштің энергиясының өрнегін жазыңдар.


  3. Зарядталған конденсатордың энергиясының өрнегін қорытыңдар.


  4. Электростатикалық өрістің энергиясы тығыздығының өрнегін қорытыңдар .


5 Лекция. ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ТОГЫ




  1. Зарядтардың электр өрісіндегі қозғалысы. Электр тогы


  2. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштердің кедергісі. Ом заңының дифференциалдық түрі


  3. Тұрақты ток тізбегінің жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы және оның дифференциалдық түрі


  4. Бөгде күштер. Электр қозғаушы күш


  5. Электр қозғаушы күші бар және тұйық тізбек үшін Ом заңы


  6. Тармақталған тізбектер. Кирхгоф ережелері


Зарядтардың электр өрісіндегі қозғалысы. Электр тогы. Зарядталған макроскопиялық денелердің немесе электрлік зарядтардың қозғалысы туралы құбылыстар мен процестерді, сонымен қатар электр тогы сияқты негізгі ұғымды қарастыратын бөлім – электр динамикасы деп аталады.
Егер өткізгіште электр өрісін тұғызатын болсақ, онда зарядтар реттелген қозғалыста болады. Оның оң зарядтары өріске (яғни, крнеулік бағытына) бағыттас та, теріс зарядтар оған қарама-қарсы қозғалады. Сөйтіп, электр тогы деп электрлік зарядтардың бағытталған қозғалысын айтамыз.
Электр тогы оң заряд тасушыларын да, теріс заряд тасушыларын да қозғалысы әсерінен туындауы мүмкін.Теріс зарядтың бір бағыттағы қозғалысы, шама жағынан сондай қарама-қарсы бағыттағы оң зарядтың қозғалысына бара-бар. Ток бағытына оң тасушылардың орын ауыстыру бағыты алынады. Ток әдетте потенциалдар айырымы теңескенде дейін болады.
Өріс әсерінен өткізгіштерде пайда болатын токты өткізгіштегі ток деп атайды. Ал зарядтарды өзі тұрған ортамен қоса көшіретін болса, онда бұл кезде пайда болған токты конвекциялық ток деп атайды.
Электр тогы ток күші деп аталатын шамамен сипатталады. Ток күші – уақыт бірлігі ішінде берілген өткізгіштің көлденең қимасынан өтетін зарядтар шамасы:
I=dq∕ dt (1)
Бұл өрнек токтың лездік мәнін сипаттайды. Егер токтың күші мен бағыты уақыт өтуіне сәйкес өзгермейтін болса, онда мұндай ток тұрақты ток деп аталады:

I=q∕t, (2)
мұндағы q - өткізгіштің көлденең қимасы арқылы t уақыт ішінде өтетін электр заряды. Ток күшінің өлшеміне – 1 ампер (А) алынады. Электр тогы өзі өткен бет бойынша біркелкі таралмауы да мүмкін. Электр тогы сан жағынан ток тығыздығы деген шамамен сипатталады. Сонымен ток тығыздығы деп өткізгіштің ток бағытына перпендикуляр көлденең қимасының бірлік ауданынан өтетін ток күшін айтамыз:

j=dI∕dS. (3)

Ток тығыздығы – векторлық шама. Оның бағыты ток бағытына, яғни бірыңғай бағытталған оң зарядтар қозғалысына бағыттас болады. Ток тығыздығының өлшеміне А∕м алынады.


Енді ток күшін және оның тығыздығын өткізгіштегі зарядтардың реттелген қозғаласының жылдамдығы арқылы өрнектейік. Егер өткізгіштегі заряд тасушылар саны n және оның арқайсысының заряды e болса, онда бірлік dt уақыт ішінде S көлденең қима арқылы өтетін зарядтар шамасы ,
I=dq∕ dt=en
Ал өткізгіштегі ток тығыздығы
j=I∕S=en (4)
Егер ток кез келген S тұйық контур арқылы өтсе, онда оны векторлық ағын ретінде қрастырамыз, сонда
,
мұндағы .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет