Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Лекция барысында исламдық ағымдардың ерекшеліктерін, сипаттамаларын таныту



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі451,31 Kb.
#16078
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
Дәріс 12



Ф-ӘД-001/046 

 

 



Дәріс №12 

Исламдық ағымдардың діни-философиялық мәселелері 

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: 

Лекция 


барысында 

исламдық 

ағымдардың 

ерекшеліктерін, 

сипаттамаларын таныту.

 

Лекция мазмұны:

  

1.  Мутазилиттер  (әл-Хасан  әл-Басрий,  Амра  Бен  Убейда,  Уасил  ибн  Ата 



және т.б.) Басра мектебі (ан-Назам, әл-Жахиз) 

2.  Бағдат  мектебі  (Сумама  Бен  әл-Ашарас,  әл-Мурдар,  әл-Хайат). 

Ханбалиттік  ағым,  Ашаризм  (әл-Ашари,  әл-Баккилани,  аш-

Шахристани, әл-Байдауи және т.б.) 

 

Ислам  философиясының  негізгі  ерекшеліктеріне  келсек,  ең 



бастысы  мұсылман  философтары  ислам  дінінің  шеңберінде  ой 

толғаған,  Құран  аяттары  мен  грек  философиясы  арасындағы  ұқсас 

құбылыстарды  таңдап  бірлестіруге  тырысқан.  Ислам  философиясы 

аянды  негізгі  өлшем  ретінде  қабылдаған.  Сондықтан  ислам 

философиясы  материалистік  нем есе  механикалық  философия  емес. 

Мысалы,  Исламда  жаратылыс  түсінігі  бар.  Бұл  діни  түсінік. 

Барлық  философияда  Алла  ұғымы  бар.  Грек  философиясындағы 

Құдай  түсінігі  мен  ислам  философиясындағы  Алла  мәні  мен 

мазмүны  жағынан  тең  емес.  Мысалы,  Аристотель  бойынша,   Алла 

әлемнің  ішіндегі,  имманентті  материалдық  қуат.  Оның  міндеті  - 

материяға  алғашқы  қозғалысты  беру.  Ал  әл -Фарабиде,  Алла 

материядан  тыс,  трансцендентальды  болмыс.  Алла  материяға 

форма 

берумен 


шектелмейді, 

ол 


әрдайым 

жаратуда 

әрі 

жаратқандарымен  тығыз  байланысты.  Бұл  Фарабидің  ислам  діні 



өкілі екендігінен туындаған қалып.  

•  Ислам  философиясы  дін  (ислам),  құқық  (ф"икһ)  және  теориялық 

ғылымдармен  тығыз  байланыста  қалыптасып,  дамыды.  Олардың 

құрамына  жаратылыстану,  медицина,  математика,  филология 

(грамматикадан бастап риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл 

туралы  білімдер  жинағы),  практикалық  ғылымдар  (этика,  саясат) 

енеді.  Ислам  философиясының  айрыкша  ерекшелігі  -  оның 

пікірталастық  сипаты.  Әуел  бастан  сұхбаттық  философияның 




Ф-ӘД-001/046 

 

 



дискурсқа  баруына,  оның  жалпыға  бірдей  міндетті  қағидадан 

азаттығы 

түрткі 

болды. 


Идеология 

және 


таза 

ұйымдық 


шектеулердің  жоқтығы  көптеген  бағыттардың  пайда  болуына 

мүмкіндік  туғызды  және  діни  философия  ой -пікірдің  еркін 

дамуына  жол  ашты.  Христиандық  діни  ой -пікірден  айырма-

шылығы,  бұл  бағыттарды  сектанттық-еретиктік  деп  атауға 

болмайды.  Ислам  мемлекеттері  мен  олардың  идеологиясың  дамуы 

ислам қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. 

Бұл  жағдай  ислам  философиясының  дамуына  жаңа  дем  берді. 

Мәселен  сенім  мәселесін  шешудегі  пікір  ерекшеліктерімен  -  ислам 

философиясының  харижиттер,  муржиттер,  мутазилиттер  және  т.б. 

ағымдар;  Алланың  мәні  мен  сипаттары  мәселесін  шешудегі 

танымдық  әдістерімен  -  сопылар  және  т.б.;  қоғамды  құқықтық 

реттеу  мәселелеріндегі  мәдени,  дүниетанымдык  ерекшел іктері 

арқылы  ханафиттер,  ханбалиттер,  шафииттер,  маликиттер  көзге 

түседі.  Осындай  ерекшеліктердің  салдары  VIII  ғасырдың  өзінде-ақ 

кем  дегенде  бес  ағымның  пайда  болуына  әкеп  соқтырды 

(сунниттер, шииттер, хариджийалар, мутазилалар, муржиалар).  

Ислам дінінің  негізі  жеті  негізгі  сенім-нанымнан  немесе құрамдас 

бөлшектен тұрады: 

                

 

Құдайды    мұсылмандық  танып-білуде  үш  негізгі:  Оның  Жалғыздығы, 



Оның  Құдіреттілігі,   Оның  Асқан Маңызы  -  «Алла  тағаладан басқа Құдай 

жоқ»  деғен  түсінік  бар.  «Мұсылмандардың  ұғымы  бойынша,  егер  Құдай 

басты  себеп,  Жаратушы  және  Ғаламның  Құдіретті  Күші  болып  табылса, 

онда  анықтама бойынша  Ол тек  Жалғыз болуға тиіс, өйткені екі «Жоғары 

мәртебелі» немесе екі «басты себептің» болуы мүмкін емес. 



Ф-ӘД-001/046 

 

 



Дүниеде Құдайға ұксас ештеңе жоқ, сондықтан Оған ештеңе де теңестіріле 

алмайды.  Ештеңе  де  Оның  биліғін  бөлісе  алмайды  және  Оның,  әрине, 

«серіктері» немесе қандай да бір «туысқандары» жоқ». 

Құдайдың Даралығы немесе Жалғыздығы таухид  деп аталады. 

Таухид  (арабша  -  бірлесу,  бірқұдайлық,  монотеизм)  исламның  басты 

формуласы  -  «Құдайдан  басқа  тәңір  жоқ»,  сонымен  қатар  исламның  басты 

ұстанымдарының  бірі  -  кадаре  (арабша  -  кұдіреттілік,  жазмыш,  тағдыр),  яғни 

Алла  тағаланың  әлемде  болып  жатқан  барлық  оқиғалар  мен  адамдардың  іс-

әрекеттерін алдын ала айқындап қоюы. 

Исламда  Мұхаммед  Пайғамбардың  (с.ғ.с.)  екі  лауазымы  бар:  нәби-

пайғамбар  және  расул  -  Алла  тағаланың  елшісі.  «Нәби»  термині  Мұхаммедтің 

Алла тағаламен тікелей байланысының сипатын  білдіреді және Оның атынан 

сөйлеу құқын  айқындайды. Расул - бұл Мұхаммедтің  сенім-нанымды уағыздау 

және  адамдарды  соған  бұру  бойынша  қасиетті,  пайғамбарлық  миссиясын 

{рисала) орындауы. 

Мұхаммедтің  Алла  тағаланың  елшісі (расул) болып танылуы -исламның 

бұл  да:  «Алладан    басқа    Құдай  жоқ,  ал  Мұхаммед  -  Оның  елшісі»  деген  

қанатты сөзбен берілген басты догматтарының бірі. 

Періштелер  (арабша  -  малаика)  -  Алла  тағаланың  елшілері  және 

қызметшілері.  Олар    нұрдан    жаратылған,  олардың    екі    қанаты  болғанмен, 

бірақ  жынысы  жоқ,  Алла  тағаланың  Тағын  күзетіп,  аспанда  өмір  сүреді. 

Періштелер  адамдардың  іс-әрекеттерін  бақылап, олардың жақсылы-жаманды 

істерін  жазып  отырады.  Олар  өлгендерді  сынаққа  алып,  тірілтеді,  оларды 

Қиямет күніне жинап апарады. Періштелер тозақ пен жұмақты күзетіп, ізгілікті 

аруақтарды  желеп-жебеп    жүреді,  Алла  тағаланың  сөзін  пайғамбарларға 

жеткізіп отырады. 

Кейінгі  исламда  әртүрлі  аспан  шегінде  өмір  сүретін  періштелер 

орналастырылған  және  мәртебелері  көрсетілген  тұтас  бір  иерархиялық 

сызбанұсқа құрылған-ды. 

        Әрбір адамның өмір бойы ілесіп жүретін екі періштесі бар. Алла тағаланың 

қас жауы Ібіліс (шайтан, пері) болып табылады. Алла Адамды жаратқан кезде, 

барлық  тіршілік  иелеріне  адамның  алдына  жығылуға  бұйырады.  Ібілістен 

басқаларының  барлығы  бұйрықты  орындайды.  Сол  кезде  Алла  оның  басын 

жерге  иіп,  ең  ауыр  тозақ  азаптарына  душар  етеді.  Қиямет  күніне  дейін  ол  - 




Ф-ӘД-001/046 

 

 



Алла  тағаланың да,  адамдардың да қас жауы.  Ібілістің қара ниет әрекеттерін 

іске  асыруына  оның  перілерден  (жындар)  тұратын  әскері  көмектеседі.  Бұл 

құбыжық    тіршілік    иелері    оттан    және  түтіннен    жаратылған.  Олар  әр  түрге:  

әйел    немесе    еркек    бейнесіне  ене  береді.  Адам  үшін  ең  бір  зұлым  болып 

саналатындары - шайтандар. 

Мұсылмандар ақиретке  -  өлімнен  кейінгі  өмірге,  о дүниелік  өмірдің  бар 

екеніне  және  онда  жұмақ  пен  тозақтың  болатынына  иланады.  Олар  қаһарлы 

соттың (қиямет күнінің)  болмай  қоймайтынына және көп кешікпей  өлілердің 

тірілетініне сенімді. 

Исламның  негізгі  қасаң  қағидаттарының  жинағы,  оның  сенім  нышаны 

ақаид (ақида - арабша, сенім, қағида деген сөздің көпше түрі) деп аталады. 

Әрбір  15  жасқа  (яғни кәмелетке)  жеткен  сенуші  сүннит  орындауға  тиіс 

міндеттер Бес парыздан тұрады: 

         

 

 

Мұсылмандар мейрамдары үш негізгі санатқа бөлінеді: 



1.  Қағидалық мерекелер: 

а) құрбандық шалу мерекелері;  ә) айт мейрамдары. 

2.  Есте сақталатын түндер мен күндер: 

а)  Пайғамбардың 

туған 

күні; 


ә) Құран түсірілғен түн; 

б)  Мұхаммедтің    тамаша  түнгі    саяхаты    (Оның    миғражға 

көтерілуі); 

в)  Жаратылыс түні. Шаабан айы. 




Ф-ӘД-001/046 

 

 



3.  Отбасылық мейрамдар мен салт-дәстүрлер. 

Исламның  дүниежүзілік  дін  болып  қалыптасқан  кезеңінде  оның  негізгі 

бағыттары    болған    сүнниттер,    шейіттер    және    хариджиттер    ғана  емес. 

Әртүрлі    мектептер    мен    ағымдар    әлдеқайда    көп    болды.    Олардың 

арасындағы  идеологиялық  жікке  бөлінушілік  басты  бес  мәселе  бойынша 

өрбіді. 


Демек,  ағымдар  төмендегі  мәселелерге  әртүрлі  көзқарастары  негізінде 

қалыптасқан: 

- жоғарғы билік (әл-имам, әл-хилаф) мәселесі: сүнниттер, шейіттер және 

хариджиттер; 

- сенім  (әл-иман)  мәселесі:  хариджитғер,  мүрджиттер,  сүннит-тер, 

му'тазилитғер, кейіннен сүнниттерден ханбалиттер бөлініп шықты; 

- жазмыш  және  ерік  бостандығы  (әл-кадар)  мәселесі:  жабарит-тер, 

кадариттер, мүрджиттер, му'тазилиттер, жахмиттер және аш'ариттер; 

- Алла  тағаланың  мәні  (аз-зат)  және  ерекше  белғілері  (ас-сифат) 

мәселесі:  му'аттилиттер  -  му'тазилиттер,  мүшаббихиттер,  захириттер  және 

каррамиттер,  джахмиттер,  сифатиттер,  аш'ариттер,  бұл  жерде  шартты  түрде 

сопылар да бөлініп отыр; 

- құдық  (әл-фикх)  мәселесі:  ханафиттер,  ханбалиттер,  шафи'ит-тер, 

маликиттер, ал кейінірек зайдиттер, исма'илиттер және джа'фа-риттер. 

Бірақ  жаңа  ағымдар  мен  мектептер  жоғарыда  келтірілғен  бағыттардан 

іргелерін  аулақ  салу арқылы немесе басқа да жолдармен (мысалы, олардың 

кейбіреулері    қайсыбір    идеологиялық    ұстанымдар  мен  салт-рәсімдерді  

басқа  діндерден, философиялық мектептерден және саяси бағыттардан алыс-

беріс жасап, пайдалана береді) пайда болған және әлі де солай пайда болуды 

жалғастырып келе жатыр. 

Бүгінгі танда ғалымдардың исламдағы мұндай бағыттардың саны қанша 

екендігі  жөнінде  бірыңғай  пікірлері  болмай  тұр.  Бір  зерттеушілер  жолын 

қуушылардың  саны  көп  бағыттарды  ғана  қарастырады.  Олардың  есептері 

бойынша,  исламда  мүлдай  құрылымдардың  саны  40-қа  жетіп  жығылады,  ал 

басқалары ұсақ топтарды да қосып, олардың санын 100-ғе жеткізеді. 

XIX  ғасырдың  аяғында,  әсіресе  XX  ғасырда  жікке  бөлінушіліктің  кесірі 

бір-бірлерін  мұсылман  еместер  деп  айыптауға  әкеліп  соқтыр-ғанын  айтпай 

кетуғе  болмайды.  Іс  жүзінде  барлық  бағыттар  өздерінен  басқа  бағыттарды 

түгелдей  (немесе  кейбіреулерін)  мұсылман  емес  «кәпірлер»  деп  айыптаған 

ресми  жарлықтар  (фетуа)  шығарды,  ал  оған  дәлел  ретінде  «Фатава-и-куфр» 




Ф-ӘД-001/046 

 

 



деп аталатын (Мұхаммедтің мұддай әрекетті айыптағанын айта кеткенді жөн 

санаймыз.  Ол:  «Мұсылманға  мұсылман  емес  деп  ат  таққан  адамның  өзі 

мұсылман  емес»,  -  деген)  қүлсаттай  дереккөзді  айтуға  болады.  Ал 

пайғамбардың  48-хадисінде  турасынан:  «Мұсылман  -  ол  ешқашанда  басқа 

мусылманға  тілімен  де,  қолымен  де  зиян  келтірмейтін  адам;  ал  мұхаджир 

деғен  -  Алла  тағала  рұқсат  етпеген  (тыйым  салған)  нәрселерден  өзін  аулақ 

ұстаған адам», — деп жазылған. 

Алғашқы  исламдағы  философия  дәстүрлі  шиа  мен  мутазила 

каламының  үлгісінде  және  грек-эллиндік  философияның  синтезі 

аркылы  басталды.  Олардың  өкілдері  -Жабир  ибн  Хайан  (776  ө.), 

Кинди  (886  ө.),  ас-Сарахси  (899  ө.)  және  Ибн  Рауанди  (910  ө.). 

Осылайша,  ислам  философиясы  тарихында  VIII-IX  ғ.  ақиқатты 

арнайы  әдістер  мен  дүниетаным  арқылы  іздеушілер  тобы  пайда 

болды.  Осы  дәуір  философтары  туралы  имам  Ғазали  былай  дейді: 

"Алла  тағаланың  парасаты  мен  қуаты  мені  күмәнданудан 

арылтқасын,  ақиқатты  ідеушілердің  төрт  сыныпқа  бөлінгендігін 

байқадым:  1.  Калам  ғүламалары  -  бұлар  ақыл-ой  мен  дәлел 

әдістерін  қолданғандар;  2.  Батынилер  –  ақиқатты  "Саф  сияқты 

киелі  имамнан"  үйренгендер;  3.  Философтар  –  логика  мен  құжат 

иелері;  4.  Суфилер  -  бұлар  да  Алланы  ішкі  көз,  сыр,  даналық 

арқылы 

танитындар. 

(Gazali, 

e l-M unkiz 

mined -Delal; 

A. S. Furattercimes i,  Istanbul, 1972. s. 31).   

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет