Дәріс № 12. Білім берудегі АКТ құралдарының сапасын бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер
Жоспары: 1. АКТ құралдарының сапасына қойылатын эрганомикалық және психологиялық талаптар.
2. Компьютерлік оқытудың әдістері мен жолдарының, мазмұнының құрылымдары сапасын бағалау.
Лекцияның мақсаты: білім беру процесінде қолданылатын АҚТ инструментарияларының сапалық мүмкіншіліктерін бағалау әдістерін оқушыларға үйрету, білім беру әдістерін бағалаудың педагогик негіздерін үйрету.
АҚТ-ның жәрдемінде білім беру процесін жақсылау сол АҚТ құралдарына қойылатын эрганомикалық және психологиялық талаптардың деңгейіне байланысты. АҚТ жәрдемінде оқушы білім алу процесін сол АҚТ-ның инструменттерін білу деңгейіне байланысты. Егер оқушы АҚТ инструменттерімен жұмыс істеуді жақсы білсе ол кезде ол оқушының психологиялық қарауы жақсы болады. Керісінше жақсы білмесе ол дағдайда АҰТ-ның жәрдемінде білім алу процесінде оқушының психологиясына кері әсер етеді.Сол себептен біз ең бірінші біз АҚТ құралдарын пайдалануды үйретуіміз керек. Егер де біз АҚТ құралдарын пайдалануды оқушыға жақсы үйретпесек ол кезде оқушы білім алу процесінде өзінің кемшілігін байқап білім алу процесінің тиімділігін төмендетеді. Бұл жағдай психалогиялық тосқауыл болып саналады.
Эрганомика –АҚТ-ның құралдарын техникалық талаптармен орындаумен тікелей байланысты. Әрбір монитордың электрондық нұрларды шығару мүмкіндігі бар. Мұндай электрондық нұрлар адам денсаулығына кері әсер етеді.
Көз нұрына
Ми клеткаларына әсер етеді.
Адамның қан тамырларынан ағатын қанда қызыл клеткалар болады. Сол клеткаларды электронды нұрлар бөлшектейді. Мұның нәтижесінде адамда ликомия деген ауру пайда болады. Сол электрондық нұрлар адам денесіне кері әсер етпейтін дозасы болады. Егер сол дозадан артық кетсе ақ қан түйіршіктері көбейіп кетеді. АҚТ-ның эрганомик талаптары дәл электрон нұрларының шығуы дозасына байланысты. Егерде 50 квадрат метр көлемдегі бөлмеге 10-12 компьютер қойылса одан шығатын электрондық нұрлардың адамға кері әсері болмайды.
Осы айтылған психалогиялық, эрганомикалық шарттар орындалмаса ол жағдайда АҚТ құралдары да білім беру процесін қолдау мүмкін емес. Бұл талаптарды бұзсақ оқушы және оқытушы денсаулығына және психалогиясына кері әсер етуін біз жақсы білуіміз керек. Егер де АҚТ-ның құрамында компьютерден басқа құралдар болса ол кезде сол құралдарға қойылатын эрганомикалық талаптар сол құралдың паспортында жазылған болады. Сол мәліметтерге қарай біз білім беру процесінде сол талаптарды орындату мүмкіншіліктерін туындатуымыз керек.
Білім беруде автоматтық техниканың дамуы нәтижесінде білім берудің әр түрлі әдістері туындады. Мұндай әдістердің біріншісі «сызықты әдіс». Сызықты әдістің негізі төмендегідей:
Оқытушы сұрақты, тапсырманы оқушыларға беруден алдын сол тапсырманы бірнеше бөлшектерге бқліп алады. Бірақта оқушыларға тапсырманы толық береді. Ал сол тапсырманың жауаптарын әр бір оқушыдан бөлшек-бөлшек түде алады.