Ең жалпы түрде меңгеру алынған білімдерді қабылдау, мағыналық өңдеу, сақтау және оларды практикалық және теоретикалық міндеттерді орындаудың жаңа жағдайларында пайдалану, яғни осы білімдерді, олардың негізінде жаңа міндеттерді орындай алу іскерлігі формасында пайдалану ретінде анықталады. С.Л. Рубинштейн анықтамасы бойынша, «білімдерді берік меңгеру процесі – оқыту процесінің орталық бөлігі. Бұл психологиялық өте күрделі процесс. Оның еске және есте сақтау беріктігіне ешқандай қатысы жоқ. Оған материалды қабылдау, оның мәнділігі, оны есте сақтау және игеру қосылады, яғни мұнда оны кез-келген жағдайда еркін пайдалануға, түрліше қолдануға мүмкіндік беретін игеру болып табылады» .

Меңгерудің осы анықтамасына Дж. Брунердің түсіндірмесі жақынырақ. Ол игеруді бір үш мезгілде жүретін процестер ретінде қарастырады: жаңа ақпаратты алу; қайта құрастыру; ақпаратты міндетті орындауға бейімдеу және тексеру, бақылау. Дж. Брунер елеулі мөлшерде меңгеру мен оқу іс-әрекетін теңестірсе де, осы процестің күрделігі мен фазалығын атап көрсеткені айқын.
Барлық зерттеушілер меңгерудің компоненттілігін атап көрсетеді, бірақ компоненттердің өзі түрліше аталынады. Оқу (меңгеру) теориясының негізгі массивінжүйелік талдау негізінде И.И. Ильясов шын мәнінде келесілер ғана бөлінеді деген қортындыға келеді: «1) обьект және онымен әрекет жайлы меңгерілген білімдерді алу және де 2) білімдер мен әрекеттерді игеру, өңдеу» . Төменде И.И. Ильясов мұндай қорытындының шынайылығына куә болатын аргументтер келтірген. Мысалға, И.И. Ильясовтың пікірінше, әр түрлі тұжырымдамаларда екі компоненттің ішінен біріншісі мен екіншісі ретінде келесі макрокомпоненттер бола алады: түсіну мен жаттап алу (Коменский); тереңдету (айқындық, ассоциациялар, жүйе) мен әдіс (Гербарт); білімді табу мен бекіту (Дистервег); қабылдау, қайта өңдеу және әрекетте көріну (Лай); алу мен бекіту (Ушинский); алу, қайта өңдеу және қолдану (Каптерев); қабылдау, алаңдау, және іс-әрекетте тексеру (Лесгафт); байланыс орнату және байланысты нығайту (Торндайк); табыс және ес (Коффка); селективті қабылдау мен кодтау, сақтау, орындау (Гэгни); бағдарлану мен машықтандыру (Лингарт); зейін, түсіну және ес, моторика (Бандура және т.б.); бағалау, әрекет тәсілін таңдау және жүзеге асыру (Пэрис пен Кросс); қабылдау, түсіну және орындау, тексеру (Леонтьев); анықтау, бағдарлану және жаттығу (Гальперин); қабылдау, мағыналау және әрекетте бекіту (Рубинштейн); түсіндірмені ұғыну және әрекетте бекіту (Кабанова-Меллер); қабылдау, іздеу және жаттау (Ительсон); құралдарды саналы түсіну және жаттығу (Щедровицкий); іс-әрекетті когнитивті меңгеру және практикалық әрекет (Шадриков) .