Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары


Парасимпатикалық бөлімнің



Pdf көрінісі
бет14/60
Дата10.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#135895
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Байланысты:
Лекциялык сабактар ЖЕФ

Парасимпатикалық бөлімнің
орталығы сопақша мида, ми көпірінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде 
орналасқан. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бөлімнің жүйке талшықтары көзді қозғаушы, бет, тіл-жұтқыншақ 
және кезеген жүйкелердің құрамынан шығып өздері таралатын мүшелердің маңында немесе тікелей мүшелердің 
ішінде ганглиялар түзеді. 
Вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімінің мүшелерге әсер етуі көбіне бір-біріне қарама-қарсы өзгерістер 
арқылы байқалады. 
 
Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің ішкі мүшелерге әсері 
 
№ 
Мүшелер 
Симпатикалық бөлімнің әсері 
Парасимпатикалық бөлімнің әсері 

Көз қарашығы 
Ұлғаяды 
Кішірейеді 

Артерия қантамырлары 
Тарылады 
Әсер етпейді 

Жүрек 
Соғуы жиілейді 
Соғуы баяулайды 

Бронхылар 
Кеңейеді 
Тарылады 

Ішек 
Жиырылуы баяулайды 
Жиырылуы жиілейді 

Сілекей бездері 
Сөл бөліну азаяды 
Сөл бөліну көбейеді 

Тер бездері 
Тер бөліну күшейеді 
Әсер етпейді 

Бауыр 
Өт бөліну азаяды 
Өт бөліну көбейеді 

Қандағы қант мөлшері 
Көбейеді 
Азаяды 
 
Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу
. Қозу мен тежелу екуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. 
Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жатқан зат алмасуының өзгеруіне байланысты. 
1862 жылы И.М.Сеченов орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді зерттей келе, оның 2 түрлі болатынын тапқан: 
пресинапстық және постсинапстық тежелу. 
Пресинапстық тежелу кезінде қозу импульстерін өткізетін аксонның тармағына басқа нейронның 
аксонының арнайы тежегіш синапстық ұшы келеді де нерв импульстерін жібермейтін медиатор бөледі. 
Постсинапстық тежелу орталық жүйке жүйесінде арнайы тежегіш нейрондардың болуына байланысты.
Тежегіш нейрондардың синапстық ұшындағы тежеуші медиатордың әсеріне байланысты постсинапстық 
мембранада әрекет потенциалының пайда болуына кедергі жасалады да, тежелу туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет