Лекциялардың тезістері шымкент 2022 ж. Ф 08-19 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті



бет40/43
Дата28.11.2022
өлшемі5,45 Mb.
#53170
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті
Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі. Модерацияға дейін:
• білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды;
• жиынтық жұмыс үлгілерін іріктеп алады (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды);
• жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын модерацияға дайындайды. Модерация кезінде:
• білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестермен талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
• қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;
• отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерациядан кейін:
• модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың өзгеруі де мүмкін;
• білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады;
• соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.
8.Баға қою механизмі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді. Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі. (3-кесте).
3-кесте Нәтижелерді тіркеу



Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жинақталады.
Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады:
- тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы белгіленеді;
- тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленеді
4-кесте «Математика» пәнінен 5- сынып білім алушыларының бөлім бойынша және1-тоқсанның жиынтық бағалау нәтижелері







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет