қызық ойыншық көргенде баланың аузы ашылып қалады, қуанып секіре бастайды, мәз болып күледі, яғни
бірнеше орталықтардың қызметі пайда болады.
Жүйке орталықтарында қозу тежелуге және керісінше тежелу қозуға жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір
жүйке орталығының қозуына байланысты екінші қозу орталығы тежеледі немесе керісінше тежелгенде екінші
қозу орталығы күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің
индукциясы
деп атайды.
Бірнеше жүйке орталығындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің
жинақталуы
дейді. Жинақталу таралуға қарама-қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.
Жүйке орталықтарының негізгі қасиеттерінің бірі –
доминанта
. Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский
ұсынған. Оның қозу мен тежелудің доминантасы (лат. доминанта - басым) туралы ілімі бойынша жүйке жүйесінің
қызметінде бір жүйке орталығының қозуы басқаларынан басымырақ болады да, басқа орталықтардың қызметін
өзіне бағындырады. Мысалы, “2” алып жылап отырған баланы жұбатса, оның жылауы үдей түседі. Балаларда
басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан баланың зейіні тұрақсыз болады. Егер бала жұмыстың
бір түрімен ұзақ шұғылданса, оның басым орталығы шаршап белсенді зейіні төмендейді. Сондықтан мұғалімдер
балалардың сабаққа зейініне көңіл бөліп, еңбектің түрін ауыстырып отыру керек.
Жүйкелік орталық байланыстың молдылығынан бір жүйке жасушасына жүйке жүйесінің бірнеше жерінен
нерв импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын конвергенция деп
атайды. Мысалы, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар бір нейронда түйісуі мүмкін.
Жүйке жүйесінің үйлестіру қабілеті 18-20 жаста толық қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: