Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет59/60
Дата10.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#135895
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
Лекциялык сабактар ЖЕФ

Несептің түзілуі
. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы, екінші 
кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы қантамырлардың қысымы жоғары болғандықтан сұйық 
бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы несеп түзіледі. 
Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т.б. 
организмге қажетті заттар қантамырына кері сүзіледі. Ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты қажет 
емес заттар нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің 
бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы 
қуыққа барады. 
Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айналады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің 
мөлшері 1,5 л ғана. Соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сәл 
қышқылдау. Құрамының негізі – су (98-99%), қалған 1-2%-ы көптеген химиялық заттар. 
Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
13-тақырып. 
Тері, оның құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері
Адам терісі 3 қабаттан тұрады: сыртқы- эпидермис, ортаңғы – дерма, ішкі – гиподерма. Ең қалың 
қабаты сыртқы қабаты, қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан 


терінің түсі пигментке байланысты, егер аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, тым көп 
болса – қара қоңыр болады. 
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қантамырларының 
капиллярлары және нерв ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі. Терінің гиподерма 
қабаты қорғаныс қызметін атқарады. 
Тері асты клетчаткада тер бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау 
түрінде ашылады. Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап арасында көбірек болады. 
Теріде май өндіретін май бездері бар. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Май 
бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис 
қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған 
теріден су, микроорганизмдер өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет