Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасу Ағзадағы зат алмасу қуат алмасумен тығыз байланысты. Ұлпадағы белок, май, көмірсу оттегінің
қатысуымен тотығып ыдырайды және осы заттар денеге бейімделіп қайта өндіріледі. Қоректік заттардың тотығуы
нәтижесінде қуат бөлініп шығады. Белгілі бір қоректік заттың 1 г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол
заттың калориялық коэфициенті деп атайды. Бұл мөлшер калориямен (кал), киликалориямен (ккал) немесе
джоульмен (Дж), килоджоульмен (кДж) өлшенеді. 1кдж = 4,187 ккал. 1 г белок = 4,1 ккал (17,17 кДж), 1 г май =
9,3 ккал (38,39 кДж), 1 г көмірсу = 4,1 ккал (17,17 кДж).
Денеге сіңген жылулық эквиваленті әр түрлі болады. 1 л оттегі сіңген кезде шығатын жылуды
оттегінің калориялық эквиваленті деп атайды.
Қуат шығыны екі түрлі әдіспен анықталады: 1) денеден шыққан жылу қуатын тікелей калориметр деген
аспаппен арнайы камерадағы температураның өзгеруі арқылы өлшеу – тікелей калориметр әдісі; 2) газ алмасуын
(денеге сіңген оттегі немесе денеден шыққан көмірқышқыл газының мөлшерін) өлшеу арқылы – жанама
калориметрия әдісі.
Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, тамағына және іс-қимылына
байланысты. Жеңіл дене еңбегінде 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс кезінде бұл мөлшер 2-3 есе
артады. Ми еңбегінде дене еңбегіне қарағанда қуат аз жұмсалады.
Адам тыныштық күйде болғанның өзінде белгілі мөлшерде қуат жұмсайды. Бұл жағдайда адам
организміндегі ең төмен деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жұмсалуын негізгі зат алмасу дейді.
Негізгі зат алмасу деңгейін сыртқы ортаның температурасы 18-20º С, адам тыныш жатқанда,
тамақтанғаннан кейін 12 сағаттан соң, аш қарында анықтайды. Әр адамның негізгі зат алмасуы салмағына,
бойына, жасына, жынысына, денсаулығына байланысты әртүрлі болады.
Балалардың негізгі зат алмасуының мөлшері жыл маусымына да байланысты. Көктем мен жазда негізгі зат
алмасу жоғары болады.
Витаминдер
Витаминдер (лат. вита - өмір + аминдер – құрамында азоты бар химиялық заттар) ағзамызға аз мөлшерде
қажет, бірақ олар тіршілікке өте қажетті.
Егер ұзақ жеген тамақтың құрамында витаминдер болмаса –