Ф-ӘД-001/046
сипатқа тән бола алмайды. Келесі жағынан суфизм практикалық сипатқа ие.
Яғни тек идеялар мен концепциялар жиындығы суфизм бола алмайды. Келесі
бір жағынан суфизм толықтай әрекеттер жиындығын құрайды. Аталған
практикалық әрекеттің кемелденген өрнегі – Мұхаммед пайғамбар.
Құранның да мән берген мәселе – иманмен қатар ниетті және алдына мақсат
қойған әрекет. Суфилер исламдық принциптерді негізге ала отырып,
практикалық салада құдайға алып баратын жолдың кезеңдерін өткеруге
талпынады. Суфизмнің негізгі құрылымына қарағанда өмір ішінде белсенді
және жарқын өмір ұсынылған. Басқаша айтар болсақ, суфи өз қалауымен
құдайға бет бұрған, өзін-өзі жетідіруге қабылетті адам типіне жатады. Демек,
суфи – түпкі шыққан ұясына оралған, жаттану сырқатынан айыққан,
жаратушысымен өзімен және басқа да жаратылыстармен тұтастанған адам.
Олардың пікірі бойынша жамандық пен зұлымдық деген нәрсе жоқ.
Жаратушы негізінен барлық нәрсені көркем және кемел етіп жаратқан.
Жамандықтар мен зұлымдықтар салыстырмалы түрде ғана және олар
адамның шығарған құбылысы. Бұл суфизм терминологиясында «сайру
сулук» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: