Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі.
Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар,
оның терісінде
түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып кеңейеді. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы
болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады.
Жаңа туған сәбидің дыбыс
нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарының
нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс жүйкесі жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің
дыбыс жүйкесімен бірдей болады.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы
жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті
болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады.
Дегенмен ми қыртысындағы
дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: