Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет66/69
Дата11.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#42397
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Желшешек – қоздырғышы вирус.
Белгілері: денеге шырышты қабыққа ұқсас күлдіреуіктер шығады, оның ішінде сары су 
болады. 
Ауру ауа арқылы сырқат адамнан, оның вирусы жасырын кезде және қабыршақтанып түсу 
кезінде жұғады. Желшешек ауруын жұқтыру қаупі өте жоғары. Жасырын кезеңі 14-21 күн 
орташа – 14 күн. 
Ауру жедел басталады, ыстығы көтеріліп, бірден алғашқы күндері күлдіреуіктер пайда 
болады. Бұл ауру онша ауыр болмайтындықтан дәрімен емдеудің қажеті жоқ, бірақ балаға 
гигиеналық ұқыпты күтім керек. 
Күлдіреуіктерге бриллиант көгінің 1% -дық ерітіндісін жағады. 
Қ ызылша (корь) – қоздырғышы вирус. Ауруды таратушы – ауру адам. Ауру ауа 
арқылы жұғады. Жасырын кезеңі 8-10 күн, кейде 17 күнге дейін созылады. 
Белгілері: дене қызуы 38,5-39º-қа көтеріледі, тұмау, құрғақ жөтел, жұтқыншақтың 
шырышты қабығы қызарады. Бала мазасызданып, жылауық келеді. 
Осы кезде баланың екі жақ шырышты қабығынан азу тістері айналасынан, еріннің 
шырышты қабығынан, тіс қызыл еттерінен дәннің көлеміндей ашық-қоңыр нүктелерді көруге 
болады. 4-5 күндері жаппай бөртпелер шығады. Бөртпелер ұсақ қызғылт нүкте түрінде құлақ 
сыртына, мұрын үстіне шығады. Бір тәулік ішінде ол бетке, мойынға, кеудеге, арқаға жайылып, 
келесі күні бүкіл денені, қолды, ал 3-ші күні аяқты қамтиды. Бөртпе шыққан кезде баланың 
қызуы жоғары болады. Сосын қызуы түсіп, бөртпелер бозғылттанады. Бала 2-3 күн тұрмай жату 
керек. 
Қызылшаға 3 айлық жасқа дейінгі сәбилер төзе алмайды. Себебі, оның организміне 
анасымен берілген иммунитет әлсіз. 
Қызылша басқа да аурулар тәрізді әртүрлі болып, кейде жеңіл өтеді. 
Бала жатқан бөлмені таза ұстап, жиі-жиі желдетіп тұру қажет. Бөлмені дымқыл 
шүберекпен тазалаған дұрыс. 
Ұ шпа (краснуха) – қоздырғышы вирус. Ауруды таратушы – ауру адам. Жасырын 
кезеңі 15-24 күн, орташа 16-18 күн. 
Ұ шпа ауруы білінгеннен бірнеше күн бұрын жұтқыншақта оның вирусы табылуы 
ықтимал. Аурудың бірінші күнінен бөртпелер пайда болғаннан кейінгі 5 күн ішінде ауруды 
жұқтырады. 
Белгілері: ұшпа баланың бетіне қызғылт теңбілді бөртпе түрінде шығудан басталып, 
бірнеше сағаттың ішінде барлық денеге, әсіресе буындардың айналасында, арқаға, жамбасқа, 
қолға және аяққа жайылады. Сонымен бірге, балада жеңіл-желпі тұмау, жөтел пайда болады. 
Ұ шпаға тән тағы бір белгі – лимфа түйіндерінің, әсіресе желке және жауырын 
түйіндерінің үлкеюі. Қызуы 38º-қа дейін көтеріледі. Бөртпелер 2-3 күннен кейін кетіп қалады 
да, орындарында ешқандай із қабыршақтану болмайды. 


Ересек балалар мен ересек кісілер бұл ауруды ауыр көтереді: бастары қатты ауырып
ыстығы жоғарылайды, лимфа түйіндері едәуір үлкейеді. Бұл ауру аяғы ауыр әйелдерге алғашқы 
үш айында өте қауіпті. Себебі, ұшпаның вирусы оның эмбриональды ұлпасын зақымдауға 
қабілетті және ол іштегі перзенттің қалыптасып келе жатқан ағзаларын да зақымдап, оның 
дамып-жетілуінде ауыр кінәраттайды. 
Ана жүктіліктің алғашқы айларында ұшпамен ауырса, онда оны алдырып тастағаны 
дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет